Тұйыққа тірелетін жолдар

Марқұм кәріс алпауыты Владимир Нимен телефон арқылы сырласқанда, оңтүстік астанамыздың әкімі Ахметжан Есімов «май шелпек» деген оңай олжаны суреттейтін ұғымын тілге тиек ететін. Әрине, жоңғар Назарбай ағайдың арқасында көл-көсір табысқа кенелген мэр Есімов (оның шын тегі Мәсімов емес пе?) бұқара халқымыздың ақшасын еш қиналмай далаға шашуда. Шынтуайтқа келгенде, Алматы деген әсем қаламызда игі жұмыстар да атқарылуда. Көз құртын жейтін жаңа ғимараттар бой көтереді. Баяғы уақытта салынған үйлер әдемі түрде көркемделуде. Бірақ, кең көлемді қарқынды құрылыстың әттегенайлар да жоқ емес. Мысалы, қалалық жол салу саласына көз жүгіртейік. Әлбетте, көшелер мен даңғылдарымызды жайнап құлпырғаны алматылықтар үшін қуанышты жағдай емей немене? Алайда, бұндай оң мақсатымызға жетуі барысында орасан зор шығынға белшесінен батып тұрмыз. Парақорлықтың санатына жататын талай жолсыздықтарға тап боласыз. Мәселен, тас жол немесе тротуар толығымен жаңартылды. Көлік жүргізушілері мен жаяу адамдар жөнделген коммуникацияларды рақаттанып пайдаланбақ. Көп ұзамай жаңартылған жолды қайтадан қопарып, оның астындағы тозған құбырларды ауыстырады жылпос құрылыс компаниялары. Артық жұмысын жасап, қосымша пайдасының қызығын көреді қитұрқы біреулер. Салық төлеушілерінің есебінен қиратылған жолды жаңадан төсеуге мәжбүр боламыз.

Тас жолындағы автокөлік пен тиындардың уысы.

Капитализм деген экономикалық тәртіп кең етек алған жемқорлықтың басқа атауы. Сараң кәсіпкерлердің тойымсыз талаптары оларды жаңа қулық-сұмдықтарға итермелейді. Араны ашылған қазақ буржуазиясының пайдакүнемдігіне шек қою – екіталай дүние. Май шелпекті тапқан есімовшілер (мәсімовшілер) өліспей беріспейді. Соның өзінде, өзара тиімді түрде пайда табуға болар еді. Ең алдымен, шопан Есімов, жер астындағы құбырларды өзгертуі керек. Сосын, оның үстінен жаңа жол саласын, топас шапырашты!  Құда да тыныш, құдағи да разы. Қалың қалталы есімовшілер де кезекті табысына ие болмақ, қоғам да артық жұмысының ауыртпалығынан құтылмақ. Бірақ, Ахметжанның құлақ асатын түрі жоқ. 2009 жылы бокстан Қазақстан еңбек сіңірген бапкері Жұмабек Өмірзақов маған Есімов жөніндегі мынадай сипаттамасын берді: «Топас!» Әлгі бапкер кәдімгі жұдырық жұмсайтын әпербақан емес. Одақ кезінде биология ғылымдардың бойынша кандидаттық диссертациясын Мәскеуде қорғап алды. Демек, Өмірзақовтың сөзінің жаны бар екендігі тайға таңба басқандай байқалады.

Share Button
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Leave a Reply