Несібелі шешен

Ділмар, сөзуар дарын иелеріне халқымыз кенде емес. Олардың көбісі, жоғары білім алған кәсіби ақын-жазушылар екендігі баршамызға аян. Бірақ, қазіргі заманның қазақи қаламгерлері негізінен шапырашты билігін мадақтауда. Тілі жүйрік айтыскерлердің де басым көпшілігі, орысшыл бастықтардың алдында бәйек қағуда. Абырой болғанда, бүгінгі рухани жағдайымыз мансапқор жазғыштармен шектелмейді. Қазағуар қауымға бейтаныс Несібелі Сәрсенбайқызы Мауқова еліміз үшін адал қызмет етуде. Жетісу өңірінде, тракторист ретінде ауыл шаруашылық саламызға өз үлесін қосты. Сол үшін, Несібелі ханым кеңес үкіметінің тарапынан бірнеше демалыс жолдамаларына ие болды. Куйбышев, Ленинград пен Мәскеу тәріздес ірі қалаларға сапар шекті. Қант өндірісінде бірсыпыра жұмысын атқарды.

15062015018

Шынтуайтқа келгенде, Н. Мауқова мектепте нашар оқыды. Оның жоғары білімі де жоқ. Бірақ, Несібелінің шешендік өнері – табиғи қасиет іспеттес қабілеті. Мысалы, жолақ-жолақ плащымен жамылған қансорғыш полицайлерді ол «жылан қабығын кигендер» деп сипаттайды. Гүлденген қыздарға құмарлық танытатын қаусаған шалдарды Несібелі «шегірткенің айғыры» деп тікенектей сөзімен түйреп тастайды. Осындай ащы сипаттама тіпті орыс әдебиетінде қалыптасқан «мышиный жеребчик» сөйлемнен де асып түседі. «Микроавтобус» техникалық ұғымын Н. Мауқова «он кісілік автобус» деп тамаша аударды. Кәсіби журналист Марат Тоқашбаев «ұялы телефон» атауын «қалтафон» деп әдемі тәржімеледі. Қарапайым әйел Несібелінің көркем сөз дарындылығы білікті мамандардың қабілеттерінен де еш кем түспейді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply