Баяны жоқ төл насихатымыз

Әр елдің мығым ұстанымы өнеркәсіп, ақша мен қару-жарақтың күшімен ғана емес, рухани әдістермен де нығайтылады. Бай адам қанша мықты болса да, жоғары жаққа жетелейтін мақсаты болмаса – адасып кетеді. Сондықтан, рухани бағдардың маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды.

Татар-қазақ эстрадалық әншісі Бибигүл Төлегенова халық әндерін де асқан шеберлігімен орындады. Баршамызға танымал көркем фильмдерге де түскен болатын. Демек, осы кісінің біздің мәдениетке қосқан үлесі баршылық. Алайда, сыпайы Бибигүл Ахметқызының шикі жерлері де жоқ емес. Сенімді ақпарат көзінің айтуынша, Б. Төлегенова орыс православ шіркеуіне кірді. Қазақстандағы осы діни ұйымның жетекшісінің өзі татар-қазақ әншісін шоқындырып, орыс атын қойды. Кезінде, Жамбыл аймағының тұрғыны, тараздық Ербол деген курстасым пәлен қазақ ұры-қарақшысын орыс православ шіркеуінің жетекшісі, патриарх Алексий Екіншісінің өзі шоқындырды деп баяндады. Көрдіңіз бе, діни дөкейлердің алдында жырынды қылмыскердің беделі ән шырқайтын кейіпкерден әлдеқайда жоғары. Әрине, заң бойынша қандай болса дін немесе дінсіздікті қабылдауына әркімнің қалау құқығы бар. Кез келген адамның ішкі дүниесіне бас сұғуға болмайды. Бірақ, жеке тұлғаның рухани таңдауы оның қоғамдық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Сондықтан, осы тақырыпты қозғағанымыз дұрыс болар еді.

Жыл өткен сайын, сайрауық апайымыздың экономикалық пен саяси пікірлері қазақи ұстанымдардан алшақтап бара жатыр. Мысалы, 2011 жылдың қыркүйек айында аталған әнші мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруіне шақырған ашық хатқа қойылған қолынан бас тартты. Себебі, мансапқор бикеш әлгі аты-шулы хаттың талаптарына наразылық білдірген орысшыл қауымның тікбақай ұстанымынан сескеніп, өзінің оннан астам ұлт өкілдері бар аралас-құралас отбасы мен татар шешесін тілге тиек етті. Ақыр соңында, Ата заңымыздан орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауы христианшыл «бұлбұл» үшін ерсі боп көрінді. Ал, 2016 жылдың наурыз айында, Ұлыстың ұлы күніне орай шоқынды апайымыз тағы да «кемеңгерлігін» танытты. Оның ойынша, бүгінгі таңда ешқандай дағдарыс жоқ, төрт құбыламыз тең. Сонымен қатар, ол қазіргі «мәз-мейрам» тіршілігімізді мадақтап, Кеңес Одағының кезіндегі көрген «қиыншылықтарын» келтірді. Сөз жоқ, миллиардер Нұржан Сұбханбердин шешесінің досы Бибигүл үшін бүгінгі дағдарыс түк емес. Өзімшіл Төлегенова халқымыздың басына туған қилы заманды пысқырмайды. Ал, ергежейлі Бибигүлді өнер биігіне жетелеп алған, оған Халық әртісі мен Социалистік Еңбек Ері атағын, Мемлекеттік сыйлығын табыстаған КСРО билігін сынағаны тіпті оғаш көрінеді.

vlcsnap-2016-07-17-00h04m32s581

Кезінде, татар-қазақ алпауыты Дінмұхамед Қонаев әлгі «бұлбұл» мен Алжас Сулейменов деген бақсы ақынына Алматының қақ ортасында салынған керемет пәтерлерді сыйға тартты. Әлбетте, мансапқор өнер иелері коммунистік партияны қолпаштауға мәжбүр болды. Енді, тарихи жағдай өзгерген соң Бибигүл мен Алжастың «әндері» де өзгерді. Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы… Төлегенова ханым қазақстандықтар үшін аса қымбат Пасха мерекесін тойлайды. Өз кезегінде, Алжас мырза ресейлік ғарыш саласына арналған «Гептилге табын жер, енді!» поэмасын жазуға кіріскен-міс. Айтпақшы, космосқа да қатысты рухани тұрғыдан алып қарағанда ойландыратын жәйттер жоқ емес. Руы найман ғарышкер Айдын Айымбетов космосқа ұшуы алдында орыс побының батасын алды. Космонавттың туысқандары оған орыс тілінде сәттілік тіледі. Аға ұрпақтың орысшылдығын жаңа буын абыройымен жалғастырмақшы! Соңғы жылдарда, атымен қазақ, затымен қара Иван полицайлері Шаңырақ, Жаңаөзен мен Ақтөбедегі талай аш-жалаңаш, жұмыссыз киргиз-кайсактардың өмірін қиды. Әрине, погон киген жендеттер ең алдымен қомақты зейнетақысы, әлеуметтік жеңілдіктері үшін қылмыстық белсенділік танытты. Бірақ, оған қоса қоғамымыздың рухани науқасының белгілері қылтиып тұр. Қарусыз киргиз-кайсактармен өршелене соғысқан қара Ивандардың арасында шоқынғандардың саны аз емес. Мәселен, Ресейдің татар-қазақ жандаралы Рашид Нұрғалиев пен татар-қазақ әкімі Амангелді Төлеев сынды бастықтары орыс православ шіркеуіне кірген кісілер. Қазақстан еуразиялық экономикалық одақ арқылы Ресейге қосылды. Сондықтан, солтүстік көршіміздің рухани дәстүрлері бізге де зор ықпал етуде.

Өнер саласына қайтадан оралсақ, Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясы мен Чайковский атындағы музыкалық колледжін тілге тиек етейік. Осы мәдени мекемелерде қызмет ететін бірнеше қазақтар Бибигүл апайымыздай шоқынған. Әрине, мынадай бибауырмал қандастарымыз шіркеуде ән салып, орган ойнап әжептеуір табысқа қол жеткізді. Сондықтан, көп жағдайларда христиан тапсырыс берушілеріне ризашылығын білдіріп, крест жорықшыларының дінін қабылдады. Кейбір жағдайларда бұндай рухани опасыздық аморальды жүріс-тұрысына соқтырады. Мысалы, дауысы жіңішке шоқынды әнші Ерік Құрманғалиевтің қызтеке болғандығы жасырын емес. Сонымен қатар, әйелше ән салатын Ерік бауырымыз балағат сөздерге әуес болды. Әлбетте, кез келген дінді кесірлі нәрсе деп есептеймін. Ең дұрысы, ғылыми атеизмді ұстағанымыз жөн. Құрып кеткенде, ата-бабаларымыз табынған Тәңірге құлшылық етейік!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Leave a Reply