Шығыстың үлесі де бар

Әдеттегідей, жоғары технологиялардың дені Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жапония сияқты аймақтарының арқасында дамып тұр. Сөз жоқ, негізгі өндіріс пен ғылыми зерттеулерін олар атқаруда. Бірақ, өзге аймақтардан шыққан тұлғалардың еңбегі де орасан зор. Мысалы, Әзірбайжанда туған американдық математик Лютфи Заде электрон-есептеу машиналарының жетілуі үшін маңызды анық емес жиынтықтар (fuzzy sets) деген ұғымды ойлап тапты. Күллі жиһанға әйгілі кәсіпкер Стив Джобстың биологиялық әкесі сириялық араб екен. Әрине, ата-бабаларының қасиеттері американдық компьютер іскеріне ықпал жасағаны болса керек. Әлемдегі ең бай адам – Латын Америкадағы ұялы байланыс саласының көшбасшысы мексикандық кәсіпкер Карлос Элу Слим – ливан арабтарының тұқымы.

 

Калифорния университетінің профессоры Лютфи Әскер Заде, 2004 жылы.
Калифорния университетінің профессоры Лютфи Әскер Заде, 2004.

Ғалымдар арасында қоғам мен табиғаттың арасалмағы жөніндегі қызу пікірталас орын алуда. Кейбіреулер қоғамдық жағдайларды артық көреді. Олардың пайымдауынша, ататегінен гөрі пәлен мемлекеттің әлеуметтік құрылымы, оқу-тәрбие жүйесі басым түседі. Керісінше, басқа зерттеушілер генетикалық жағдайлардың аса маңыздылығына мегзейді. Бұлардың ойынша, пәлен адамның жетістіктер мен олқылықтарын ең алдымен табиғи алғышарттар қалыптастырады. Әлбетте, осы пікірсайыс жөніндегі дұрыс-бұрысын кесіп айтуы екіталай. Дегенмен, асыл тұқымды тұлғалар кез келген қоғамда жолын табар еді. Таң қалдыратын табысқа жетпесе де, абыржып қалмас еді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Leave a Reply