Қос азаматтықпен жамылған екі жүзді пысықайлар
Қос азаматтықпен жамылған екі жүзді пысықайлар

Қос азаматтықпен жамылған екі жүзді пысықайлар

Views: 19

Ата заңымыздың 10-бабы, 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол жоқ. Алайда, бірнеше мемлекеттің төлқұжатын иемдейтін “қазақстандықтардың” саны аз емес. Әдетте, жігерлі тәжік, қырғыз жұмысшылары үшін қазақ азаматтығына өтуі қиын әрі ұзақ мәселе болса, кейбір бай орыстар қазақ төлқұжатын тез арада алуда. Рақат! Сібір-мәскеулік келімсектер Ресей шешейдің қоңырқай төлқұжатын сақтап, шетелде саяхаттану үшін ыңғайлы еліміздің азаматтығын иемденуде.

Елена Хрусталёваның ресейлік азаматтығы туралы анықтама.

Еліміздің азаматтық жөніндегі заңнамасын бұзған шетелдіктердің дені спортшылар болып табылады. Өйткені, жетістіктері шамалы мемлекет үшін халықаралық дүбірлі додаларда жүлде алатын атлеттер аса қажет. Мысалы, ресейлік биатлоншы Елена Хрусталёва баяғыдан бері еліміздің азаматтығына өтсе де, ресейлік төлқұжаттан бас тартпады. Бұған дәлел — үскірік аязды Новосибирск қаласынан келген құжат. Айтпақшы, 2022 жылғы қайғылы қаңтардың барысында белгісіз, маска жамылған мергендер жүздеген қазақтарды атып тастады. Мүмкін, әлгі қанішер атқыштардың арасында биатлоншы қыздың ресейлік, белорус әріптес-туыстары да болған шығар. Бәлкім, құралайды көзге атқан Елена Владимировнаның өзі бұл жолы бірнеше қазекеңдердің көзін жойған-мыс. Сайып келгенде, ҚР биатлоншылар одағының президенті, мультимиллионер шойын жол құрылысшысы Ермек Қизатов бөгде спортшыларға демеушілік жасайды.

Али Хамхоевтың ресейлік азаматтығы туралы анықтама.

Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті, ресейлік палуан Али Хамхоев та көптен бері Қазақстан азаматтығын иемденіп алса да, Ресей төлқұжатын сақтады. Оған дәлел — негізінен қызба қанды жұрт мекендейтін Ингушетия Республикасынан келіп түскен 2011 жылғы анықтама. Жан-жақты кейіпкер, бизнесмен Али Хамитович тарихи отанында “Қазақстанда жұмыс істейтін ингуш бапкері” ретінде танылса, қазақтар секілді бөтен жұрты үшін былқ етпей “шетелдіктерге үміт артқанымыз қате деп санаймын” отандық палуандай ақыл-кеңес беруде. Өз кезегінде, “Қазақтелеком“-ның жетекшісі миллиардер Қуанышбек Есекеев Қазақстан дзюдо федерациясының президенті ретінде бұндай екі жүзді бірдемелерге қамқорлық жасайды.

ID details of Ms. Rybakina: her Russian passport number, the tennis player's WhatsApp number, and personal email address.

Орыс теннисшісі Елена Рыбакина да туған жеріне қарсы салынған халықаралық санкциялар жағдайында әлемді емін-еркін аралау үшін қазақстандық азаматтықты қабылдады. Әрине, Ресейге жан-тәнімен берілген Мәскеу қаласының тумасы 2022 жылғы шілде айында сөз жүзінде тарихи отанының азаматтығынан бас тартса, іс жүзінде ресейлік төлқұжатты сақтауда. 2023 жылғы ресейлік құжат әлгі спортшының екіжүзділігін дәлелдеп тұр. Демек, президент Назарбаевтың бас жеңгетайы миллиардер Болат Өтемұратов еліміздің теннис федерациясын басқарып, путинцева-рыбакина тәріздес орыс атлеттерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аялайды.

Айтпақшы, 2023 жылғы 28 қаңтарда, “tpak” атты пайдаланушы осы мақалаға қалдырған пікірінде Рыбакина сынды пысықайлардың қулығын әшкереледі: “Я тебе расскажу как это делается:-) В России она запускает процесс выхода из гражданства на основе чего ей дают справку которая подтверждает что она не является гражданкой РФ, после чего она запускает процесс по получению казахстанского гражданства, как только процесс пошёл, она сразу заявляет в РФ что она передумала и останавливает процесс выхода из гражданства РФ, а через определённое время получает гражданство Казахстана. После этого она просто ни где не показывает российский паспорт. Лично знаком с несколькими людьми которые это проделали, но не в Казахстане, а с других странами в которых запрещено иметь два гражданства“. Сонымен, көбінесе адал, еңбекқор ортаазиялық жұмысшылар қазақ көші-қон полицайлерінің қысымына жиі ұшыраса, жоғарыда келтірілген ауқатты орыс азаматтары қазақ заңдарын пысқырмайды да.
Likes(0)Dislikes(0)
19 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply