Қорғансыз қалған бейкүнә құрбандар

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2014 жылдың 12 қаңтарында Гюмри деген армян қаласында орыс жауынгері Валерий Пермяков Аветисян отбасының алты бірдей мүшелерін өлтірді. Қаныпезер қылмыскер дардай бір әулетінің тамырына балта шапты. Бәлкім, бейшара армяндар Ресей келімсегін тікенектей сөзімен шетқақпайлады. Қалай десек те, Пермяковтың жан түршіктіретін іс-әрекетіне дәйекті себепті табу мүмкін емес шығар. Қару-жарақсыз тіршілік ететін қарапайым адамдар қаруланған содырлардың алдында ешбір қарсылық көрсете алмас. Жаңаөзендегі бейбіт мұнайшылар буржуазия үкіметі жендеттерінің қолынан қаза тапты. Астанадағы қорғансыз Есімсейітов жанұясының екіқабат әйелі мен үш бірдей балаларын келімсек  Олег Евлоев деген қарақшы өлтірген-ді. Егер еліміздегі заң сыйлайтын азаматтарымызға тапанша мен автомат сияқты қару-жарақ еркін сатылса, Маңғыстаулық жұмысшылар мен бас қаламыздағы бейбіт тұрғындар қанды балақ қасапшыларға әлдеқандай тойтарыс берер еді.

xbtx6meziol8-_1_.jpg.pagespeed.ic.NY6fS7mNR6

Жоғарыда келтірілген сұмдық оқиғалар, Қазақстан мен Ресейдегі психиатрия саласын мүшкіл халін аңғартса керек. Владислав Челах пен Валерий Пермяков секілді шала сауатты, қылмыскер туысқандары бар есерсоқтау бозбалаларға жойқын қару-жарақ тапсырылған. Олардың психиатрия тексерісі үстірт түрде өткізілген. Психиатрлардың шалағай әдістеріне өз басым куә болдым. 2009 жылдың көктемінде, Медеу аудандық әскери комиссариатындағы дәрігерлердің жұмысын бақыладым. Стоматолог немесе хирург тәріздес нақты мамандар өз міндеттерін тиянақты түрде атқарды. Тіс немесе сүйек кемшіліктері бар жастарды бірден анықтаған-ды. Ал, шығыс ұлтының өкілі болып табылатын, «психиатр» деген дүдәмал атағы бар қатын негізінен әскери қызметке шақырылған бозбалалардың аты-жөнін сұрап, сонымен қанағат тұтты. Кейде, оның жеке талғамына ерсі боп көрінетін жігіттерді орынсыз әрі дөрекі сұрақтарымен қинады: «Сен нашақор емессің бе?» Әрине, шарлатан бақсының өтірік емдеуден айырмашылығы шамалы психиатрлардың күмәнді әрекеттерінің салдарынан бүкіл қоғамымыз зәбір көруде.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.