Сергей Сейдуманов, Афанасий Есімов
Сергей Сейдуманов, Афанасий Есімов

Сергей Сейдуманов, Афанасий Есімов

Views: 0

«Ақ патша жасай гөр!» Осындай ұранмен жамылған жергілікті әкімсымақтары бөгде елдің жетекшілерін алдында жағымпаздануымен әлек. Әлгі Алматының әкімшілігінің өкілі Сергей Сейдуманов орыс аюсының құшағына сағынып, әсем қаламыздың атын “Алма-Ата” деген қисынсыз атауына өзгертуін көксейді. Зиялы қауымымыз қынжылса да, әйтеуір қара Сергей скинхед-тақырбастарды разы қылуда. Бәлкім, Қазақстанға келесі рет баса-көктеп келгенде главпоп Кирилл қара Сергейді де медалькамен марапаттайды. Өте-мөте мәдениетті Сергей мен оның бастығы Афанасий Есімовтің главпоптың сый-сыяпатына бөленген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен сенат төрағасы Қайрат Мәмиден қай жері кем?

Төбесіз ойыншық бас сүйегі.

Орыс құлағына жағымды естілсін деп, Есімов пен Сейдумановтың есімдерін өзгертіп жібердім. Анау Алжас Сүлейменовке «мамыр» деген айының аты ерсі боп көрінді, қария ақын-бақсы европалық «май»-ын аңсап жүр. Демек, «ақ патша»-ның сойылын соғатын, «Петропавловск» пен «Павлодар» топонимдерін естісе ішкен асын жерге қоятын қандастарымыз жеткілікті. Сарт акаларының көңілінен шығатын Ұйғыр ауданы баяғыдан бері мызғымас атауға айналған. Бөтен біреулердің мүдделерімен әуре болып, өзекті мәселелерді естен шығармаңдар, әкімсымақтар! Қайраң шекарашылардың қаза болуы сіздің былқ-сылқ саясатыңыздың салдарынан орын алған шығар.

Likes(0)Dislikes(0)
41 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply