Арамыздағы қылмыскер боксшылар
Арамыздағы қылмыскер боксшылар

Арамыздағы қылмыскер боксшылар

Views: 12

Ескі Қазақстанның жаман әдеті Жаңа Қазақстаннан да кетпейді. Жемқор билік пен ұры кәсіпкерлер терең ойланатын зерттеуші, жазушы мен суреткерлерді емес, көбінесе жеңілтек эстрадалық әнші мен топастау қара күш иелерін мейлінше қолдауда. Сол себептен, дөкей мырзалар әншісымақ пен спортшыларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әлпештеп тұр. Тіпті, эстрадалық пен атлетика кейіпкерлері барып тұрған бұзақылар болса да, олардың тиісті жазасын алғанын сирек көріп тұрмыз. Салыстырмалы түрде, Батыс елдерінде бірнеше жағдайларда белгілі атлеттер қатардағы бұзақылардай қапаста отырды. Ішінара, бокс аңызы Майк Тайсонның өзі ару қызды зорлағаны үшін талай жылдар бойы қамалған болатын. Сонымен, дер кезінде тиісті түрде жазаланбаған қос боксшымыз жайында деректерді келтірейік.

Хамзат Гелисхановтың ұйымдасқан қылмысқа байланысын дәлелдейтін анықтама.

Беларусь азаматтығы бар, 91 келіге дейінгі бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен үнгіш боксшысы Хамзат Гелисханов әлі күнге дейін еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласын паналайды. Бір қызығы, спорт мансабы кезінде оның туған жылы 1983 деп көрсетілген болатын. Ал, шынтуайтқа келгенде, қапқаздық қылмыскер 1980 жылы дүниеге келді. Қай себептен бұндай өмірбаяндық деректер күрт өзгертілді? Өйткені, 2000 жылғы 11 көкекте Хамзатты ұйымдасқан қылмыспен күресетін тәртіп сақшыларымыз ұстап алды. Сондықтан, ол қылмыстық тіркеудің салдарынан ресми жарыстардан қалмау үшін туған жылын өзгерткізді. Осы үнгіш жігітінің мінез-пейілі де бұзық, өркөкірек, ұлтшыл екендігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Коррупцияға белшесінен батқан мемлекеттік қызметкерлеріміз бұндай келімсектермен талай рет жең ұшынан жалғасқандығы баршамызға жасырын емес.

Нұрлан Сейтімбетовтың ұйымдасқан қылмысқа байланысын дәлелдейтін анықтама.

Жамбыл аймағының аты-шулы Шудың тумасы Нұрлан Сейтімбетов деген былғары қолғап шебері 54 келі дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарақшылық кәсібінде де атой салған содыр бірдеме. Кінәсіз жандарды жәбірлеп, наша тартатын тараздық сотқар қылмыстық жазаға душар болды. Алайда, оның жазалануы ұзаққа созылмады. Бұндай жендеттерді бағалайтын қалталы отандастарымыз тез арада Нұрланды темір тордың ар жағынан құтқарып, оған бостандықты сыйлады. Одан кейін, ол тіпті World Series of Boxing сияқты аса тиімді халықаралық жарыстарға да қатысып үлгерген. Өз кезегінде, Ескі Қазақстанның сатқын спорт журналистері де оның қылмыскер екендігін қалың жұртшылық алдында аузын ашпай, жасырды. Енді, Жаңа Қазақстанның сәл адалдау жазғыштары өткен кезеңнің заңсыздықтарын біраз әшкерелеп отыр.

Likes(0)Dislikes(0)
13 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply