Жазығы бар құлақ
Жазығы бар құлақ

Жазығы бар құлақ

Views: 0

Американдық қашқын Эдвард Сноуденге қатысты АҚШ арнайы қызметтері орындаған заңсыз телефон тыңдау мәселелері Қазақстан үшін де маңызды. 2007 жылы, генерал Рахат Мұхтарұлы Әлиев еліміздегі жазығы бар құлақтарды әшекереледі. Алты жыл өткен соң, республикамыздағы арнайы қызметтерді рұқсатсыз тыңдау әрекеттерін жасайтын қарақшылардан тазарту үшін тағы да тиісті шараларды өткізуге міндеттіміз. Сондықтан, құрметті оқырмандарымызбен бірсыпыра деректермен бөлісуге өз парызым деп санадым.

Қазіргі таңда, бүкіл Қазақстан бойынша тұрақты түрде тыңдалатын телефондарының саны 10 мыңнан аспайды. Осындай көлем беделді зерттеушілердің деректерін негізінде есептелген. Мысалы, 2008 жылының 18 қарашасында жарық көрген Рахат Мұхтарұлының «Наш ответ прокурору» мақаласына сәйкес, 2004 жылының маусым айында Алматы мен Астанадағы техникалық кешендер еліміздегі 2 965 телефондар мен электрондық мекенжайларын (осы санның басым көпшілігі — қалалық пен ұялы телефондар) тұрақты түрде қадағалады. Ресейлік тарихшы Олег Греченевскийдың «Истоки нашего «демократического» режима» кітабында былай делінген: «Например, теперь известно, что Штази постоянно прослушивала в ФРГ от 30 до 40 тысяч телефонных номеров. У внешней разведки ГДР была тогда самая передовая техника для радиоэлектронного перехвата — и этой технической разведкой занималось 2 400 сотрудников Штази». Сайып келгенде, Р.М. Әлиев берген ақпаратының ескіргеніне тоғыз жыл толды, тыңдалатын телефондардың саны өсті. Бірақ, Қазақстанның экономикалық пен саяси күші Батыс Германияның құдіретінен бірнеше есе төмен. Сондықтан, менің пайымдауымша бүгінгі таңда тыңдалатын телефондарымыздың саны 10 мыңнан аспайды. Әрине, қалбит-мәмбет тыңшылары миллиондаған телефондарды сездірмей ести алады және де электрондық-есептеу машиналардың жадына тыңдалған әңгімелерді оңайлықпен сақтай алады. Бірақ, соншама орасан зор ақпаратты өңдеуі қымбатқа соғады.

Құлаққап киген тыңшы.

Дамыған елдерге қарағанда, бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында телефон тыңдау әрекеттері әлдеқайда жасырын түрде орындалады. Ресейлік сарапшы Андрей Солдатовтың 2013 жылының 18 маусымында «Ежедневный журнал»-ында жарық көрген «Скандал вокруг прослушки: чем ФСБ отличается от АНБ» мақаласында, былай делінген: «В США правоохранительный орган получает судебный ордер и пересылает его оператору, который перехватывает информацию и отправляет ее спецслужбе. В России офицер ФСБ тоже обязан получить ордер на прослушку, только он не должен его показывать никому, кроме своего начальства». Қазіргі таңда, ҚР ҰҚК-ті ресейлік арнайы қызметтердің филиалына ұқсайды. Сондықтан, сатқын гебисттеріміз Лубянканың айтағына еруде. Қанша айтқанмен, американдық тыңшылар АҚШ қоғамының алдында сәл-пәл жауапкершілігін көрсетуде. Бірақ, алпысыншы-жетпісінші жылдарда олар да заңсыз телефон тыңдауына шаш етектен батқан болатын. Американдық тарихшы Джеймс Бэмфордтың АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (National Security Agency) туралы «Жұмбақ сарайы» (The Puzzle Palace, 1983) кітабында мынадай деректер келтірілген: «Мысалы, «Гамма»  сөзі өте маңызды Кеңес Одағының тыңдалған әңгімелерін және де, қанша таңқарарлық болмасын, 1969 жылдан бастап Джейн Фонда мен доктор Бенджамин Спок сияқты Вьетнам соғысына қарсы белсенділерінің тыңдалған әңгімелерін белгілеуіне арналған» («Gamma, for instance, was reserved for Soviet intercepts of the very highest importance and also, ironically, starting in 1969, for the monitored conversations of American antiwar leaders like Jane Fonda and Dr. Benjamin Spock»).

Қалбит-мәмбет тыңшылары да американдық ескі-құсқы әдеттерді өнеге тұтып, Зәкеңді ресейліктермен бірлесіп өлтірген соң қазақи саясаткердің жесірі, халық әртісі Мақпал Жүнісованың телефон әңгімелерін сездірмей естіді. Айтпақшы, американдық сенатор Фрэнк Черч басқарған комиссия сонау жетпісінші жылдарда янки тыңшыларының шамадан тыс белсенділігін басты. Біз үшін де заңсыз телефон тыңдауы — баяғыда толғағы жеткен мәселе. Мұхтар Шаханов, Ғани Қасымов секілді атақты азаматтарымыз қалбит-мәмбет тыңшыларының заңсыз әрекеттерін әшекерелейтін қоғамдық комиссияны басқарса — құба құп болар еді. Оған қоса, еліміздегі артық шектеулер де алып тасталсын. Мәселен, қазіргі таңда сіздер қалбит-мәмбет қауіпсіздік комитетінің рұқсатсыз әңгімелерді шифрлейтін құрал-жабдықтарды республикамызға шеттен әкеле алмайсыздар. Алдымен, осы құрал-жабдықтар қалбит-мәмбет тыңшыларының сертификациясынан өтуіне тиіс. Демек, осы тыңшылар үшін шифрлеріңіз әйгілі болмақ. Өз кезегінде, дамыған елдердің басым көпшілігінде шифрлейтін құрал-жабдықтарды шеттен еркін түрде әкелуге болады.

Әлгі Сноуденнің жанжалына қайта оралсақ, алпауыт ғаламтор компанияларының беделіне келтірілген нұқсанын естеріңізде шығар. Гугл, Микрософт тәріздес ірі фирмалардың американдық тыңшылармен ынтымақтастығы сезікті көрінеді. Сондықтан, қатардағы тұтынушылар сенімдірек ғаламтор ұйымдарын іздеуге мәжбүр болмақ. Менің пікірінше, олардың бірі — www.startpage.com Оның атқарушы төрағасы Роберт Бинстың айтуынша, стартпейдж.ком тұтынушылар енгізген деректерін және олардың IP мекенжайларын сақтамайды. Сол себептен, олардың тұтынушыларын қадағалауына негізі жоқ. Енгізілген деректер шифрленген. Демек, сыртқы күштер оны оқи алмайды. Сонымен қатар, оның штаб-пәтері АҚШ-та емес, Нидерланды елінде орналасқан. Ал, Сэм ағаймен салыстырғанда, европалық заңдар тұтынушылардың жеке өмірін әлдеқайда мықты қорғайды.

Likes(0)Dislikes(0)
24 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply