Алматыдағы масон белгілері

Еліміздің қаржы және ғылыми орталығы саналатын Алматы қаламыз бөтен күштер ықпалынан тыс қалған жоқ. АҚШ пен Батыс Еуропаның біршама әділ сайлау жүйесі немесе салыстырмалы түрде еркін бұқаралық ақпарат құралдарын өнеге тұтсақ, құба-құп болар еді. Алайда, шетелдіктердің озық нәтижелерінен гөрі республикамызда өзге елдердің кесірлі пиғылдары орын алуда. Мысалы, масондар секілді зиянды қауым Қазақстанда көптеген қолдаушыларын тауып алды. Осы құпия қоғамының басты мақсаттары қандай? Бүкіл әлемді бағындырып, қансорғыш капитализмнің негізінде дүниежүзілік концлагерьді ұйымдастыруы. Сөз байлығымен ерекшеленетін ұлттық тілдердің орнына эсперанто тәріздес жасанды әрі бибауырмал (космополит) тілдерді қолданысқа енгізу. Адам табиғатына ерсі келетін жыныстық қатынастарды насихаттау.

DSC00730

Әдеттегідей, шетелдіктер алдында бәйек қағатын қазекеңдердің арасында масондарды да жан-тәнімен қолдайтын адасқан жандар пайда болыпты. Мәселен, үш-төрт жыл бұрын Жароков пен Шевченко көшелерінің қиылысында бой көтерген әкімшілік ғимараттың сыртқы түрі масон символикасына толы. Оның төбесінде кішігірім пирамида салынған. Жоғарғы қабаттарының әлпеті төменде жүрген пенделерді бақылайтын үкі келбетіне ұқсайды. 1976 жылы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының төбесінде тірі жандарды қадағалайтын пирамидасы қойылған. Луврдағы аты-шулы пирамиданың өзі 1989 жылы ғана салынған. Кейбір жағдайларда, қазақ масондары шетел мұғалімдерінен асып түседі! Мынадай мысалдар жай ғана белгілер деп есептеледі. Ал, іс жүзінде алматылық әкімшілік қарапайым халқымызды бақылау үшін көп қабатты тұрғын үйлерімізге бейнекамераларды орнатуына кірісті. Тіс қаққан қылмыскер үшін бейнекамера – түк емес. Содыр бетін бүркейді немесе камераны сындырады. Бірақ, бейкүнә қандастарымызды әлгі камералар тәулік бойы қадағаламақ.

250px-FrostTower-Feb2009

Әрине, бұндай масондық белгілерді орнатқанда жергілікті белсенділер шетелдік ағайындардан үлгі алады. Мысалы, 2003 жылы салынған Техас штатының Остин деген астанасында «Фрост» банкінің штаб-пәтері зәулім үкі сияқты көрінеді. Мұхиттың арғы жағындағы шеберлердің алматылық шәкірттері көп ұзамай әсем қаламыздың ажарлы бейнесін сорақы масондық ғимаратпен бүлдірді.

Share
Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
151 views

Leave a Reply