Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін сонау 2006 жылының басында қатыгез биліктің жендеттері өлтірсе де, осы қасіретті оқиға үшін күні бүгінгі дейін Алаш баласының жүрегі сыздап тұр. 2017 жылы, мен бұл қылмыстың тапсырыс берушілері және ұйымдастырушылары туралы талдау жасадым. Тіпті, ысылған тыңшы Әлнұр Мұсаевтың өзі менің жазбамды жеке “Фейсбук” парақшасына көшіріп алды. Бірақ, нақтылап айтқанда, Алтекеңнің өмірін кім кесті?
Ресми деректер бойынша, ұйғыр полицайы Рустам Ибрагимов танымал саясаткерді атып тастады. Әрине, қамауда отырған Ибрагимов мырза бұндай айыптауды жоққа шығаруда. Бірақ, қапастағы кісінің куәлігіне сенбесеңіздер, бейтарап адамның сөзіне құлақ түріңіздер. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерінің айтуынша, Алтынбек Сәрсенбайұлын қостанайлық бокс бапкері Сапабек “Бек” Мұқышев өлтірді. Бір қызығы, сонау 2012 жылы шыққан мақала да әлгі спортшыны осы қастандыққа қатысқан сезікті кейіпкерлердің қатарына жатқызады. Алайда, менімен сырласқан ардагерінің пікірі өзгеше: арнайы қызметтің бұрынғы офицері Сапабек Мұқышевты саясаткердің өліміне тікелей кінәсі бар жендет деп айыптайды. Демек, ардагердің сөзіне қарағанда, қостанайлық боксшы Алтекең мен оның көмекшілерін құртып жіберген қылмыстық топтың жәй сыбайлас мүшесі емес. Сайып келгенде, әлгі танысымның тұжырымына сенсек, онда тағы біраз қызық талдауды жасауға болмақ.
Естеріңізде болса, ресми деректерге сүйенсек, атақты банкир Ержан Тәтішевті семейлік боксшы Мұратхан Тоқмади 2004 жылы өлтірген-міс. Алайда, бай кәсіпкер Тоқмади жалдамалы жендеттің кейіпіне ұқсаңқырамайды. Оған қоса, оның біршама тектілігі, сыпайылығы баршылық. Есесіне, жүгенсіз Сапабек Мырзағалиұлы Қазақстан түгіл сонау Чехиядағы қапаста отырғанда жергілікті қарақшыларды қыспаққа алды! Ал, еліміздегі оның “ерліктері” тіпті шектен тыс шықты. 1996 жылы, ол қостанайлық боксшы Виталий Севостьяновты “Макаров” тапаншасынан атып тастады. Жұрттың көпшілігі 2003 жылы қаза тапқан қостанайлық жұдырықтасу жұлдызы Александр Мирошниченконың өлімін де Мұқышев мырзамен байланыстырады. Не де болса, аса ауыр қастандықты орындау үшін көрінген содыр емес, жырынды жендеттер шақырылады.
Айтпақшы, қарағандылық боксшы Серік Қалиев те өршеленген тәртіпсіздікпен қостанайлық жендеттен айнымайды. Екеуі де 1960-шы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілдері. Қандықол Секең орыс-кәріс бокс жұлдызы Геннадий Головкиннің демеуші-бапкері болса, зымиян Сакең украиналық жұдырықтасу майталманы Иван Дычконы өзінше әлпештеп баптады. Сонымен, орысшыл криминал әлемінің қаракөз қайраткерлерінің сиқы мынадай…


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.