Атақты көпір салушысы Александр Рязанов (1958 – 2009) дүниеден мезгілсіз озды. Оның алдында, баласы Валентин (1981 – 2008) наша тартуы жаман әдетінен мерт болған еді. Одесса гидротехникалық институтының түлегі, қайран Александр Владимирұлы Қазақстанның біртуар патриоты екендігі неше түрлі деректерден анық көрінеді. Мысалы, кейбір саясаткерлер елімізді әлем бойынша елу ең дамыған мемлекеттердің қатарына енгізуді қаласа, А. Рязановтың мұраты мүлдем басқаша еді. «Шіркін, алғашқы бестікке кірсек», –- телесұхбаттарының бірінде армандады марқұм. Тұқымы орыс болса да, техникалық мамандықтарға мүмкіндігінше қазақ жұмысшыларын жалдаған. Оның «Трансстроймост» мекемесінің есіктерінде бүкіл жазулар қазақша белгіленген еді. Баласы Валентин де туған жеріне сүйіспеншілікпен қарады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына емтіханын тапсырғанда, талапкерлер арасында ең жоғары бағасын алды! Әттеген-ай, бұндай дарынды, ұлтжанды ұланның өмірін қиды ғой наша.
«Хан қасында — қарашы» демекші, Рязановтардың нөкерлерін аса бір сенімді кісілер ретінде сипаттауға мүлдем болмайды. Хал үстінде жатқан Александрдың бәйбішесі Евгения дер кезінде дәрігерлерді шақырмапты. Топастық па, әлде әдейі жасалған қастандық па? Кім біледі. Бейқам Отеллоның жанындағы екі жүзді әзірейіл Яго тәріздес, А. Рязановтың қасында осетин Тимур Накусов — ҰҚҚ-ның қадрлық қызметкері — өз қитұрқы жоспарларын салқынқандылықпен орындады. Нәтижесінде, Евгения мен Тимур кезіндегі құлпыраған кәсіпорынды бөлшектеп, ұсақ-түйек дүниеқор пайдасын тапты. Александр ағайдың тағы бір баласы бар, Валентиннің інісі — ақымақтау Николай. Ірі кәсіпкердің қасіретті өмірбаянын Жамбыл аймағының тағы бір тумасының қайғылы өмір жолын елестетеді. Үлкен саясаткер Сарыбай Қалмырзаевтың да (1949 – 2012) баласы нашадан дүниеден озды. Мәскеу экономико-статистикалық институтының түлегі, президент лауазымына бірде-бір белді үміткерлерінің бірі саналатын. Әрине, оның білім дәрежесін ПТУ-сын әрең бітірген Назарбаймен мүлдем салыстыруға болмайды. Менің ойымша, А. Рязановтың да, С. Қалмырзаевтың да балаларын наша тартуына олардың бәсекелестері бауланған. Орыс кәсіпкері мен қазақ саясаткерін де ақ халаттағы жендеттер өлтірген шығар. Айтпақшы, А. Рязанов пен С. Қалмырзаев достық қарым-қатынастарын сақтады. Қазақ саясаткері орыс құрылысшысына Астанадағы қаржы полициясының ғимаратын салуына тапсырыс берді.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.