Ұлт мүдделерін саудаға салған сатқындардың асыл арманы — Кеден одағы — әр саяси құрылымдай сенімді қорғанысына мұқтаж. Келешекте, диктаторлық режимдердің сорақы бірлестігіне наразы азаматтар Ресейдің озбыр саясатына қарсылық білдіру әбден ықтимал. Сондықтан, полицайлер сақадай сай болуға тиіс. Әйтпесе, наразылықтың оқшауланған шерулері халықтың жаппай көтерілісіне ұласуы мүмкін. Жаңаөзендегі қарусыз мұнайшыларды атып тастауда ысылған жендеттер, Алматы қаласы мен Алматы аймағында өз тәжірибені одан әрі жетілдіруде. Ешбір қазы-бидің үкімісіз, ешбір прокурордың айыптауысыз және ешбір адвокаттың қорғауысыз мұздай қаруланған полицайлер белгісіз адамдарды қойша бауыздауда. Ең алдымен, Алматы аймағында күдікті жарылыстың салдарынан бірнеше адамдар қаза тапты. Сәлден соң, Алматы қаласындағы «Акселькент» ықшам аудандағы тағы бір топ азаматтарды полицайлер жойып тастады.
Соңғы сегіз ай ішінде орын алған қайғылы оқиғалар құрбандардың дені — қазақтар. Елімізде кіші азаматтық соғыс басталғандай. Мифологиялық терроризмді сылтау етіп, көбінесе бейкүнә жерлестерімізді қысымға алды құқық қорлаушылары. Полицайлер кердең өзбек шекарашыларына оқ жаудырмайды. Жендеттеріміз ресейлік тыңшыларды аялап-сипауымен әбігер. Арнайы қызметтеріміз қытай барлаушыларын ұстамай жатыр. Демек, сыртқы дұшпандар мәз-мейрам тіршіліктің қызығын көруде. Азулы жауларымызға жергілікті полицайлердің тісі батпай отыр. Кремльдегі құбыжық-тажалдардың сұмпайы жемісі — Кеден одақ — толыққанды әрекеттерге қосылған соң, полицайлеріміз әлгі одақтың күзетшілеріне айналмақ. Қазақ мүдделерін таптаса да, киелі Мәскеудің өсиеттерін мүлтіксіз атқаруға дайын тасбауыр мәңгүрттер.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.