Жырақта жүрген батыр
Жырақта жүрген батыр

Жырақта жүрген батыр

Views: 456

Шетелдегі қандастарымыздың арасында, қазақ диаспорасы үшін көп еңбегі сіңірген отбасылардың бірі де бірегейі — Найман әулеті болып табылады. Оның отағасы, Шәріп Найман (1932 ж. – 4 тамыз 2013 ж.), Қытайда туып-өсті. Одан әрі, Алмания, Түркия мен Сауд Арабиясында өмір сүрді. Әрқашан, қазақи дәстүрлердің жолын ұстаған хас ер азамат болған еді. 1988 жылы, Мюнхендегі пәтерінде Мұстафа Өзтүрік пен Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Тарихи отанына 1992 жылы сапар шеккенде, Димаш Ахметұлымен жолықты. Демек, Шәкең қолынан келгенше қазақтар үшін жағдай жасауға тырысты.

Солдан оңға қарай: Шәріп Найман, Иманғали Тасмағамбетов пен Мұстафа Өзтүрік.

2011 жылы, мені де “Бавария” аяқдоп клубының қаласындағы Наймандардың үйіне дәм айдап келді. Аяулы ақсақал дәл сол уақытта Түркияда тіршілік етті. Оның баласы, Махмұд, жұбайы мен ұлымен бірге мені қарсы алды. Олардың жарқын шаңырағына батамды бердім. Түрік азаматы Махмұд мырза Алманияда көптеген жылдар бойы жұмыс істесе де, неміс азаматтығын алуға құштар емес. Есесіне, Алманияға қатысты біраз жан түршігерлік әңгіме-дүкен құрды. Мысалы, жергілікті полицияның бейресми қолдауындағы неонацист қылмыскерлері бірнеше түркітілдес тұрғындарды өлтірді. Әрине, Темірқазықтай тірегі бар ұлтшыл қанішерлер ешқандай жазасын шекпеді.

Солдан оңға қарай: Бошай Кітапбаев, Шәріп Найман мен Дінмұхаммед Қонаев.

Міне, осындай бөтен, күрделі ортада қазақи өмір сүретін Махмұд Найман батыр емей немене? Алматының өзінде, жарамсақтанып кеткен ұлты “қазақ” қазақстандықтар шетелдіктер алдында құрдай жорғалайды. Еліміздегі ең ірі дүкендердің бірі “Заңғар“-дың атын өзгертіп, орысша ЦУМ деп азан шақырды. Өркениетті елдердің дұшпанына айналған Мәскеудің құрметіне алматылық метроның бекетіне “Москва” деген сорақы атауын қойғызды. Ағылшын пен орыс тілдеріне қосылып, қытай тілі де киргиз-кайсактардың сөйленісінің мәртебесін одан әрі төмендетсе, таң қалмаңыз. Найман әулеті қарапайым еңбекші қазақтары болса да, кейбір бибауырмал миллиардерлерімізден әлдеқайда артық!

Солдан оңға қарай: Махмұт Найманның әйелі, Данияр Наурыз бен Махмұт Найман.

Биыл, желтоқсан айында Имекең өз алпыс жылдығын тойламақшы. Оның мерейтойына Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан-алуан қонақтар келмекші. Шетелден де бірнеше құрметті меймандар күтілуде: эстрадалық сазгер Игорь Крутой, пианист Денис Мацуев, эстрадалық әнші Дима Маликов… Бұндай дарабоз тұлғалармен қатар қарайбайыр қазақ патриоты Махмұд Найман және оның жарын кеңпейілді Имекең өз мерейтойының төріне жайғастырса, тақиямызға тар келмес еді. Шәріп ақсақалдың аруағы да көрінде бір аунап түсер еді.

Махмұд Найманның “Вацабы“: +49 176 40 212 783
Оның Фейсбуктегі есімі: Mahmud Niyaz Naymans

Likes(1)Dislikes(0)
448 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

One comment

Leave a Reply