«АЛМА-ТВ» қарақшыларының қарабет бейнесі
«АЛМА-ТВ» қарақшыларының қарабет бейнесі

«АЛМА-ТВ» қарақшыларының қарабет бейнесі

Views: 16

Алма Телекоммуникейшнс Казахстан” Акционерлік қоғамы (“АЛМА-ТВсауда белгісі) көптеген жағдайларда заң бұзып, жеке тұлғаларды бопсалайды. Осы компания ескірген әлде жалған (контрафакт) құрал-жабдықтарды пайдаланады.

Устаревший или поддельный маршрутизатор, используемый "Алма-ТВ".

Мысалы, олардың интернет тарататын құрал-жабдығының бір данасында әйгілі американдық “CISCO” фирмасының белгісі мен 242015433 сериялық саны тұр.

Screenshot of a letter from CISCO.

Алайда, американдық фирманың ресми жауабына сәйкес, бұндай сериялық саны бар құрал-жабдықты АҚШ фирмасы шығарған жоқ. Әлде, ол соншама ескірген, тіпті “CISCO“-ның деректер базасында сақталмаған.

Сондай жалған (контрафакт) әлде ескірген құрал-жабдықтарды пайдаланып, “АЛМА-ТВ” бұрынғы тұтынушыларын кейде бопсалайды. Мәселен, Алматы қаласының түбіндегі Өтеген батыр елді мекенінде өмір сүретін МАҚАШЕВА Тоғжан Хамзақызы (оның күйеуі – Марат СЕРКЕНОВ) “АЛМА-ТВ“-нің сапасыздау қызметін біраз пайдаланып, олардан бас тартты. Екі-үш жылдан соң, “АЛМА-ТВ“-нің рэкетир тәріздес қолшоқпарлары қарапайым қазақи әйелді бопсалай бастады: “Құрал-жабдығымызды қайтар, әйтпесе сені сотқа береміз!

Нәтижесінде, бишара Тоғжанды парақор қазы-билердің көмегімен бейне-бір қылмыскерге теңестеріп, оның банк есеп-шоты, карточкалары бұғатталған еді. Қарызға алған шамамен 50 долларды төлеп, тұрақты жұмысы жоқ Тоғжан әрең дегенде “АЛМА-ТВ“-нің қарақшыларынан аман-сау құтылды. “АЛМА-ТВ” аферист-алаяқтарының әдісі қандай? Ең алдымен, жалған (контрафакт) немесе ескірген құрал-жабдықтарға шамадан тыс бағаны қойып, оны өз тұтынушыларына тықпалайды. Келісім-шартының мерзімі аяқталған соң, кейбір жағдайларда “АЛМА-ТВ” өз құрал-жабдығының бірден кері қайтаруын талап етпейді. Екі-үш жыл өткен соң, тұтынушы осы құрал-жабдықты жоғалтуы немесе сындыруы мүмкін. “АЛМА-ТВ“-ге керегі осы! Құрал-жабдықтың жоғалуы немесе істен шығуын сылтау етіп, жемқор қазы-билердің қолдауымен бишара тұтынушы “АЛМА-ТВ“-нің қарақшыларына қомақты ақшаны төлеуге мәжбүр болмақ.

Кезінде, “АЛМА-ТВ“-ні алаяқ, аферист НҰҒМАНОВ Серік Пикұлы басқарды. Әлгі қылмыскер “АЛМА-ТВ“-ден баяғыда кетсе де, оның ізбасарлары рэкетир әрекеттерін жалғаса береді. Мысалы, олардың қарақшыларының бірі +7 (700) 958 0512 телефонынан қоңырау шалып, қарапайым адамдарды сотпен қорқытып, бопсалайды. Бұндай келеңсіз жәйттерге құқық қорғау орындарымыз тосқауыл қоюға тиіс. Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласы және ақпарат кеңістігін бақылайтын мемлекеттік мекемелеріміз осы күмәнді фирманы қатаң тексерістен өткізуі қажет. Керек десеңіздер, әлгі фирманың лицензиясын тартып алып, оның жетекшілерін қамап тастағаны жөн. Әйтпесе, еліміздің телекоммуникация нарығында тайраңдап жүретін бірдемелер одан әрі республикамыздың технологиялық дамуына нұқсан келтірмек.

Likes(0)Dislikes(0)
16 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply