1937 жылғы 3 желтоқсанда, “Социалістік Қазағыстан” газетінде атеист белсендісі Ғали Әбдірахманұлы Ибрагимовтың “Молда-ишандардың контрреболүциалық әрекеттері” атты мақаласы жарық көрді.
СССР Ұлы Собетін сайлайтын тариқи күн — декабрдің 12-сі таяу қалды. Бұл ұлы қуанышты күнге бүкіл еңбекшілеріміз жаппай дайындалуда. СССР Ұлы Собетін сайлайтын декабрдің 12-сі жақындаған сайын жалпы жұмысшылардың, қалқозшылардың, інтеллигенцианың саяси белсенділігі бұдан да күшейе түсетіні сөзсіз.
Бүкіл қалқымыздың бүгін таңдағы тілегі, ойы — социализм Отанының жоғарғы орны — СССР Ұлы Собетіне ең таңдаулы ұлдарды, Отанымыз бен партиамызға шын берілген адамдарды, Ұлы Собеттің депутаты деген ардақты атқа ылайықты ерлерді сайлау, жау елементтердің бірде бірін өткізбеу, қырағы болу.
СССР Ұлы Собетін сайлау тап күресінің ең шиеленіскен жағдайында өтпек. Ең демократиашыл Сталіндік Конституциа негізінде Ұлы Собет сайлауының өтуі — капиталістік елдердегі жаулардың, пашистерлің іштерін күйдіруде, бақытты собет қалқына қарсы олар зұлымдықтарын күшейтуде. Герман, жапон пашистері өздерінің жалдама төбеттері — троцкистер, буқаріншілдер, ұлтшылдар арқылы сайлау үстінде өздерінің зианын тигізуге барлық әрекеттерін жасауда.
Әшкереленген троцкис, буқаріншіл, ұлтшыл-пашистер өздерінің диберсиалық, зианкестік жұмыстарында дінді, молда-ишандарды пайдаланғандығы кәзірде толық айқындалды. Дін деген, молда-ишандар деген пашистердің қалықты алдайтын, контрреболүциалық үгіт тарататын күшті бір құралы болған. Қалық жаулары молданың сәлдесін, поптың шапанын киіп, дінді бет перде етіп өздерінің контрреболүциалық жұмыстарын жүргізген. Ұлтшыл-пашистер дінді өздеріне бір ұя еткен.
СССР Ұлы Собеттің сайлауына дайындық жұмысының жүруіне байланысты герман-жапон пашистерінің нұсқауын орындап молда-ишандар да бастарын көтеріп қозғала бастады, өздерінің контрреболүциалық жұмыстарын күшейте бастады. Олардың көздеп отырғаны — Сталіндік Конституциаға, сайлау заңына күйе жағу, СССР Ұлы Собетінің сайлауына дайындық жұмысын нашарлату. Олар өздерінің контрреболүциалық жұмыстарын осы міндетті орындауға бағыттап жүргізіп отыр.
Еліміздің бүкіл қалқы сайлау алдындағы жиылыстарда, митінгілерде өздерінің Ұлы Собетке ұсынған кандидаттарын құттықтап, өздерінің бірі қалмай дауыс беретіндіктерін білдіріп жатқанда, молда-ишандар, поптар әр түрлі өтірік-өсектер таратып, Отанымызға, Ленін-Сталін партиасына шын берілген адамдардың атын кірлеуге тырысып отыр. Ондағы мақсаты — кей бір сана-сезімі аз еңбекшілерді қобалжытып, депутаттыққа ұсынылған маңдай алды адамдарымызға олардың дауысын бергізбеуге әрекет ету.
Молда-ишандардың, поптардың контрреболүциалық жұмыстары күшейіп отырғанын ыспаттайтын соңғы уақытта бір талай пактылардың беттері ашылды. Молда-ишандар кей бір жерлердегі үгіт-пропаганда жұмысының нашарлығын пайдаланып, Сталіндік Конституциа мен сайлау ережесін өздерінше “түсіндірген“, еңбекшілер депутаттарының собетіне, тіпті СССР Ұлы Собетіне дін ұйымдары да кандидат ұсына алады деп соққан. Мұны мен қоймай, ұсынатын өз адамдарын да дайындап қойған. Мисалы, Мақта-арал ауданындағы “Қызыл абат” қалқозында бір топ молда жасырын жиылыс өткізген, жиылыста СССР Ұлы Собетінің сайлауына дайындық жұмысының жүруіне байланысты өз міндеттерін талқылаған. Өздерінің жүргізетін контрреболүциалық жұмыстарын келісу мен бірге, аудандық атқару комитетінің сайлауы болғанда ұсынатын адамдарын да белгілеген.
Ақсуат ауданы, “Жаңа мектеп” қалқозында Жакупоп деген молда Конституцианы бұрмалайтын талай сөздер айтқан, қалқозшылар арасында қалқоздан шығыңдар деген үгіттер таратқан. Бұл молда 1932-жылы банды ұйымдастырған, талай рет қалқоздың малын ұрлаған адам.
Түркістан, Мақта-арал, Қызыл-орда, Қызыл-құм, Түлкібас, Мірзоян аудандарындағы молдалар өздерінің контрреболүциалық үгіттерінде, әсіресе Конституцианың 124-статиасын бұрмалап, өздерінше “түсіндіруге” күш салған. Мешіт саламыз деп қалықтан ақша жинаған. Бұл молдалар “Қиамат ақуалы” деген контрреболүциашыл кітап шығарып, қалқозшылар арасына таратқан.
