2005 жылғы 18 ақпанда, “Айқын” газеті “Оқшау ой” айдарының шеңберінде саясаттанушы Данияр Наурызбаевтың “Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтағы беделі қандай?” мақаласы жарық көрді.
18-19 ақпанда Бішкекте Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сырткы экономикалық және сауда қызметтеріне жауапты министрлік басшыларының кезектен тыс кеңесі өтеді. Екі күнге созылатын Бішкек кездесуінде Ұйым елдерінің көп жақты сауда-экономикалык бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тетіктерін талқылау жөне тағы басқа мәселелер сөз болады. Ал аталған ұйымның Еуразиялык кұрлыктағы орны қандай?
Сәуір айында Шанхай ынтымактастық ұйымының құруына тоғыз жыл толады. Осы мерзім ішінде бірнеше маңызды мәселелер өз шешімін тапты. Дәл казір Шанхай ұйымына мүше Қытай мен Кеңес Одағының кейбір елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан) арасында сонау заманнан келе жатқан шекара дау-дамайларға нүкте қойылған. Бұл — бір. Екіншіден, мүше мемлекеттер қатысумен Атасу — Алашанькоу мұнай құбыры секілді үлкен экономикалық жобалар жасалуда. Еуразиялық құрлықтың негізгі бөлігін камтитын ШЫҰ-ның басқару мекемесі Қиыр Шығыстағы Пекинде болса, лаңкестікке қарсы орталық көршілес Бішкекте орналаскан. Дегенмен ұйым арасында табыстармен катар, қиыншылықтар әлі де болса, өзара қатынастардың қаркынды дамуына кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес.
Ең алдымен бұл ұйымның құрамының әр алуандылығына қысқаша талдау жасау қажет. Расында, кішкентай Тәжікстан мен алпауыт Қытай, қаһарлы Ресей мен бейбітшіл Қырғызстан арасында ортак сипаттардан гөрі айқын айырмашылықтардың басымдылығы таң қалдыратын жағдай емес. Сондықтан ШЫҰ-ның мүшелерінің саяси салмақ дәрежелері бірдей емес, мүдделері алшақ кеткен мемлекеттердің аймақтық жиынын құрастырып отырғандай жайы бар. Тағыда айта кетерлік жайт: осы ұйымда жетекші принцип пен шын достықтың нақты көзге көрінбеуі. Мысалы, Қазақстан саяси бостандык пен экономикалық белсенділік жағынан өзбек ағайындармен салыстырғанда жоғары сатыда тұр. Демек, оңтүстік көршімізбен түрлі мәселелер бойынша өзара түсінбеушілік осы өзгешеліктің салдарынан пайда болады. Мысалы, 2004 жылда Ресей Амур өзеніндегі бірнеше аралдарды Қытайға берді. Мұндай саяси жөне шекаралық шегініс орыс отан сүйгіштерін азапқа салады. Болашақта егер Мөскеу тағына нағыз орысшыл көсем отырса, аталған аралдарды қайтару үшін мәселе көтеріп жатса, кімге тиімді?!
Шанхай ынтымақтастық ұйымының қос тірегі — Қытай және Ресей. Ал шаруашылық, әскери мен ғылыми салаларда мардымсыздау төрт мұсылман республикалары (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан) екі оттың арасында қалғандай. Осындай жағдай бір есептен кезінде жасалған “Молотов-Риббентроп соғыс ашпау туралы” келісімінің Шығыс Еуропадағы геосаяси ахуалын елестететіндей. (Атап айтқанда, жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының соңында фашистік Германия мен большевиктік КСРО Полыша мен Балтық елдерін бөлу жөнінде құпиялы түрде уәделескен). Әрине, қазіргі таңда мұндай үрейлі жоспарды жүзеге асыру мүмкін емес. Бірақ шағын және орта мемлекеттер күні бүгінге дейін ірі елдердің бақталастығында бас бәйгенің олжасына айналмауына кім кепіл? Сол себептен Қазақстан Республикасының сырткы саясаты бірнеше бағытта болып, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып отыр. Жалғыз одақтасқа үміт арту бүкіл ақшаны бір банкке салғандай қауіпті.
