Сыртқы саясатымыздағы оң қадам
Сыртқы саясатымыздағы оң қадам

Сыртқы саясатымыздағы оң қадам

Views: 1

Біріккен ұлттар Бас ассамблеясының Қырымдағы заңсыз референдумға қатысты шешімі қабылданған. 100 мемлекеттер Ресейдің озбырлық әрекеттерін қатаң сынға алып, Украинаның тұтастығын құптады. Судан, Беларусь пен Зимбабве тәріздес кертартпа елдер ғана ресейлік агрессияны қолдады. Қазақстан дауыс беруден бас тартты. Әрине, Украина үшін дауыс бергені жөн болар еді. Өйткені, украин халқы біздер үшін достас ұлттардың бірі болып табылады. Оған қоса, біздердің солтүстік аймаққа да ресейлік агрессияның қауіпі төніп тұр. Бірақ, Бас ассамблеяның тарихи маңыздылығы бар жиынның алдында қазақ дипломаттары ресейлік озбырлық әрекеттерді ресми түрде қолдады. Демек, аз уақыттың аралығында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өз қателігін түсініп, оны түзетуге мейлінше талпынуда.

Қырым -- Украина.

Антұрған кеден одағына кірген соң, қазақ басшылары Ресейдің көңілін табуға әлек. Біздердің ішкі нарық ресейлік пен белорус сиықсыз тауарларына айқара ашылған. Ал, біздердің тауарлар ресейлік пен белорус нарығына қиыншылықпен өтуде. Сапалы шетел тауарларына жоғары кедендік баж арқылы кедергі келтірілген. Экономика саласында құлдыққа енген қазақтар еуразиялық одаққа кірсе, саяси бостандықтан айырылмақ. Сондықтан, қазақ дипломаттарының Қырым жөніндегі дауыс беруден бас тартқаны біздерді үміттендіруге тиіс. Өйткені, Армения мен Беларусь секілді орыс жандайшаптары Қырым аннексиясын қолдады. Демек, әзірше Қазақстанның Ресей ықпалына тойтарыс беруге шамасы келеді. Енді, осындай игі бетбұрысты әрі қарай дамытып, тереңдету қажет. Әйтпесе, Ресеймен бірге халықаралық қауымдастық дайындайтын санкцияларға душар болмақпыз.

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply