Ресейдің бақытына туған партократ Нұрсұлтан Назарбаев та мәңгі емес. Әскери полигондар үшін кең байтақ қазақ жерін арзан бағамен жалға беретін, орыс спортшы-артистеріне қамқорлығын аямайтын Назарбайдай қолы ашық орысшыл ізбасар мәскеуліктерге өте-мөте қажет. Кремль селекционерлері үшін Әбіштың тұқымы — қасқалдақтың қанындай. Тоқсаныншы жылдардың басындағы ығы-жығына қарамастан, аяулы Назарбайдың оққағарларын басқару үшін мәскеуліктер терроршыл «Альфа»-ның қандыбалақ басшысы Виктор Карпухинді жіберді! Көрдіңіз бе, орысшыл Нұрсұлтанның Кремльдің алдындағы маңыздылығы қандай? Әрине, Ресейге жан-тәнімен берілген Назарбайдай саясаткерді табу және президент орнына отырғызу оңай шаруа емес. Бірақ, ұшы-қиырына көз жетпес даламыз Ресей десе, ішкен асын жерге қоятын тұлғаларға кенде емес. Олардың біреуі әрі бірегейі — Бақытжан Сағынтаев. Ресейдің нағыз иелерінің бірі Сечиннің қазіргі орынбасары Путиндей сүреңсіз Сағынтаев ешбір жанжалға қатысы жоқ. Қызбалау Иманғали Тасмағамбетовтай емес, «Россия-матушка»-ға қарсы бірде-бір теріс сөзін айтпаған.
2012 жылдың 12 желтоқсанда Ресей ғылым академиясының Социология институтының ғылыми қызметкері Ирина Атаян (армян еркегіне тиген балт-славян әйелі) Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнамасын жүргізді. Аталған шараның соңында, И. Атаян бейтаныстау саясаткердің үлкейтілген фотосуретін көрсетіп, ол жөніндегі сұрақтарын қойды. Әрине, алматылықтардың көбісі сол кездегі кәдімгі атқамінер Бақытжан Сағынтаев туралы онша білмеді. Ресейлік социолог та біздің саяси кейіпкерлерімізді жақсылап танымаса да, әлгі Сағынтаев жайында ғана қызығушылығын танытты. Мәскеулік келіншек «Б. Сағынтаев сенімді адамға ұқсай ма?» жергілікті жұрттан сұрады. Оған жауапты жұмысты жүктеуге бола ма? Әлбетте, беймәлімдеу кісі жөнінде олар нақты жауабын қайтара алмады. Тек қана Жамбыл аймағы Талас ауданының тумасына қарай біршама күмәні пайда болған: «Бәлкім, оңтүстік өңірден шыққан кезекті саудагер»))) Егер социолог орнында ресейлік ресми өкілдер бұндай сауалнаманы жүргізсе, мынадай шара біздің ішкі істерімізге бас сұққанымен тең есептелер еді. Алайда, ресейлік биліктің тапсырысы бойынша қимылдайтын ғалымсымағына дәл осындай айыбын таға алмайсыз.
Сауалнамасына қатысқан жұрт бейқам көңіл-күйінде тарасты. Бірақ, сәлден соң социологтың теоретикалық сұрақтары практикалық түрде дүниеге келді. 2012 жылдың 25 желтоқсанында еуразиялық одағының жолындағы кедергі боп саналатын біздің шекара қызметінің басшылары әуе апатында қырылған. Ал, жаңа жыл мерекесін тамаша өткізген Бақытжан Сағынтаев 2013 жылдың 16 қаңтарында бірінші вице-премьер боп тағайындалған. Президент лауазымына екі ғана қадам қалды.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.