Әуе басшыларына құлаққағыс

Жақында, Қазақстандағы азаматтық авиация дамуын жөніндегі үкіметтік жиналыс өтті. Әуежайларымыздың жөндеуіне жұмсалатын қыруар қаржысы осы саласына жаңа серпіліс бермек. Бірақ, неге күні бүгінгі дейін Қазақстан тек қана Европа мен Азияның қалаларымен тікелей рейстерін орнатқан? Австралия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америкалармен бірде-бір тікелей әуе рейсіміз жоқ. Өйткені, алысқа ұшатын аэробустар Қазақстанда жоқ. Біздің үкіметіміз шетелдік банктерге, шетел мемлекеттерінің акцияларына миллиардтаған доллар салуда, ал алысқа ұшатын аэробустар сияқты нақты әрі пайдалы заттарға ақшаны қимайды. Бізге қарағанда, әлдеқайда мардымсыздау Куба, Өзбекстан немесе Шри-Ланка секілді елдерінің ұшақтары тікелей әуе рейстері арқылы бүкіл әлеммен байланасуда. Неге қазақ авиациясы көштің соңында қалуда?


www.corporatelivewire.com

Көбінесе Амстердам, Лондон, Киев, Мәскеу сияқты транзиттік қалалар арқылы Еуразиядан бөлек басқа құрлықтарға ұшамыз. Қыруар қаржы-қаражатымыз шетел әуе компанияларын байытуда. Әрине, бүкіл мемлекеттермен тікелей рейстерді ұйымдастыруы мүмкін емес. Бірақ, Нью-Йорк, Рио де Жанейро, Париж, Йоханнесбург, Сидней тәріздес ірі қалалармен тікелей рейстерді орнату керек. Қаншама жергілікті кәсіпкерлері, саясаткерлері, туристтері мен студенттеріне жырақтағы саяхаттарын жеңілдетуге болар еді. Оған қоса, шетелдік қонақтар үшін де Қазақстанға келуіне қосымша себеп пайда болмақ.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply