Солтүстік көршіміздің озбырлығы
Солтүстік көршіміздің озбырлығы

Солтүстік көршіміздің озбырлығы

Views: 1

Әрине, біздердің ірі көрші, Ресей Федерациясымен, достас қарым-қатынастарымызды орнатуға тиіспіз. Бірақ, осы шетел мемлекетімен аса жақын ынтымақтастық та керек емес. Ең алдымен, Ресейде елімізге қарсы ұлтшыл үрдістер баршылық.

Солтүстік көршіміздің әскери, саяси мен мәдени мекемелері казачество шовинисттік қозғалысын ашық түрде қолдауда. Казачество — қазақ халқының ата жауы. Тарихшы Мұрат Әбдіров «История казачества Казахстана» кітабында мынадай тұжырым шығарады: «Три задачи выполняло казачество в Казахстане. Первая — массовое изъятие лучших и плодородных земель и рек, вытеснение в бесплодные пустыни, сужение районов традиционного кочевания и тем самым подрыв векового хозяйственного уклада. Вторая — во время регулярных воинских походов в степь массовый угон скота и лишение казахов основного источника существования. Третья — во время тех же грабительских набегов на мирные аулы массовые убийства и захват мужчин — главной производительной и военной силы кочевников». Ресейдің бетке ұстар зиялы қауымының өкілдері де казачествоны жойқын сынға алуда. Мысалы, орыс ұлы ақыны Владимир Владимирович Маяковский өз өмірбаянында осындай деректер ортаға салады: «Грузинов вешали казаки. Мои товарищи грузины. Я стал ненавидеть казаков».

Орыс ұлтшылдарының жиыны.

Оған қоса, ресейлік мектептер мен жоғары оқу орындардың бағдарламасына жазушы Александр Солженицынның шығармалары енгізілген. Осы жазушының Қазақстан жөніндегі арам көзқарасы белгілі. Оның «Как нам обустроить Россию» брошюрасында былай жазылған: «Да до 1936 года Казахстан еще считался автономной республикой в РСФСР, потом возвели его в союзную. А составлен-то он — из южной Сибири, южного Приуралья, да пустынных центральных просторов, с тех пор преображённых и восстроенных — русскими, зэками да ссыльными народами. И сегодня во всём раздутом Казахстане казахов — заметно меньше половины. Их сплотка, их устойчивая отечественная часть — это большая южная дуга областей, охватывающая с крайнего востока на запад почти до Каспия, действительно населенная преимущественно казахами. И коли в этом охвате они захотят отделиться — то и с Богом». Барып тұрған өтірікші Солженицын Омбы, Орынбор, Астрақан секілді қазақ қалаларын, әрине, тілге тиек етпес.

Ресей жетекшілерінің бірі, Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары, РФ-тың еңбек сіңірген заңгері Владимир Жириновский «Последний бросок на юг» кітабында еліміз туралы былай жазады: «На юге Казахстан, Киргизия автоматически включаются в состав России… Сейчас у нас страна — семнадцать миллионов квадратных километров. Сколько требуется средств на связь, транспорт и обогрев этой территории. Поэтому можно сосредоточить основную массу населения на юге: южные регионы России, бывший Казахстан, Талды-Курган, Верный…» Осы сөздер психиатриялық аурумен науқасталған кісінің сандырағы емес. Бұл — атақты ресейлік саясаткердің бағдарламасы!

Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының (ОДКБ) құрамасында Армения сияқты озбыр (агрессияшыл) мемлекет бар. Оккупант армяндар Әзірбайжан жерінің бір бөлігін басып алды. Жақын болашақта Таулы Қарабақ үшін жаңа соғыстың басталуы әбден мүмкін. Мәселен, ресейлік саясаттанушы Александр Перинджиев «прогнозирует сроки начал военных действий со стороны Азербайджана. Будет логичным, если данное военное предприятие начнется сразу же после Сочинской Олимпиады. Эксперт надеется, что правительство Азербайджана не пойдёт по грузинском пути и не развернёт военные действия во время олимпийских соревнований». Жаман айтпай, жақсы жоқ. Егер Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс басталса, онда Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының мүшесі ретінде әріптес Арменияға көмектесуге мәжбүр болады. Істемегені осы еді! Бөтен Армения үшін қазақ жауынгерлері бауырлас әзірбайжандармен соғыспақ.

Ресейдің өзі 2008 жылы Грузияға шабуылдап, осетин мен абхаз сепаратисттерінің заңсыз әрекеттеріне қолғабыс берді. Сылтауы табылса, кейбір ресейлік әскерилер қазірдің өзінде Қазақстанға шабуылдауға дайын. Мысалы, жергілікті казачествосының өкілдері Мәскеуден түскен бұйрықтарды әрқашан орындауға құштар. Жетісудың көркін кетіретін Ұйғыр ауданы да Оңтүстік Осетия немесе Абхазиядан кем емес. Осы ауданның тұрғындарына ресейлік төлқұжаттар берілсе, кезекті «принуждение к миру» науқанының өткізуіне сылтауы пайда болмақ. Тағы айта кетерлік жәйт, бүгінгі таңда біздердің күрделі әскери техника — Ресейдің қадағалауында. Мысалы, қазақ әуе қорғанысы Мәскеудің рұқсатысыз Қазақстан үстінен ұшқан ешбір бөтен ұшақты жоя алмайды. Сонымен қатар, Мәскеу біздердің Ресейде жасалған әскери ұшақтар мен әуе қорғаныс зымырандарымызды дистанциондық басқару арқылы оп-оңай өшіре алады. Қазақстан сияқты бай мемлекетке осындай тәуелді, бағынышты жағдай мүлдем жараспайды. Махамбет Өтемісов, Кенесары Қасымов пен Амангелді Иманов тәріздес қаһарлы ата-бабаларымыз алдында ыңғайсыз емес пе? Мұхтар Жәкішев, Арон Атабек сияқты батыл замандастарымыздан үлгі алмай, неге жалтақтап шегінудеміз?

Likes(0)Dislikes(0)
25 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply