2013 жылдың 19 наурызында, АҚШ қорғаныс министрлігі Қазақстан ІІМ-ге бірнеше автокөліктерді сыйға тартты. Қазақстан әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Неге күні бүгінгі дейін бейшара сияқты осындай қайыр-садақаны қабылдаймыз?! Біздер Тәжікстан немесе Мозамбик сияқты кедей мемлекет емеспіз! Иә, Терещенко, Қажыгелдин тәріздес кейіпкерлердің премьер-министрлігінің кезінде валюта тапшылығына орай шетелден келген қайырымдылық көмекті алуға мәжбүр едік. Бірақ, бүгінгі таңда біздер әл-ауқатты елдердің қатарына кірдік. Сондықтан, шетелдік қайыр-садақаның қажеттілігі жоқ.

Оның орнына, біздердің полицейлер АҚШ әріптестерінен сұрау керек еді: «Кінәсіз қазақ азаматы Кирилл Денякинді өлтірген американдық полицай Стивен Рэнкин неге ешбір жазасын шекпеді? Күдікті жағдайларда АҚШ-та қаза тапқан қазақ азаматшасы Айнұр Ахметованың өлімін жөніндегі тергеу неге кінәлі адамдарды анықтамады?» Оған қоса, бейнелеп айтқанда, біздерге сапасыз ресейлік және орта қол чехиялық автокөліктерді берген американдықтар, ертең біздерден керемет «Феррари» мен «Бентли»-нің құнын сұрауы ғажап емес. Өйткені, олар өз пайдасын ұмытпайтын капиталисттер, әр қадамын есептеп жасайды. Айтпақшы, американдықтар ешқашан шетел мемлекеттерден қайырымдылық көмек алмайды, өйткені осындай көмек олардың намысына тиеді.

Қырғыз әскерилері де оңып тұрған жоқ. 2013 жылдың 18 сәуірінде қытай әріптестерінің тарапынан автокөліктер мен музыкалық аспаптарды сыйлық ретінде қабылдады. Әрине, негізінен сараң, іші тар қытайлықтар жайдан-жай жомарттық танытпас. Олардың да қитұрқы жоспарлары баршылық.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.