«Нью-Йорк Таймс» газеті немесе «Би-би-си» телеарнасының деңгейіне шығуға армандай ма қазақ тілшілері? Әрине, аталған бұқаралық ақпарат құралдарын «сүттен ақ, судан таза» сипаттаудан аулақпын. Кейбір жағдайларда, мәшһүр батыс репортерлерінің де бірбеткейлігі баршылық. Алайда, шетелдік теледидар мен баспагер жұлдыздары негізінен жоғары дәрежедегі қабілеттерімен ерекшеленеді. Көрермен және оқырмандар үшін мейлінше шыншыл, көпжақты репортаждар әзірлейді. Мақала мен сұхбат кейіпкерлерінің көзқарастарын көбінесе бұлжытпай жеткізеді. Қазақ журналисттері қымбат құрал-жабдық, кең көлемдегі тұтынушы қауымына тапшы болса да, шетелдіктердің әлгі қасиеттерін үйреніп алуына тиіс. Жергілікті жазғыштар өзекті жаңалықтардың адал, жанжақты суреттеуінен әлі күнге дейін шорқақтау. Өз басым, талай жағдайларда тұрпайы қазақи редакторларға тап болдым. Автордың стилистикалық кемшіліктері немесе граматикалық қателіктерін түзетсе, бір жөн. Дегенмен, автордың жеке пікірлерін өзгерткені дөрекі келеңсіздік деп есептеймін.
Мысалы, 2012 жылдың желтоқсан айында «Заң газеті» менің аты-жөні ауыстыру мәселесіне арналған мақаламды бастырды. Оның редакторлары менің пікірлерімді заңсыз түрде бұрмалап жіберді. «Негізінен, тектің азаматтардың қалауымен қазақи қалыпта жазылғаны абзал» деген көзқарасты мен білдірмедім. Әділет министрлігінің жазғыштары оны менің рұқсатсыз қосып жіберді. 2015 жылдың қаңтар айында, Абай.Кз сайты қателескен банкирлер жөніндегі менің хатымды жариялады. Сонда былай деп делінген: «Ресей отаршылдары Украинамен соғысудан есін жиып, үш-төрт жылдан кейін «Петропавл халық республикасы» немесе «Павлодар халық республикасы» сияқты сепаратистік аймақтарды құруға тырысуы әбден мүмкін». Бірақ, менің хатымда былай деп жазылған: «Ресей отаршылдар Украинамен соғысудан есін жиып, үш-төрт жылдан кейін «Петропавл халық республика» немесе «Павлодар халық республикасы» сияқты сепаратистік аймақтарды құруы әбден мүмкін». Көрдіңіздер ме? Бір-ақ қана «тырысуы» деген сөзді рұқсатсыз қосып, маңызды сөйлемнің мағынасын өзгертіп жіберді сыпайысыз жазғыштар.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.