Жат жұрттың жанкүйерлері
Жат жұрттың жанкүйерлері

Жат жұрттың жанкүйерлері

Views: 21

Жасыратыны жоқ, өз арамызда Ресейді шын жүректен қолдайтын қандастарымыз аз емес. Еліміздің мүдделеріне қайшы болса да, опасыз қазақтар ең алдымен орыс мемлекетінің мүдделерін қорғауда. Солтүстік көршімізді пір тұтатын қаракөздер әртүрлі салаларда әрекет етуде. Тіпті, Нұрлан Игенов секілді Кремльдің жандайшаптары Донбастағы соғысқа белсенді түрде қатысуда.

Донбастағы сатқын Нұрлан Игенов.

Жақында, Рио де Жанейро қаласындағы аяқталған 2016 жылғы жаз олимпия ойындарының барысында да орысшыл қазекеңдердің үні естілген болатын. Спорт әлемінің басым көпшілігі қазақ боксшысы Василий Левиттің орыс боксшысы Евгений Тищенконы ұтқаның бірауыздан айтуда.  Қостанайлық батырдың алтын медальге жолында тек қана парақор төрешілер бөгет қылғаны айдан анық. Бір қызығы, Ресей мамандары мен жанкүйерлерінің көбісі Василийдің жеңісін мойындайды.

Соның өзінде, орысшыл жандар тыным таппай Ресей-Шешейдің сойылын соғады. Футболшы Құралбек Ордабаев бокстағы жемқор әріптестеріне бүйрегін бұрып, орыс спортшысының “жеңісін” құптады. Ордабаев әділетсіз шешімді барынша ақтауға тырысты: “– Біздегі бір жаман нәрсе — ұтылып қалса төреші кінәлі. Бір адам шешпейді, бес кісі отырып Ресей боксшысына берді. Енді журналистер төреші берді дейді, ол дұрыс емес, бес төреші шешімімен ұтылды ма, онда ұтылды. Енді келесі жарыстарға дұрыс дайындалу керек. Төрешілер шешіміне тоқталуымыз керек, — дейді“.

Жұдырықтасу өнерінен хабары жоқ Құралбектің қисынсыз пікірін одан әрі өрбітсек, боксшымыз есеңгірген Тищенкомен бірге шаршы алаңдағы төреші мен орысты құтқаруға асыққан дәрігерді де құлатуға тиіс еді. Аяқдоп федерациясымыздың тізгінін ұстағандардың арасында дәл осындай құлдық психология бұрын да жұртымыздың назарына іліккен болатын. Екі жыл бұрын, Бразилияда өткен футболдан Әлем кубогінің алдында ҚФФ спорттық директорының орынбасары Қанат Мұсатаев жанкүйерлік турасында: “бізге ең жақыны Россия, сондықтан Россияға жанкүйер боламыз“, — деді.

Көрдіңіз бе, әлгі Мұсатаевтың оғаш ойынша, бүткіл жер бетіндегі қазақтар үшін жалғыз ғана тірегі — Ресей. Бұндай “шешейіміз” болғанда, түрік бауырларымыз бен араб жегжат-жұрағаттарымызды, жапон достарымызды қайтеміз?))) Жә, еліміздің футболшылары — Қазақстандағы ең икемсіз спортшылар болып табылады. Олар халықаралық жарыстарда түкте жеңбеді. Соған қарамастан, допаяқпен шұғылданатын атлеттер өте жоғары жалақыларын алуда. Әсіресе, “Қайрат” клубына құрметті зейнеткерлікке көшкен орыс футболшысы Андрей Аршавин жыл сайын миллион долларға жуық зейнетақысының қызығын көруде. Андрюша әлемдік пен еуропалық додаларда ешбір жүлдені жеңген жоқ.

Футбол зейнеткерлеріне әуес болсаңыз, бразилиялық жартылай қорғаушы Ривалдо тәріздес жұлдызды шақырыңыз. Кезінде, анголалық “Кабушкорп” және өзбекстандық “Бунёдкор” аяқдоп командалары өз қатарларына Ривалдоны қосқан болатын. Керемет ойыншымен бірге өнер көрсетуі ангола мен өзбек спортшыларына қандай үлкен мектеп болған еді! Луанда мен Ташкенттің жастары 1999 жылғы “Копа Америка” мен 2002 жылғы Әлем кубогінің иегерінен шабыт алды! Әзірше, бұндай спорттық бақыт біздің балғын футболшыларымызға бұйырмады. Себебі, олардың кертартпа ағалары бұрынғысынша артта қалған Ресейге жалтақтап қарап, дүниежүзілік аяқдобы көшінің соңында келеді.

Likes(0)Dislikes(0)
19 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply