Қамшыбек Қоңқабаев: “Жас боксшылар өсіп келе жатыр”
Қамшыбек Қоңқабаев: “Жас боксшылар өсіп келе жатыр”

Қамшыбек Қоңқабаев: “Жас боксшылар өсіп келе жатыр”

Views: 20

2020 жылдың 20 наурызында, аса ауыр салмақ дәрежесінде бокстан әлем біріншілігінің екі мәрте күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев менің сұрақтарыма жауап берді. Қызылорда қаласында өткен әңгімеміздің бейнежазбасы мен стенограммасы төменде келтірілген.

Қамшыбек, енді сіздің пікіріңізше, аса ауыр салмақтағы біздің мықты боксшыларымыз болды: Александр Мирошниченко, Мұхтархан Ділдәбеков. Әрине, олар неше түрлі жарыстарды жеңді. Бірақ, ең ірі жарыстарды жеңе алмады: Олимпиада, әлем чемпионаты сияқты. Сіздің пікіріңізше, оның себебі неде болды?

Енді, ол кісілер өзінше тарих жасады. Ол уақытқа дейін Олимпиада, чемпионаттың күміс жүлдегері болып, Мұхтархан ағамыз аса ауыр салмақта тарих жасады десек, кателеспейміз. Енді, әркімнің несібесі болады ғой. Енді, бұйырғаны сол шығар. Ол кісілерге мынау жетіспей қалды, мынау жетіспей қалды, мынау жетіспей қалды деп менің хақым жоқ. Өйткені, мен ол кісілердің жеткен нәтижесіне әлі жеткен жоқпын. Енді, бұйырмай қалған шығар. Мұхтархан ағамыз — өте мықты ғой! Мысалы, Рубалкабаны ұрып, құлатты. Мысалы, көрдіңіздер. Финалда, енді, білмеймін: бұл жерде бұйырмаған шығар. Анау жерде ағылшын боксшысы да өте мықты боксшы, осал қарсылас емес.  Бұйырғаны сол шығар. Енді, мен сол Мұхтархан ағамыздың жолын осы, мысалы, аса ауыр салмақта тұңғыш Олимпиада чемпионы атансам деген үлкен арман-мақсатым бар. Құдай қаласа, соған Токио Олимпиадасында қол жеткізуге бар күш жігерімді салам.

Енді, болашақтағы алтын медальдарды алу үшін, не үшін жасау керек? Мүмкін, физикалық дайындылықты нығайту керек? Немесе, бір бапкерліктің жақсы ақыл-кеңестерін енгізу керек? Соны айтыңыз. Не керек?

Құдай қаласа, алтын алу үшін еңбек ету керек бірінші кезекте. Физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да, енді, біз бірінші рет шығып жатқан жоқпыз ғой үлкен, жаңа, шаршы алаңдарға, әлем чемпионатына қатысып отырып, құдайға шүкір, ақтық сынға жетіп. Енді, әлде де жылдамдықты қосып, физикалық тұрғыдан өзімді күшейтіп. Психологиялық тұрғыда әлде де бапкерлердің айтқаны бұлжытпай орындап, құдай қаласа, алтынға қол жеткіземін деген мақсатым бар.

Енді, жалпы осы ауыр салмақтағы боксшыларымыздың деңгейін көтеру үшін бәсекелестік керек. Қазіргі таңда, Қазақстанда сізбен қатар тағы мықты жігіттер бар ма аса ауыр салмақта? 

Әрине, қазір жас боксшылар өсіп келе жатыр. Бір емес, бірнеше жас боксшылар бар. Бәсекелестік бар. Бұйырса, бір-екі жылда олар да өте мықты деңгейде өседі деп сенімдемін.

Жақсы.

Likes(0)Dislikes(0)
20 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply