12 views

Шетел журналистері асығар емес

Жаңаөзендегі қақтығыстар жөніндегі халықаралық БАҚ тиісті дәрежедегі мақалалар-репортаждарын шығармай жатыр. Тіпті, www.drudgereport.com және www.ap.com секілді әлем жұртшылығына танымал сайттар осы оқиғаларды тілге тиек етпейді. Шетел саясаткерлері  де үнсіздікті танытуда. Болмашы лауазымдағы бірен-саран қызметкерлер ғана өз пікірлерін ортаға салды. Жетекшілердің нақты ұстанымы әлі белгісіз. Менің ойымша, шетелдіктер үшін мынадай жаңалық тосын көрінеді. Сондықтан, олар әзірше түбегейлі тұжырымды жасамады.


www.kmg.kz

Қазақстанның билігі де қолынан келгенше ақпарат легін тұмшалауға әрекеттенеді. Жаңаөзен мен оның төңірегіндегі телефон байланыс пен интернет өшірілген. Бейне материалдарын түсіруге тыйым салынған. Тағдырдың тәлкегіндей, халық қанаушылар бүгінгі желтоқсаншыларын бұрынғы желтоқсаншылардай содырлар, маскүнемдер деп ғайыптайды. Керісінше, соғыс патрондарын қарусыз отандастарына жаудырған әскерилер мен милиционерлер психотроптық нәрселерін пайдаланған шығар. Әйтпесе, есі дұрыс адам шектен тыс шараларға жүгінбес еді.

 

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply