Дәулет Тұрлықанов: “Мен қазір Еуропада жүрмін”
Дәулет Тұрлықанов: “Мен қазір Еуропада жүрмін”

Дәулет Тұрлықанов: “Мен қазір Еуропада жүрмін”

Views: 39

2018 жылдың 18 қазанында, атақты палуанымыз Дәулет Тұрлықановпен телефон арқылы сөйлестім. Әңгімеміздің аудио үзіндісі мен стенограммасы төмен келтірілген.

Дәке, сіздердің, сіздің есіңізде ме Махмұт Найман, Шәріп Найман? Мюнхенде отыз жыл бұрын сізді қабылдады. Есіңізде ме? Сіз Мюнхенде…

Иә, иә! Иә, оралмандарды мен… О кездегі біздің қандастарымыздан Еуропада, Түркияда мен көп кездестірген кезінде.

Мен неге айтып тұрмын? Мен Мюнхенде болғанда 2011 жылы олармен кездестім. Олар әлі күнге дейін сізге еске алады. Солай айтады: “Дәулет батыр бізде қонақ болды!” Солай… Сізге сәлем айтып тұр. 

Да, да, да! Солай… Мен оларды Швецияда кездестірдім, біздің қандастарымызды. Түркияда, Германия, Америкада қазақтарды кездестірдім.

Керемет!

Ол Союзда. Правда, ол Союз кезінде болды.

Иә, иә. Сексен сегізінші жылы. 

Жақсы! Мен қазір Еуропада жүрмін. Кешірім сұраймын! Еуропада, иә. Командировкада.

Жарайды, сосын көріскенше тағы да хабарласамыз. Жақсы!

Иә, иә.


Еуропа құйрығының артында тығылып, ыңғайсыз сұрақтардан құтылған осы жолы Дәулет Болатұлы. Әрине, Дәкеңнің шикілеу жерлері баршылық. Оны мұқиятты түрде қазбалап, шындықтың жүзін айқара ашар едік.

Мысалы, темір тордың ар жағында тұсауланған досыңыз әрі жерлесіңіз Мұратхан Тоқмадиге көмектестіңіз бе, жүгірмек? Кезінде, той-думанда Мұхаңмен бірге ән шырқадыңыздар. Аты аңызға айналған тхэквандошы Мұстафа Өзтүріктің мезгілсіз өліміне қандай қатысыңыз бар? Әйтпесе, гу-гу әңгімеге құлағымызды түрсек, Мұхаң атты ішкіш оралманды уланған арақпен салауатты палуан құртты-мыс. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, Семейдегі арақ-шарап кәсіпорына қатысы бар талай тапсырыс ажал-қастандықтарын жұрт әлгі салауатты палуанға теліді. Көптің аузы әулие ме? Дәл сол уақытта, жиырма жыл бұрын Алматыдағы “Дәулет” спорт клубында Кнауф деген өркөкірек неміс жігіті Тұрлықановтың өкілі ретінде жұмыс істеді. Олда сізбен бірге Еуропада жүріп тұр ма, Дәке? Әлде, бұрынғы көмекшіңіз Олжас Сабырлыновтай әлгі неміс баласы да қамауға алынған ба?

Спорт саласында да күмәнді көрсеткіштеріңіз баршылық. Боксшыларымыз, дзюдошыларымыз әлем біріншіліктерінен алтын жүлделерін қанжығасына байлап алуда. Ал, сіз басқарған греко-рим мен еркін күресінің палуандары жиырма жыл бойы жаһандық додаларда күміс пен қола медальдерге місе тұтады. Қайрат ағаңыз көп жылдар бойы басқарған ауыр атлетикамыздың жағдайы да қуантарлықтай емес. Зілтеміршілеріміз допинг дауынан көз ашпай тұр.

Likes(0)Dislikes(0)
39 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply