Дұрыс бағыттағы қорғаныс

Былтыр әскери саладағы бірнеше маңызды оқиғалар орын алды. Мысалы, Дағыстаннан келген браконьерлердің бірі шекарашыларымыздың оғынан қаза тапқан. Отардағы керемет әскери шеру өтті. Бірақ, неше түрлі жетістіктермен қатар елеулі олқылықтар да баршылық. Мысалы, Отардағы шеру Қырғызстан және Өзбекстанмен шекаралас аймақта өтті. Бұл мемлекеттердің тарапынан бізге айтарлықтай қауіп төнген жоқ. Әдеттегідей, осындай шаралардың басты мақсаты – қауіпті көршілерге күш көрсетуі болып табылады. Қазақстанның төңірегіндегі ең қауіпті мемлекеттер – Қытай мен Ресей. Бірақ, қорқақ билік РФ пен ҚХР шекараларының маңайында  әскери жаттығулар өткізбейді.  

 


 

Шын мәніндегі дербес ел болсақ, көптеген ресейлік пен қытайлық тыңшыларды әшкерелер едік, ресейлік ескірген әскери техникадан бас тартар едік. Көршілес Қырғызстан, Монголия және Өзбекстанмен қорғаныс саласындағы байланыстарымыз жеткіліксіз деңгейде қалып тұр. Сапалы еуропалық пен американдық әскери техниканы сатып алуына Ресей тыйым салуда. Әрине, қуыршақ Астаналықтар «Құп болады, тақсыр!» деп, мәскеуліктер берген бұйрықтарды мүлтіксіз орындауда. Қаракөз жетекшілер миллиардерлерге айналса да, баяғы шошқа баққан шопанның деңгейінде тұрақталған. Мәңгүрт деген ұғым көне заманның ғана аңызы емес. Қазіргі таңда, мәңгүртердің легі толастар емес.      

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.