Ресейдің “нұрына” бөленген басылым
Ресейдің “нұрына” бөленген басылым

Ресейдің “нұрына” бөленген басылым

Views: 15

Қазақтілді баспасөз көптеген жағдайларда аудармашының қосалқы дәрежесінен аспай жүр. Өзге жұрттың шығармалары мен ой-пікірлерін қазақшалап, еліміздің оқырман қауымын бұндай бөтен өніммен негізінен қамтамасыз ететін бұқаралық ақпараттық құралдарымыздың саны аз емес. 1930-1950-ші жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінің мәскеулік үрдістер мен туындыларды еліктейтін, көшіріп алатын жазбаларын оқысақ сол дәуірдің қазақ журналистикасының басыбайлы, шикілеу мәртебесін аңғарту қиын емес. Демек, бүгінгі таңда дәл осындай жуастау, шегіншектеу пиғылдарымыздан құтылғанымыз жөн. Алайда, еліміздің озат БАҚ-тар да ескі заманның кейбір кертартпа әдеттерінен арылмай тұр.

Тоғызыншы қыркүйектегі әлем жаңалықтары.

“Нұр” ақпараттық агенттігі Қазақстандағы ірі ғаламтор басылымдарының бірі болып табылады. Бірақ, әлгі араб атты БАҚ (“нұр” орнына қазақи “жарық” зат есімін қолдануға болар еді) Ресейдің рухани ықпалында қалған портал. Мәселен, оның 2024 жылғы 9 қыркүйектегі халықаралық жаңалықтары көбінесе орыс оқиғаларынан құрастырылған. Ол ол ма, қазақстандық журналистердің озбыр Ресейге бүйрек бұрғаны да бар. Әне, өз елін қорғайтын украиндықтар мәскеуліктерге соққы жұмсады. Бірақ, “нұрлықтар” орекеңдерді құрбан ретінде көрсетуге тыраштанады. Тіпті, Париж туралы да баяндаса да, осы қалаға келген орыс-ебрей алаяғы Павел Дуровты сүйсініп көрсетеді орысқұл БАҚ. Кеңес Одағы қызтекелерінің көсемі Александр Масляковтың қазасы орысшыл әріптестеріміздің жанына ауыр батты.

Мұхиттың ар жағындағы оқиғаларды да “нұрлықтар” негізінен орыс өлшемі арқылы бағалайды. Мысалы, олардың 2024 жылғы 12 қыркүйектегі халықаралық жаңалықтарында ресейшіл АҚШ саясаткері Дональд Трамп елеулі орын алуда. Тағы да, фсб агенті П. Дуровтың хикаяларын қазекеңдерге тықпалауда. Маңқа қырғыздардың орыс жел электр станцияларына тапсырыс бергені мадақталады. Орысқұл Тәжікстанның діни жаңалықтары қазақ оқырмандарына қамтамасыз етіледі. Қазақ тіліне зиян тигізбек біртұтас түркі әліпбиі жайында Ресейге достас Әзірбайжаннан хабарлайды. Сайып келгенде, олардың орысшыл ақпарат саясаты анық көрініп тұр.

Орыс жендеті Вася Маргелов.

Бүгінгі жағдаймен қатар, өткен уақыттың орыс батырларын қошаметтеп еске алуда “Нұр” ақпараттық агенттігінің жазғыштары. 2024 жылғы 6 қыркүйекте, Кеңес Одағы десант әскерінің атасы Вася Маргелов жайында тоймақаланы шығарды “нұрлықтар“. Әлгі орыс жендетінің түлектері 1986 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда талай қазақ жастарын қырып-жойды. Сөз жоқ, бұндай қандықол ақсақалды орысқұл әріптестеріміз пір тұтады. Сонымен, ғаламторды игерген қазақтілді мәңгүрттер ата жауымызды қолпаштаудан жалықпай жүр.

Likes(0)Dislikes(0)
13 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply