ФСБ-ның айтағындағы мәңгүрт

Ресейде туып-өскен, сонда тәлім алған, еңбек еткен Александр Сорокин таяуда ғана Қазақстан Республикасының әуе қорғанысын басқаруынан босатылған. «Ештен кеш жақсы» демекші, әлгі ресейлік келімсектен әрең дегенде құтылдық. Өкініштісі-ақ, осы тыңшының атқарылған әрекеттері «Ресей Федерациясының Батыры» атағына бергісіз ерлік! Саны мен сапасы жағынан ТМД мүшелерінің арасында екінші орында орналасқан қазақ әуе қорғанысын Ресейдің бақылауына өткізді жансыз генерал. Енді, Мәскеудегі ванька-санькалардың рұқсатсыз бірде-бір әскери ұшағымыз аспанға шарықтап кетпес, әуе кеңістігімізді бұзған шетел аэроплан-зымырандарын Кремльдің бұйрықсыз жоя алмаймыз. Алайда, зиянкес Сорокиннің кетісімен сатқын лауазым иелерінің қатарлары жетімсіреп қалмады. Ұлттық қауіпсіздігіміздің тізгінін колына алған генерал-лейтенант Владимир Жұмақанов солтүстік көршіміздің стратегиялық мүдделерін қатаң түрде қорғауда.

Жұмақанов ағайындарының әке-шешесі сонау атеист заманында христианшыл дәстүрлерін сақтады. Ағасы Константинның есімі христиандарға демеушілік көрсеткен Рим императорының құрметіне берілген. Інісі Владимирдың есімі Ежелгі Русьті зорлықпен шоқындырған патшасының құрметіне берілген. Қазіргі таңда, шоқыншақ Константин ресейлік ФСБ-ның адал офицері болып табылады. Әрине, Қазақстандағы қауіпсіздік қызметін басқарған соң, Владимир ашық түрде христиан нанымдарын атқара алмайды. Таң қалдыратын нәрсе: ағасы шетел мемлекетінің арнайы қызметінде жұмыс істесе де, В. Жұмақановты өз лауазымынан ешкім босатпай жатыр. Бұндай әділетсіздік өткен заманның қызықты жағдайын есіме түсіреді. НКВД басшысы Генрих Ягоданы ұстаған тергеушілер оның үйінде тінту жүргізуі барысында көптеген секс-ойыншықтар тауып алды. Көрдіңіз бе? Екі жүзді жетекшілер өз халқына түрлі шектеулер қойса, өздері зинақорлығына белшесінен батуда.

zhumak

В. Жұмақановтың кейбір туысқандары ашаршылықтан қашып, Қытайға қоныс аударды. Енді, оралман ретінде еліне қайтуда. «Қайдасың, бауырым?» бағдарлама арқылы Қазақстандағы туыстарын іздеуіне кірісті. В. Жұмақанов сүйінші хабарды әкелген кісілердің бетін қайтарды: «Қайдан білейін? Мүмкін, Қытайдан келген туыстарым ҚХР-ның барлаушылары. Жоқ, кездеспеймін олармен». Эй, сорлы шала қазақ! Атаң басы, нені оттап тұрсың? Биліктің қалың ортасында жүрген ұйғыр Мәсімов пен бибауырмал (космополит) Тоқаев секілді агенттерін джалдаған қытайлықтар қатардағы қазақтарды қайтеді?!

Мәңгүрт В. Жұмақанов үшін Жаңаөзендегі қарусыз мұнайшылар, Шеңгелдідегі аңқау диқандар жәй биоматериал, унтерменш тобырымен пара-пар. Ресей агенттерінің сұмырай әрекеттеріне іштей дән риза. Бейнелеп айтқанда, Архангельскіден келіп түскен «архангелдер» Арқанкергендегі шекарашыларымызды құртты. Жан түршіктіретін қылмыс ГУЛаг жендеттерінің бай тәжірибесіне негізделген. 1991 жылдың 31 шілдесінде «Мядининкае» бекетінде жеті литвалық кеденшілер өлтірілген. Жалғыз ғана тірі қалған Томас Шярнастың айтуынша, автомат пен тапаншылармен қаруланған ОМОН-шылар оның әріптестерін атып кетті. 2011 жылында қабылданған Вильнюс қазы-билерінің үкімі бойынша, қанды балақ ОМОН-шылар анықталған – ресейлік азаматтар Александр Рыжов, Чеслав Млынник пен Андрей Лактионов.

Шымкенттың маңында апатқа ұшыраған шекара басшыларының ұшағы да күдікті ресейлік оқиғалармен үндес. Жүрегінің түгі бар Александр Лебедь пен Геннадий Трошев секілді нағыз әскери қолбасшылар да сүреңсіз Путин, Сечиндерге қолайлы әуе апаттарында шейіт болыпты. Ресей озбырлығына тойтарыс беруден тайсалмайтын Польшаның президенті Лех Качиньский де Кремль империялистеріне тиімді әуе апатында көзін жұмды. ҚСРО тарихына үңілсек, ұқсас жағдайларды табуы қиын емес. Террорист Павел Судоплатовтың естеліктеріне сәйкес, 1949 жылы Алматы маңында әуе апатына ұшыраған Шығыс Түркістан республикасының көсемдері Кеңес Одағының арнайы қызметтері операциясының құрбандары. Әрине, ресейліктерді жаппай айыптаудан аулақпын. Соның өзінде, солтүстік көршіміздің саяси мен әскери жетекшілерінің дені баяғы отаршыл пиғылдарынан күні бүгінгі дейін арылмады.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
21 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.