Аспанға қарай ұмтылыс

«Саяхат» әуе компаниясының негізін қалаған Владимир Куропатенко қазіргі таңда республикамыздың әуе тасушылары қауымдастығының жетекшісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл кісі украин «Антонов» ұшақ өндірісімен бірге елімізде жүк ұшақтарын шығаруға талпынады. Владимир Васильевич Ресей генералы Талғат Мұсабаевтың ескі досы. Сондықтан, оның ой-пікірлері әуе саласын зерттейтін қауымының қызығушылығын тудырады. Мысалы, В. Куропатенконың айтуынша, 1976 жылы дейін Кеңес Одағының азаматтық авиациясы шығынға душар болды. Соған қарамастан, КСРО үкіметі көлік саласына елеулі қаржы-қаражатын жұмсады. Өйткені, жолаушылар мен жүкті тасымалдауы халық шаруашылығы үшін аса маңызды екендігіне коммунисттердің көзі жетті. Иә, бүгін әуе саласы тиімсіз болса, ертең оның жемісін бүкіл мемлекет пайдаланбақ. Ал, Қазақстан басшылары азаматтық авиациясының маңыздылығын түсінбей, оның дамуына тиісті назарын аудармайды. Есесіне, табиғи байлықтар мен валюта қоры жағынан бізден төменірек тұратын Өзбекстанның өзінде азаматтық авиациясының жағдайы бізге қарағанда әлдеқайда тәуірлеу. Өйткені, оңтүстік көршілеріміз әуе жолдарын дамуын мемлекет деңгейінде қолдайды.

1197

В. Куропатенконың деректеріне сүйенсек, КСРО бойынша Азаматтық авиациясының Қазақ басқармасы (КУГА) «Аэрофлот – халықаралық әуе жолдары» мен Азаматтық авиациясының Украина басқармасынан кейінгі үшінші орынға табан тіреді. КУГА-ның құрамасында 25 000-ға жуық қызметкерлер жұмыс істеді, олардың арасында шамамен 10 000 адам жоғары авиациялық білім иелері болған еді. Бірақ, бүгінгі таңда азаматтық авиациямыздың жағдайы көңілдегідей емес. Мысалы, «Эйр Астана» деген негізгі әуе компаниямыз шын мәніндегі аспандағы жолаушы мен жүк тасымалдаушысы емес. Себебі, оның меншігінде ұшақтар жоқ. «Эйр Астана» Аруба деген аралы (офшор зонасы) арқылы шетел ұшақтарын жалға алады (лизинг). Сонымен, жеке адамдардың ақша табысын молайту үшін мынадай қитұрқы әрекеттеріне барады ғой «ұлттық» компаниямыз. Украин Куропатенконың өзі наразылығын танытады: «Қай себептен «Эйр Астананың» бастығы лауазымына ағылшын азаматы тағайындалған?! Қазақтар арасында лайықты үміткерлер жоқ па?». Дегенмен, кейбір мәселелер бойынша Ресей саясатын жақтайтын Владимир Васильевич мырза ең алдымен Қазақстанның жанашыры әрі жанкүйері.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
5 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.