Парақорлық пен жемқорлықты жалғайтын көпір
Парақорлық пен жемқорлықты жалғайтын көпір

Парақорлық пен жемқорлықты жалғайтын көпір

Views: 16

Шығыс Қазақстан аймағындағы Бұқтырма су қоймасындағы көпірдің құрылысы 2021 жылы басталған. Әлбетте, еліміздегі кез келген ірі жоспардай, бұл құрылыс бастамасы да ұрлыққа белшесінен батқан.

Көпір салушысы Нигматулла Абдулхаков, 2001 жылы.

Осы жобаның басшысы — тәжірибелі көпір салушысы Нигматулла Абдулхаков. Әлгі татардың баласы атақты “Трансстроймост” құрылыс компаниясының даңқты жетекшісі Александр Владимирович Рязановтың (1958-2009) түлегі болып табылады. Алайда, табысқа кенелген шәкірт марқұм ұстазын ұмытқандай көрінеді. Өйткені, дәл қазір ноғай бауырымыз аса маңызды жемқор құрылысты басқаруда.

ТоталКз сайтының айтуынша, көпірдің құны — шамамен 100 миллион доллар. Бұл — тым қымбат баға екендігі айдан анық!  Біраз математикалық есеп шығарайық. “Егемен Қазақстан” газетінің хабарлауынша, оның ұзындығы — 1360 метр, ені — 13 метр. Демек, оның жалпы аумағы 17 680 шаршы метрге тең. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, АҚШ-тағы құны 100 миллион долларға жуық көпір салынуда, оның аумағы — 18 580 шаршы метр. Бірақ, американдық көпір салушысының орташа жылдық жалақысы — шамамен 79 000 доллар. Өз кезегінде, Қазақстандағы құрылысшының орташа жылдық жалақасы он есе кем. Сонымен қатар, Бұқтырма көпірінің құрылысында негізінен пайдаланатын ортаңқол қытай-орыс жабдықтары мен шикізат материалдарын американдық көпірдің әлдеқайда сапалы құрылыс жағдайларымен салыстыруға болмайды. Айтпақшы, АҚШ көпірінің қызмет мерзімі 125 жылға жоспарланған. Әрине, қазақстандық көпір салушылары соншама ұзақ кепілдікті бере алмайды. Бейнелеп айтқанда, жемқорлықтың көкесін Бұқтырма көпірін салынғанда көресін!

Жалпы алғанда, көпір салу өнеркәсібі мен үшін жат дүние емес. Мысалы, атақты қазақ құрылысшысы Александр Рязановтың еліміздің көпір саласының тарихына арналған кітабын ағылшын мен қазақ тілдеріне аударуға ат салыстым. Әлгі кітаптың қазақ нұсқасын осы сілтеме бойынша жүктеп аласыздар. Әлбетте, көпір салу өнеркәсібінің майталманы Алекеңнің де бірнеше парақор қателіктері жоқ емес еді. Бірақ, абырой болғанда, бұл кісі бүгінгі жемқорлардай жүгенсіз кеткен жоқ-ты. Әлгі татар құрылысшысының да кінәсі шамалы. Ең алдымен, Шығыс Қазақстанның путиншіл губернаторы Даниал Ахметов пен Назарбаев-Тоқаевтың қытайшыл-орысшыл озбыр билігінің салдарынан біздер өршеленіп кеткен ұрлықтың кезекті құбылысына тап болудамыз. Қуыршақ парламентінің көнгіштігі мен сатқын журналистердің үнсіздігі де бұндай парақорлықты нығайтуда. Жемқор тергеуші, прокурор мен қазы-билер де ұрлықтың лаулап кеткен өртіне май құюда. Ұзын сөздің қысқасы, парақорлықтың дертін тек қана жаппай қоғамдық серпілісі арқылы жоюға болады.

Likes(0)Dislikes(0)
16 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply