Американдық мамандармен кездесулер
Американдық мамандармен кездесулер

Американдық мамандармен кездесулер

Views: 0

Әрине, АҚШ-тың сыртқы саясаты көптеген мемлекеттердің жүйкесін тоздыруда. Янки отаршыл әрекеттері Ирак пен Ауғанстан секілді елдеріне орасан зор зиянын келтірді. Бірақ, Ресей және Қытаймен салыстырғанда Америкамен достасу біздерге неғұрлым тиімді боп көрінеді. Өйткені, американдықтар біздердің жерге ресейліктердей бас сұқпайды, улы «Протондар»-ды үстімізден ұшыратпайды, қытайлықтардай миллиондаған гастарбайтерлермен елімізді қаптатуға ұмтылмайды. Сондықтан, АҚШ-тың азаматтарымен өзара тиімді ынтымақтастықты орнату — біздер үшін артық болмас.

Данияр Наурыз бен Калифорния прокурорының орынбасары Джессика Амгверд (Jessica Amgwerd), Милан, 2010.
Данияр Наурыз бен Калифорния прокурорының орынбасары Джессика Амгверд (Jessica Amgwerd), Милан, 2010.

Өз басым, бірсыпыра американдықтармен танысуға үлгердім. Мысалы, АҚШ-тың құқық қорғау орындары өкілдерінің бірі, Джессика Амгверд ханыммен сөйлескен болатынбыз. Оның айтуынша, янки әкімдерінің ірілері ғана оққағарлармен жүреді. Мәселен, Нью-Йорк пен Техас секілді аймақтардың басшылары күзетшілермен қоршаланған. Ал, ұсақ аймақтардың әкімдері оққағарсыз жүруде.

Жарылғыш заттар маманы Уильям Итон (William Eaton) мен Данияр Наурыз, Астана, 2013.
Жарылғыш заттар маманы Уильям Итон (William Eaton) мен Данияр Наурыз, Астана, 2013.

Жарылғыш заттар жөніндегі сарапшы, Уильям Итонмен де сұхбаттастық. Оның пікірінше, қазіргі таңда атом бомбасын шығаруы техникалық тұрғыдан қарағанда қиын мәселе емес. Тек қана, қажетті радиоактивтік материалдарды табуы оңай емес, өйткені олардың айналымына неше түрлі халықаралық тыйымдар орнатылған.

Likes(0)Dislikes(0)
22 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply