Президент Сухарто Индонезияны 32 жыл бойы басқарды. Оның «Жаңа тәртіп» деп аталатын саясаттың шеңберінде, ұлты қытай индонезиялық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан ірі тапсырыстарға қол жеткізді. Халқының саны 200 миллионнан асатын Индонезияда, қытайлықтардың үлесі бір-ақ процент. Алайда, Сухарто жергілікті қытайлықтарға оң көзқарас танытып, оларды мөлшерден тыс байытты. 1998 жылы, диктатор тақтан тайды. Нәтижесінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес байырғы халық пен қытай диаспорасы арасында бірнеше қақтығыстар орын алды. Ұқсас жағдайлар басқа аймақтарға да таңсық емес.
Жұмыссыздыққа душар болған негрлер мен кәріс саудагерлері арасындағы қанды жанжал 1992 жылдың көктемінде Лос Анджелесті дүр сілкіндірді. Шамамен 2,280 кәріс дүкендеріне өрт, тонау мен қирату арқылы 400 миллион долларға жуық зиян келтірілді. 1991 жылдың 15 наурызында кәріс дүкенші-әйелі Сун Джа Ду 15-жасар Латаша Харлинс деген негр бойжеткенін тапаншамен өлтіріп, қақтығыстарға түрткі салды. Латаша кәріс дүкенінде апельсин шырынын таңдап, рюкзагына салды. Дүкеншіге қарай барса, кәріс әйелі оны қателесіп ұры деп таныды. Сун Джа Ду төбелесті бастап, Латашадан таяқ жеді. Ашуланған Харлинс апельсин шырынын сатушы сөресіне лақтырып, дүкеннен шығуға бет алды. Бірақ, оқ жаудырған кәріс қара нәсілді Латашаның өмірін үзді.
1991 жылдың қараша айында, тым мейірімді қазы-би Джойс Карлин жан алғыш Сун Джа Дуга шартты түрде небәрі бес жыл кесіп, қоғамдық жұмыстарда 400 сағат пен 500 доллар мөлшердегі айыппұл тағайындады. Әрине, қызба негр белсенділері мынадай әділетсіз үкімге наразылық танытып, кәріс дүкендеріне шабуылдай бастады. Айтпақшы, 1993 жылы түрлі хиқаяларға толы Голливуд фильмі «Құлап қалғанда» («Falling Down») шығарылған. Негізгі кейіпкерін сомдаған атақты киноактёр Майкл Дуглас, Лос Анджелестегі қымбат бағалар қойған кәріс дүкенін қиратады. Иә, оқырман қауымның дені осындай мәліметтерден бейхабар. Бірақ, көпшілікке бейтаныс қайғылы оқиғалар сонымен шектелмейді.
Жиырмасыншы ғасырдың басында, дәлірек айтсақ — 1904-1907 жылдарда, Намибияда Гереро тайпасына қарсы геноцид жасалған. Отаршыл Германияның қарулы күштері Гереро тайпаның саны 80 мыңнан 15 мыңға дейін қысқартты. Гитлер секілді нацисттер кайзер Вильгельм ІІ-нің бұндай хайуандығын қастерлеп, әлем бойынша қайталап жіберді. Осы геноцидтің қаржы жағын «Дойче Банк» қамтамасыз етті. Абырой болғанда, қазіргі неміс үкіметі Намибиядан кешірім сұрап, қаза тапқан африкандықтардың ұрпағына ақшалай көмек көрсетуде. Ал, 1916 жылда жүздеген мың қазақтарды орыс патшаның жендеттері қанды көбікке жұтқызған. Осы адамзатқа қарсы қылмыс үшін кімдер кешірім сұрап, өтемақыны төледі? Ашаршылық, Желтоқсан үшін кімдерді жауапқа тарту керек?
Жаманшылықпен қатар, жақсылықты да естен шығармағаны дұрыс. КСРО-ның арнайы қызметтерін Лаврентий Павлович Берия басқарған кезінде, қанішер Шая Голощёкинге қатысты өлім жазасы орындалған. Никита Хрущёвтің ұлт саясаты бойынша, қазақ мектептерінің саны күрт азайтылған. Мәңгүрттендіру үрдістері сол уақыттан басталды. Есесіне, Лаврентий Павловичтің бастамалары іске асырылса, қазақ тілінің мәртебесі әлдеқайда бұрын еселер еді, жергілікті кадрлардың беделі де өсер еді. Қазақстанға ешбір қатысы жоқ жеңіл-желпі «Битлз»-ге ескерткіш орнаттық, Гоголь мен Тимирязев сынды бөтен тұлғалардың құрметіне көшелеріміз аталған. Бірақ, Берия сияқты алып кең-байтақ елімізге сыймай кетті.
Отанымызға күйе жағатын шетелдік сайқымазақ біреулерге, әлі де тиісті шаралар қолданбадық. Ресейлік көпірмелер Владимир Жириновский мен Константин Затулинге Қазақстанға келуіне тыйым салу керек. Сонымен бірге, осы саясаткерлерді қолдайтын фирмаларды еліміздің нарыққа жолатпау қажет. Ұқсас шараларды отаны жоқ актёрсымақ Саша Коэн мен украиналық ұлтшыл Дмитро Корчинскийге қарсы қолданғаны жөн. Оған қоса, ішкі ұлт саясатын қашан өзгертеміз? Қазақстан халқы ассамблеясы тәріздес ұйымдар кімдерге пана боп қызмет атқаруда? Бәлкім, Андрей Коржов пен Валерий Сафонов сияқты казачествоның тірегі деп саналатын жылпостар ассамблеясының қызығын көруде. Әлде, ассамблея террорист Абдулла Оджаланның досы Надир Надировтың ыңғайына жығылып тұр ма?
Өзге салаларда да олқылықтар баршылық. Мысалы, шетелден криптографиялық құрал-жабдықтарды әкелсеңіздер, оларды міндетті түрде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сертификациясынан өткізуге тиістісіздер. Сондықтан, іс жүзінде сіздердің телефон әңгімелер құпиясын сақтауы өте қиын. Қазақстанмен қатар, осындай тосқауылды Беларусь пен Өзбекстан сияқты демократия жетіспейтін мемлекеттер қояды. Алайда, әлем бойынша бұндай шектеулер негізінен пайдаланбайды. Мүмкін, криптографиялық саймандарды Қазақстанға әкелуіне қойылған қатаң талаптар, заңсыз түрде кейбір бастықтардың телефон әңгімелерін тыңдаған Рақат Әлиевтің нөкерлеріне жол берді. Себебі, ҰҚК-нің ала қол қызметкерлері елімізде қолданылатын криптографиялық құрал-жабдықтарды бүге-шігесіне дейін білмесе, телефон әңгімелерінің рұқсатсыз тыңдауын оңайлықпен өткізбес еді.
Тағы басқа тыйымдар мәдениетімізде қалып тұр. Мәселен, 2005 жылда шығарылған, мұнай мен газ өнеркәсібінде қалыптасқан жемқорлықты әшкерелейтін «Сириана» (Syriana) саяси детектив фильмі Қазақстан кинотеатрлары мен телеарналарында көрсетілмеді. Иә, бұл фильм біздердің парақорлықты бірнеше рет тілге тиек етті. Бірақ, «Сириана»-ның негізгі желісі АҚШ пен Таяу Шығыста өрбіді. Демек, тыйым салғаны орынсыз боп шықты. Дәл сол 2005 жылы, гомосексуализмді жырлайтын «Арқасы сынған тау» (Brokeback Mountain) көркем фильмі шығарылған. Осы азғын туындыны Қазақстанда таратуына ешбір кедергілер келтірілмеді: кинотеатрлар да көрсетті, дүкендерде де лицензияланған дисктер сатылды. Сонымен, еркін саяси пікір-таласты жақтырмай, биліктегілер гомосексуализмді қолпаштайды.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.