Сәбет Жақыпбеков: “Қураған Украинада не істеп жүрсің?!”
Сәбет Жақыпбеков: “Қураған Украинада не істеп жүрсің?!”

Сәбет Жақыпбеков: “Қураған Украинада не істеп жүрсің?!”

Views: 48

Жақында, ҚР ҰҚК генерал-майоры, үкімет байланысының бұрынғы жетекшісі Сәбет Мәлкаждарұлы Жақыпбековпен өткізілген ықшамды сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Төменде, осы әңгіменің аудио жазбасы мен стенограммасы келтірілген.

Алло?

Қураған Украинада не істеп жүрсің?  Әйелің украинка, что ли?

А?

Әйелің украинка?

Жоқ, жоқ! Екі-үш сұрақты сізге қоюға бола ма? 

Қоя бер.

Аһа. Мысалы, сіз білесіз ғой, Кеңес Одағы кезінде криптография өте күшті болды Кеңес Одағында. Ал, қазіргі қазақ криптографтары олар күшті ме? Әлем бойынша, біздің шифровальщиктердің деңгейі жоғары ма? Әлде, онша емес пе?

Да, да, да, да! На высшем уровне!

Иә, иә. Ал, қазіргі таңда Қазақстанның шифрованиесі, криптографиясы күшті ме? 

Понятия не имею. Я ушёл на пенсию 22 года тому назад. Они что-то там химичили. Своего не разработали. У кого-то, говорят, украли. Кто-то получил орден, там, Красной Звезды. Но школы у нас не было и нет. Они, наверное, что-то где-то списали. У кого списали — понятия не знаю. Я, вообще, 22 года как ушёл на пенсию.

Жарайды, аға. Сіз кезінде, анау, Кәрім Мәсімовке жол аштыңыз. Ол он жеті жасар бала болғанда, сіз оған жақсы рекомендацияны бердіңіз. Сол туралы кішкене айтыңызшы. Ол немен ерекшеленді? Не үшін сіз оған жақсы рекомендацияны…

Жоқ, нет. Давай, я сейчас только пришёл.


«Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, қазағуар Сәкең екеш Сәкең де гебисттердің қатаң тәртібін сақтай келе, маңызды сұрақтарыма жауап бергенде орыс тіліне көшті. Себебі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәскеулік аға әріптестері бұндай әңгімелерді мүмкіндігінше орыс түпнұсқасында тыңдағаны жөн.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдардың басында, сарт агенті Кәрім Мәсімовтің кәсіби қалыптасуына ағалық септігін тигізген Сәкең бүгінгі таңда осы тақырыпты қозғауға ынтызар емес. Қарт жандаралдың Кәрім аканың өсуіне қатысты бұндай іс-әрекеті, әрине, ерліктердің қатарына жатпайды. Сондықтан, кәрі байланыс маманы бұрынғы қателіктерінен ұялған секілді. Дегенмен, жолдас Жақыпбековтың кінәсі толығымен дәлелденген.

Likes(0)Dislikes(0)
48 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply