Шапырашты жағымпаздары

Әрине, рушылдық індеті еліміздің дамуына нұқсан келтіруде. Ең алдымен, әркімнің жеке қабілеттері бейтарап түрде бағалануға тиіс. Пәлен адамның туыстарын мен ата-бабаларын қайтесіз? Есесіне, оның сіңген еңбегін, қол жеткен нәтижелерін пайымдағаны жөн. Бірақ, қазіргі Қазақстанның рушыл билігі шапыраштылардың ордасына айналды. Халықаралық қатынастарда төмендеу деңгейіміз көбінесе осы ру өкілдерінің ебедейсіз саясатының салдарынан пайда болды. Сондықтан, осы мәселені жіті қадағалауға мәжбүрміз.

Ақын Жамбыл Жабаевтан (1846-1945) бастап шапырашты белсенділері Кремль алдында аса шеберлігімен бәйек қағуда. Осы жыршының Екінші әлем соғысының барысында құрастырылған әйгілі өлеңі мынадай жолдарымен танымал:

«Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін…»

Ұйқасшыл қария жырақтағы бөтен жұртқа бүйрегін бұрды. Бірақ, Жамбыл жиырмасыншы жылдардың соңында, отызыншы жылдардың басында ашаршылықтан қырылған қазекеңдерге бірде-бір өлеңін арнамады. Айтпақшы, аласапыран соғыстың алдында ақсақал шайырды Гүржістанның жұрты құшақ жая қарсы алды. Әдеттегідей, ұлтшыл қапқаздықтар қазақтарға шекесінен қарайды. Жазушы Константин Гамсахурдия «Құрылысшы Давид» эпопеясында біздің ата-бабаларымызды ит жегіш ретінде сипаттады. Кинорежиссер Георгий Данелия өз фильмдерінде түркітілдес пен азиялық халықтарды ылғи мазақтайды. Төреші Борис Цхвирашвили шала ұйғыр бапкері Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, талай қазақ боксшыларының жолын кесті. Ал, жарамсақ Жамбылды тіпті тәкаппар гүржілердің өзі құрметтеді.

image109031

Ұзынағаш, 2015 жылы

Оның ізбасарларының бірі, шапырашты Тұманбай Молдағалиев те (1935-2011) өз шығармаларында Мәскеудің сойылын соққан болатын. Мысалы, өзіңіз қараңызшы, қалай ол «Теңіз кешіп» өлеңінде Ресейді туған жеріндей жырлайды:

«Россиямның аязын құшақтадым,

Жүре берді тынысым кеңейді де.

Мәңгі жаз боп тұратын Филиппеннен,

Сібір қысы өзіме керегірек».

Сонымен шектелмей, Т. Молдағалиев ресейлік табиғатпен бірге оның ішкіштік дәстүрлерін де әспеттейді. «Алатау қызы» шығармасында маскүнемдіктің кесірі бейне-бір өнердей дәріптеген:

«Рюмка толса шарапқа,

Орнынан баяу қозғалып,

Тамағын кенеп алад та

Сөйлейді бірі сөз алып.

 

Қостайды оны өзгесі,

Өзгесі түгел қолдайтын.

Әркімнің бар ғой өз кеші,

Басқалар ұғып болмайтын».

Арақ-шарапты пір тұтқан Тұманбай сонау Хрущевтік заманнан бастап, көбінесе сепаратист ағымдарына бейім сарт халқының мәртебесін көтеруіне ат салысты. Мәселен, келесі ақындық жолдарды оқып шығыңызшы:

«Су жүрек боп сөз айта алмай кеттім-ау,

Сұлу еді-ау ұйғырлардың қыздары…»

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева – шала ұйғыр келіншегі екен. Демек, саясаткер Нұрсұлтан рулас ақынының өсиетін іске асырды.

Белгілі режиссер Абдолла Қарсақбаев (1926-1983) орыс ағайындарының көркеюіне қолынан келгенше үлес қосты. «Алты жасар Алпамыс» балалар көркем фильмінде қазақ әйелдері көбінесе артта қалған, сүйкімсіз кейіпкерлер ретінде көрсетілген. Өз кезегінде, осы қойылымдағы Варя деген жалғыз орыс әйел кейіпкері аса әдемі ұрғашы ретінде сомдалған. Тіпті, балақай Алпамыстың өзі әлгі Варяға ғашық боп шықты. Армян жігітіне тиген славян-балт социологы Ирина Атаян менің назарымды бұл жағдайға аудартты. Еркек болған соң, мен бұндай жәйттерді онша байқай бермеймін. Әрине, Ресейге берілген шапыраштының жағымпаз қылықтары өнер саласымен ғана шектелмейді.

Ұшақтарды айдайтын гимнаст Талғат Мұсабаев та Ресей үшін көп жылдар бойы адал қызмет етуде. Солтүстік көршіміздің азаматы ретінде ғарышқа ұшты, ресейлік генерал-майор әскери атағына қол жеткізді. Оның бала-шағасы Мәскеуде өмір сүреді. Т. Мұсабаев еліміздің ғарыш саласының жетекшісі ретінде негізінен Қызылорда мен Қарағанды аймақтарын уландыратын ресейлік гептилге қарсылық танытпайды. Әйтеуір, шапырашты жайлауларын ластамайды ғой әлгі зиянды зымыран отыны. Сонымен, шала татар ғарышкерін Ресей жанашыры десек қателеспейміз. Орыс тілді Тәке жер орбитасына шығып, ғарыш станциясынан Юрий Визбордың «Милая моя, солнышко лесное» әнін қалай шырқады десеңші! Оның орыс тіліне шорқақ баяғы заманның руластары «ақ патшаны» қазақша мадақтады. Демек, ол ресейшіл қара Ивандардың жаңа буынының ең көрнекті өкілдерінің бірі.

Әлбетте, басқа рулардың арасында да сатқын қайраткерлердің бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Орыс тыңшысы Шоқан Уәлиханов, орысқұл бикеш Дариға Назарбаева және АҚШ, Қытай мен Ресейдің үш тұғырлы агенті Қасым-Жомарт Тоқаев сияқтылар шапырашты руына қатысы жоқ қазақтар. Жә, шапырашты екеш шапыраштының қатарында да сазгер Нұрғиса Тілендиев секілді біртуар тұлғалар баршылық. Алайда, КСРО мен Ресейдің арандатушы саясатының салдарынан шапыраштылар әкімсымақ тобырына айналып кетті. Олардың арасында дарынды ғалымдар атымен жоқ. Бөтен қожалардың алдында бәйек қағатын шапыраштының сөзуар ақындары, жалпақ шешей лауазым иелері жалпы алғанда Қазақстанның беделіне нұқсан келтіреді. Ол ол ма, шапыраштының қорғаны есептелетін Қалмұханбет Қасымов деген қыли көзді жоңғар батыры Маңғыстаудағы қарусыз қазақтың жанын алған әскери қылмыскер. Сайып келгенде, еліміздегі қаншама қалалар мен көшелер бөтен атауларынан айырылса да, шапыраштының жоңғар ата-бабаларының құрметіне аталған Қаскелең мен Шамалған топонимдердің өзгеретін түрі жоқ. Әрине, сонымен қатар орыс бекіністері Павлодар мен Петропавловск және Ұйғыр ауданы деген сепаратизмнің ұясы да өз аттарын өліспей беріспейді.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
36 views

Leave a Reply