Шетел жыртқыштарына жем болған Қазақ елінде тайраңдап жүрген келімсіктерге тап болуы — ғажап емес. Алайда, бөтен елдердің бұндай тегеурінді өкілдерінің арасында да “Израиль“-дің ірі алыпсатары Александр Яковлевич Клебановтың жөні бөлек.
Кесірлі “дәрігер” Клебанов қаншама қылмыстардың сыбайласы болса да, әлгі сионистті жазалауға қазақстандық құқық “қорғау” орындары мен “әділет” мекемелерінің шамасы келмейді. Бір қызығы, “Израиль“-дің көрнекті алаяғы қазақстандық төлқұжатта “белорус” ретінде көрсетілген. Демек, еліміздің ресми ұйымдар үшін Александр Яковлевич ұлты белорус азамат деп танылса, “Израиль” үшін Клебанов өз ебрейлігін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуда. Сайып келгенде, осы кісі жеке куәлік, паспорт жағынан да аферист боп шықты. Оның екіжүзді табиғаты ұлт мәселесінде де өрбіді.
Алаяқ “дәрігер“-дің қазақстандық азаматтықпен қатар “Израиль” азаматы болғандығы жайында ресми түрде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары жазса да, әлгі сионистке қарсы ешқандай жазалау шаралары қолданылмайды. Сөз жүзінде, елімізде қос азаматтық танылмайды. Бірақ, іс жүзінде, қос азаматтықты пайдаланған кейбір бастық, спортшы мен олигархтар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Әккі қылмыскер Клебановтың қос азаматтығы оның кезекті әрі кішігірімдеу заң бұзушылығы. Екібастұз қаласын мұздатқан, қандықол Рақат Әлиевтің сыбайласы болған осы сионист екінші паспорты үшін де ешқандай жаза тартпады.
Жалпы алғанда, Ресей мен Қазақстанды мекен еткен ебрейлер (хазарлар) палестиналықтарды қырып-жоятын “Израиль” террористерінен жендет шеберлігі жағынан артық болмаса, кем түспейді. 2006 жылы, Тольятти қаласының тұрғыны әрі қазақ суретшісі Елубай Еділов “Үлкен жанұя” топтық портретін салды. 1944 жылғы 20 мамырда туған өнерпаз қандасымыз әлгі суреттің оң тұсында туған баласы Русланды бейнеледі. Ресейлік азамат Елекеңнің қайран ұлы Рекеңнің қамшының сабындай қысқа ғұмыры аса шерлі түрде аяқталды. Іскерлі кісі Руслан пәлен ебрей әріптестерімен қаржы-қаражат жанжалына душар боп кетті. Бір күні, Елекең әйелімен бірге Тольяттидегі пәтерінде шай ішіп отырды. Олардың кіре-беріс есігіне біреулер тарсылдаса керек. Табылдырықта қос ебрей жігіттері тұр: “Руслан қайда?” Оның әке-шешесі: “Ол ұйықтап жатыр” деп, жауабын қайтарды. “Онымен қысқаша сөйлесуіміз қажет” сылтауын көлденең тартып, екі сионисттер жоғары шықты.
Көп ұзамай, әлгі хазарлар Рекеңнің бөлмесінен шығып, сыртқа кетті. Оның әке-шешесі біраздан соң баласының жағдайын біліп алу үшін Русланның бөлмесіне келсе, оның пышақталған денесіне тап болады! Хазар жаналғыштарының неткен қандықол тәжірибелілігі, салқынқандылығы десеңіздерші! Ұйықтап жатқан жігіттің әке-шешесімен сабырлы амандасып, қорғансыз құрбанды тез арада бауыздаған ебрей жендеттерінің ата кәсібі осындай… Сонымен, сталиндік ГУЛаг-тың қатыгез сионист қызметкерлері мен араб босқындарын аяусыз өлтірген “Израиль” әскерлерінің жолын қуған Клебановтарға құлдық психологиясына берілген қазақсымақ мәңгүрт полицай-әкімдері жарамсақтанып қызмет етуде.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.