Ендеше, халықаралық қатынастардың күрделі жүйесінде ШЫҰ-ның үлесі қандай болмақ? Әлемнің өзге ықпалды күштері одан сескене ме, әлде шекесінен қарап тұра ма? Жалпы алғанда, әлем деңгейінде бұл ұйымның бөлек орны бар ма, жоқ әлде ШЫҰ Еуразиялық күші жоқ жабық клубқа айнала ма? Осындай сұрақтарға жауап беру үшін жаңа тарихтың кейбір оқиғаларына үңіліп қарау керек. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының барысында Ресей президенті Борис Ельцин мен Қытай төрағасы Цзян Цзэминь түрлі мөселелер бойынша бірнеше рет келіссөздер өткізді. Ресейліктер миллиардтаған долларға жойқын қару-жарақ пен мұнай өнімдерін сатса, қытайлықтар өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдармен орыс базарларын толтырып жіберді. Сонымен қатар Құрама Штаттардың құдіретіне тойтарыс беру Ресей мен Қытай үшін ортақ мақсат ретінде есептелген. Шығыс әріптесімен әңгімелескенде, Ельцин АҚШ-ты меңзеп, өз пиғылын жасырмаған: “Ешбір мемлекет озбырлық көрсетуге құқылы емес“.
Бірақ қалай айтқанда да ШЫҰ-ның ерекше мәртебесі басқа елдерді оның мүше болуына ынталандырады. Мысалы, Иран мен Пәкістан сынды іргелі мемлекеттер осы ұйымға кіруге ден қоюда. Өйткені Азия құрлығындағы толғағы жеткен мөселелерді бұл ұйымның шеңберінде шешу әбден ықтимал. Әлбетте, лаңкестікке душар болған Шығысқа мынадай ұйым ауадай қажет. Ісләмнің жасыл туы астыңда жарылыстарды жасайтын содырларға тосқауыл қойғаны дұрыс. Алайда кінәлі адамдарды қуғын-сүргінге салып, жабайы кекшілдікке беріліп осы коғамдық ауыртпалықтан құтылу екіталай боп көрінеді. Ең алдымен лаңкестіктің әлеуметтік түп-тамырын құрту керек, яғни қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілікті жақсарту басты міндетке айналуы тиіс.
Азия құрлықта еш уақытта НАТО немесе Еуропалық Одақ сиякты көп халыктарды біріктіретін, сакадай-сай ұйым болған жоқ. Себебі діні, тілі мен ділі мүлдем ұқсамайтын халыктар бас қосуға күдіктенеді. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымы іспетті игі бастамаларды мүмкіндігінше қолдау қажет. Ал жоғарыда көрсетілген Ресей мен Қытайдың үстемділікті жою ШЫҰ-га жана мүшелерді қосу арқылы орындауға болады. Өйткені Иран, Монғолия, Пәкістан, Үндістан және тағы басқа мемлекеттер бұл ұйымның құрамына кіргенде, олар Кремль мен Тяньаньмынь арасында жасырынды теке тіресті бейтараптыкка алмастырады. Сондай-ак ШЫҰ-ның таяудағы міндеттер ішінде қатаң экологиялық талаптары әзірше там-тұм. Дегенмен мүше мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғаудың мүшкіл халі жұртқа мәлім: Арал теңізінің қасіреті, Қара Ертістің бұрыс пайдалануы, көп таралған залалды өндірістік технологиялар немесе табиғатты әлсірететін пайдалы қазбаларды шығару. Қорыта келгенде, алдымызда орасан зор жұмыс көлемі күтіп тұр.
Данияр НАУРЫЗБАЕВ, саясаттанушы
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
