2020 жылдың 3 қаңтарында, Ақтөбе қаласының қазіргі әкімі Асхат Шахаровпен сөйлестім. Осы әңгіменің дыбыс жазбасы мен стенограммасы төмен келтірілген.
Асеке?
Алло.
Алло, Асеке, сәлеметсіз бе? Бұл Данияр, журналист.
А! Даке, қалайсыз? Аман-сау?
Жақсы. Қазір, Оралдамын. Сол, қашан уақытыңыз болады бір жүздесуге?
Давайте, ертең хабарласайық.
Ертең?
Мен, шамалы, аурыңқырап нетіп қалдымда.
Тепсе темір үзетін кейіпкердің көті ме, әлде өті ме ауырды? Әйтеуір, сол кездегі Батыс Қазақстан аймағының Бәйтерек ауданының сайланбаған әкімі қылымсыған бикештей кездесуден бас тартты. Ақмола қаласының сайланбаған әкімі Алтай Көлгіновтың жиені, ноғай дзюдошысы Шахаровтың сиқы мынадай. Бірде-бір сайлаушы дауыс бермеген аудандық әкім кезінде гүлденген ауданды тұқыртып жіберді. Ендігі кезек Ақтөбе қаласынікі ме? Туыстас жетекшілердің бірлескен іс-қимылы сыбайлас жемқорлық емей немене?! Сайланбаған әкімдердің тіршілігі — мәз-мәйрам. Батыс Қазақстан аймағының әкімі Ғали Есқалиев мерекелік шаралардың кезінде велосипед айдаса, Шахаров бастық кинотеатрларға баруды жақсы көреді.
Ноғай спортшысының жан досы бар емес пе? Татар дзюдошысы Асхат Житкеев те Ақмола қаласының төрінде жайғасып отырғандардың бірі. Масайрап тұрғанына себебі жоқ емес. Білесіздер ғой, еліміздегі құжат айналымы қатаң бақылауда. Пәлен құжаттағы бір әрпін өзгертіп көріңіздерші. Ал, татар палуанының тірегі мықты. Оның демеушілерінің арасында Иманғали Тасмағамбетов деген аса ірі алыпсатар да баршылық. Сондықтан, нүкте түгіл Асекең құжатындағы туған жылын өзгерткізді.
Житкеев мырза биылғы 13 сәуірде қырыққа толады. Бірақ, Асекеңнің жалған құжаты бойынша оның мерейтойы келесі жылы ғана орын алмақ. Өйткені, баяғыдан бері бұрынғы Кеңес Одағының спорт саласында жаман әдет қалыптасқан. Құжатындағы жасы бір-екі жылға азайтылған жігіт бұғанағы қатпаған балаға қарағанда әжептеуір артықшылыққа ие болмақ, әсіресе палуан Житкеев өнер көрсеткен ауыр салмақ дәрежесінде. Қазақстан үшін жұдырықтасқан татар боксшысы Рүстем Іргебаевтың де жасы оның құжатында азайтылған.
Жалпы алғанда, қазақстандық спортшылардың мәртебесі тым асқақтап кетті. Әкім, депутат пен іскерлеріміздің арасында спортшылардың саны аз емес. Расында, Кеңес Одағы тұсында да атлеттер зор құрметіне ие болған. Бірақ, оларды билік пен қаржы-қаражатқа көбінесе жолатпады. Өйткені, олар кәсіби заңгер, экономист емес. Сондықтан, спортшылар мемлекет пен шаруашылық басқаруының күрделі жүйесінен аулақ болды. Енді, капиталист заманынының көп жағдайында кәсіби жетекшінің қажеттілігі жоқ. Жарнама, даңғаза дәуірінде биліктің тұтқасы икемсіздеу, бірақ танымал әрі сыбайлас кейіпкерлерге беріле бастады.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.