СССР Ұлы Собетін сайлауға қарсы жүргізіп отырған жұмыстарын да молдалар, поптар, раббиндер бірлесіп отыр. Контрреболүциалық жұмысты ынтымақтасып жүргізіп отыр. Мұндай пактылар Нарын, Бөрлі, Амангелді аудандарынан ашылып отыр. Мұндағы молдалар мен поптар сайлауға қарсы қандай жұмыстар жүргізетінін, кімдерді ұсынатынын сөйлесіп алған.
Молдалардың, поптардың әсіресе көңіл бөлетіні — үй шаруасындағы әйелдердің басын айналдыру, өз ықпалдарына түсіру. Осы себептен де молда-поптар үй шаруасындағы әйелдердің арасында контрреболүциалық үгіттерді көп жүргізуде. Риддердегі поптар жұмысшылардың әйелдері арасында дін жөнінде әңгіме жүргізген болып, контрреболүциалық үгіттер таратқан.
СССР Ұлы Собетінің сайлауына дайындық үстінде молда-ишандар ауыл шаруашылығында, өндіріс кәсібінде зианкестік жұмыстарын да күшейтіп отыр. Көкшетау ауданындағы “Елтай“, “Қара өзек” қалқоздарын да молдалар садақа беріңдер, мал сойыңдар деп үгіт жүргізген. Мірзоян стансасындағы Орлоп деген поп диберсиа тобын құрып, паробоздарды бүлдірген. Түлкібас стансасында Кузмин, Терещенко деген баптистер нанға мақорка, көмір, шеге қосып пісіріп отырған. Ондағы көздегені — жұмысшылардың арасында наразылық туғызу болған.
Молда-поптардың басқа түрлі де контрреболүциалық әрекеттері толып жатыр. Бала піштіру, бақсыға қарату, қалың мал беру сиақты ескі әдет-ғұрыптарды күшейту арқылы да бүліншілік жұмыстар жүргізіп отыр. Қарсақпай ауданындағы “1-май” қалқозындағы Қоңырбайып деген молда бақсылық істеген болып бір неше адамды улаған. Андрейіп ауданындағы “Екпінді” қалқозында бір молда емдеймін деп Дүйсембетіп деген стақаныпшыны өлтірген.
СССР Ұлы Собетінің сайлауына қарсы контрреболүциалық жұмыс жүргізуде молда-ишандар ораза айын пайдалануға әрекет етуде. Еңбекшілердің белсенділігін төмендету үшін олар — ораза ұстаңдар, айт намазына қатысыңдар, айтта жұмыс істемеңдер үгіт жүргізуде.
Ораза деген немене? Ораза ыслам дінінің тапқан “жаңалығы” емес. Ораза деген ысламға дейінгі көне қалықтардың бір қатарында болған. Айлап күндіз тамақ ішпеу, болмаса белгілі бір уақытта кей бір тамақтарды жемеу тұрмыс жоқшылығына байланысты қолданған баяғы заман қалықтарының бір шарасы болған. Міне, осыны дін иелері өздеріне пайда түсетін бір құрал етіп пайдаланған.
Ораза деген жалғыз мұсылман дінінде бар нәрсе емес, қрестиан дінінде де, тағы басқа дінде де бар нәрсе. Молдалар, поптар ораза мен қалықты алдап, ден саулықтарына зиан келтіріп, өздеріне үлкен пайда түсіріп келген.
Молда-поптардың мұндай контрреболүциалық жұмыстарына қарсы аянбай күресу, дінге қарсы пропаганданы күшейту — біздің негізгі міндетіміз. Сайлау үстіндегі үгіт-пропаганда жұмысының бұл негізгі бір саласы болу керек. Алайда шынын айталық — бұл жөнде бейқамдық, ашық ауыздық, олақтық әлі күшті. Теңіз ауданындағы Кудрәшеп ауыл собетінің мәжілісінде поп собетке қарсы сөз сөйлеуге мүмкіндік алған, мәжілісте отырған парторг оған еш бір тыйым салмаған. Түркістан стансасының поселкелік собеті Пақретдиніп деген молданы ет дайындаушы өкіл етіп белгілеген. Молдаларды сайлау комиссиасына өткізіп жіберген пактылар да болды (Түркістан).
Бұл пактылардың бәрі де біздің бір қатар ұйымдарда қырағылықтың әлі нашар екенін, дінге қарсы күресіміздің нашар екенін жақсы көрсетеді.
СССР Ұлы Собетін сайлайтын тариқи күнге аз ақ уақыт қалды. Бұл күнге еңбекшілерді саяси жағынан толық дайындау мен келуіміз керек. Бұл дайындыққа кесе түскісі келіп отырған молда-поптардың контрреболүциалық әрекеттеріне қатты соққы беруіміз керек. Барлық актиптерімізді пайдаланып дінге қарсы пропаганданы кең өрістетуіміз керек.
Алдағы сайлау тап күресінің шиеленіскен жағдайында өтетінін, жасырынып қалып қойған троцкис, ұлтшыл-пашистер, олардың ұяластары — молдалар, поптар барлық зианкестік әрекеттерін істеп бағатынын естен бір минөт те шығармауымыз керек.
Ғали ИБРАГИМОП
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
