«Украин» саясаткерлерінің шынайы келбеті

Жақында, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили украин азаматтығын алып, Одесса аймағының әкімі атанды. Жырақта жүрген қаншама кекілді ағайындар ұзақ жылдар бойынша украин төлқұжатын иеленуін аңсайды. Ал, шынжыр балақ, шұбар төс батоно Миша тез арада украин азаматтығын иеленіп, сонымен қатар еуропалық елдегі жоғары лауазымға тағайындалған. Демек, Украинаның буржуазиялық үкіметі ең алдымен әл-ауқатты адамдарды көтермелейді. Оған қоса, Киев билігінің тізгінін ұстаған бибауырмал ебрейлер мен қапқаздықтар көбінесе қандастарын қолдап, оларды түкпір-түкпірінен жинауда. Петр Порошенко, Арсений Яценюк, Александр Турчинов пен Владимир Гройсман секілді ебрей халқының бетке ұстар өкілдері өз ұлтына қолынан келгенше септігін тигізеді. Арсен Аваков пен Эка Гуладзе тәріздес Қап тауының тумалары да қарап қалған жоқ. Ұйымшыл келімсектердің арасында берекесі жоқ украиндықтардың үні шықпас, сірә.

20140301_LDP007_0

Намысын қолдан берген кекілді ағайындар, Қырым түбегі іспеттес ғажайып аймағын орыс басқыншыларына бірде-бір оғын атпай аманат еткендей  тапсырып кетті. Кешірілмейтін шегініс жасаған украиндықтар енді үкімет орындарын бөтен кісілерге таратуда. Нәтижесінде, Шығыс Еуропаның байырғы тұрғындары жаңа жеңілістерге душар болды: Дебальцево мен Иловайск «қазандарында» мыңдаған украиндықтар қаза тапты, Донецк әуежайының аумағын жауға қалдырған. Қайғылы ұтылыстарына қарамастан, бишара украин қоғамы жат өкілдерін құшақ жая қарсы алуда. Әрине, жырынды орыс отаршылдары кекілді аңқаулардың кемшіліктерін мейлінше пайдалануда. Сонымен, Киев басшыларының сенімінен шыққан орыс тыңшылары мен сырттан келген бөтен жандары бірлесе отырып, украин елін талан-таражға салуда.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply