Сөз жоқ, еліміздің спорт пен дене шынықтыру саласының дамуы республикамыздың жалпы деңгейін арттырмақ. Сегіз қырлы кәсіби атлеттер мен денсаулығы мықты әуесқой спортшылар әр елдің тіршілігіне шат-шадыман бояуын қосуда. Бірақ, физикалық мәдениеттің перілерін тым еркелеткені де дұрыс емес деп ойлаймын. Ең алдымен, білімі терең ғалымдарымызды барынша қолдағаны жөн деп есептеймін. Дарынды физиктер, математиктер, химиктер мен тағы басқа нақты зерттеушілер мемлекетіміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының қарқынды өрлеуіне мығым негізін қалайды. Күрделі өнер иелерінің шабыты мен еңбекқорлығын дер кезінде бағалап, оларға мол қаржы-қаражат табыстауы ғалымдардың тақиясына тар келмес деп пайымдаймын.
Алайда, парасатты шеберлердің әрекеттеріне демеушілік етудің орнына, көбінесе допингтің арқасында бұлшық еттерін ширықтырған топастау балуандар мен зілтеміршілерге барша жағдай жасалануда. Мысалы, биыл атағы жер жаратын “Қазақстан Барысы” додасының жеңімпазына керемет жүлде қарастырылған: жиырма бес миллион теңге мен Астанадағы бір бөлмелі пәтер. Қалтасы қалың қазекеңдер экономикалық пен қаржы дағдарысқа қарамастан баяғы жеңілтек ойын-сауық думанына халқымыздың ақшасын құяды. Дүмше спортшылармен қатар сөзуар айтыскерді де шектен тыс қолдай береді шалағай әкімсымақтар. “Қазақстан Барысы” қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев мырзаның бұндай іс-әрекеттеріне оң баға беруден аулақпын.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.