Қазіргі таңда, ұлтаралық қатынастардың маңыздылығы өскен сайын шетел тілдерінің де қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан, өзге елдің тілін игеру мәселесі жәй ғана педагогикалық сұрақтарды туғыза қоймай, жұртшылық маңыздылығына да ие болуда. Демек, шетел тілін оқыту жағдайларымен қатар психологиялық, этнопсихологиялық пен физиологиялық сұрақтарды туындайды. Сайып келгенде, осы саладағы кейбір күрделі мәселелердің шешу жолындағы өз ұсыныстарымды ортаға саламын.
Менің байқауымша, музыкаға икемділігі бар кісілер үшін шетел тілдерінің игеруі әлдеқайда оңай соғады. Біріншіден, кез келген тілдің дыбыстық (фонетикалық) ережелерінің орны өте жоғары. Сыршыл ән немесе құйқылжып естілетін аспаптық шығарманы шеберлікпен орындайтын өнерпаздар қара сөз әңгімесінің дыбыстық байлықтарын немесе ұйқасы бар ырғақты өлеңді де тиісті түрде айта салады. Екіншіден, музыкаға бейім жандардың шығармашылық қасиеттері көбінесе көркем әдебиетке негізделген тілдің оқуына едәуір септік тигізеді. Сазгерлердің біртуар әуендерін игерген музыканттар үшін жазушылардың өзгеше туындыларының игеруі әбден қолайлы. Үшіншіден, көптеген музыкалық шығармалар әдеби туындылардың негізінде пайда болған жасампаздық бұйымдары. Сондықтан, жаратылыс пен дәл ғылымдарынан гөрі музыка өнерін әдебиетпен жалғайтын өзара қатынастар неғұрлым мықты боп көрінеді.
Өз кезегінде, көптеген кәсіби музыканттар жаратылыс пен дәл ғылымдарынан шорқақтау келеді. Атап айтқанда, ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховен үлкейту мен бөлу сияқты қарапайым математикалық есептерді қиналып орындады. Ірі КСРО пианисті Святослав Рихтер өз өмірінің соңында күрделі музыкалық шығармаларды жатқа орындаса да, қарапайым сандарды есінде әдетте сақтамады. Себебі, музыкалық өнердің еркіндігі жаратылыс пен дәл ғылымдарының қатаң ережелерімен онша үндес емес. Есесіне, тіл мен әдебиеттің салыстырмалы түріндегі бостандығы музыканың еркіндігіне әбден сәйкес келеді. Сөз жоқ, кейбір жағдайларда математик пен физиктер шетел тілдері мен музыкаға бейімділігін паш етуде. Расында, анда-санда атақты музыканттар да керемет химик пен биологтарға айналады. Алайда, көптеген жағдайларда музыканың еркін жасампаздық құбылыстары нақты ғылымдардың қатаң ережелеріне қайшы келеді. Сол себептен, шетел тілдерінің терең зерттеуі математик пен физиктер үшін әдетте оңай соқпайды. Өйткені, көркем әдебиет пен төл мақал-мәтелдердің еркіндеу заңдылықтарын түсіну үшін нақты ғылымдардың қатаң ережелері онша келіңкіремейді. Сондықтан, жаратылыс пен дәлдікті пайымдаған кісілер тілдің еркіндеу саласын онша түсінбейді.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
