Бейнебақылау астында қалған бейбақтар

Біздің есігіміздің үстінде орнатылған бейнекамераны алып тастадық, өйткені ҚР Конституциясының 18 бабына сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

Осы оқиғадан бұрын, талай рет әлгі камераның объективін скотчпен жабыстырдық. Бірақ, оны орнатқан коммуналдық қызметтер заңсыз бейнебақылауды жоюға ешбір қимылын жасамады. Мынадай келеңсіз құбылыс жайында бірнеше рет хабарластық тиісті қызметтерге.

Амалсыз, 2016 жылдың 12 қазаны, Медеу аудандық прокуратурасына арыз жаздық. Бірнеше күннен соң, аудан прокурорының көмекшісі бізге хабарласты, әлгі камераны аудан әкімшілігі арқылы алып тастатуға уәдесін берді.

Ақырында, мемлекет те бізге көмектеспеді.

Айтпақшы, байқағаным: соңғы жылдары қазақстандық прокуратураның деңгейі едәуір төмендеді. Оған қарағанда милиционерлер, қазы-билер, тыңшылардың десі басым. Мысалы, 2011 жылғы жазында Алматы қаласының қазы-билері жүргізген азаматтық іс бойынша мәжіліс көзімнің алдында өтті. Жеке тұлға қалалық әкімшіліктің бір басқармасына қарсы арызын берді. Неше түрлі грамматикалық пен процессуалдық қателіктері бар аудандық қазы-билердің шешімін жойғызуға үміттенді әлгі жеке тұлға. Әрине, қара сүйек пенде оңбай ұтылды, өйткені қалалық әкімшілік азаматтық істерде әрқашан дегеніне жетеді. Әлгі процеске қырық-қырық бес жасар прокурор қатысты. Түрі шаршаған, жігерсіз келіншек әкімшілікті жақтаған шабытты қазы-билерге ешбір тойтарыс бермей, бір ауыз сөзін қатып бәріне көнді. Бюджетімізді шығындайтын мынадай прокурордың қажеті шамалы. Далада жүгірген алты жасар балақай да, мүлтіксіз айта алады: «Бәрі дұрыс, ешқандай қарсылығым жоқ».

1991 жылы, мәскеулік прокурор Виктор Илюхин сол кездегі алпауыт саясаткер, КСРО президенті Михаил Горбачевке қарсы қылмыстық іс қозғады. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында, американдық прокурор Кеннет Старр АҚШ президенті Билл Клинтонға қарсы тергеу жүргізді. Әрине, Қазақстан «заң» қадағалаушыларының дәл осындай ерлігі біз үш ұйықтасақ та, түсімізге кірмейді. Бірақ, ірі қылмыстық істерді ауыздықтауға қолы келмейтін прокурорларымыз көптеген жағдайларда ұсақтау заң бұзушылықтарын да тыя алмай жүр. Есесіне, өздері кейде қылмыстың шатағына ілінеді. Мынадай пікірдің айғақтарының бірі – осы ақпарат. Әрине, қаза тапқан прокурор-ханым да адам баласы емес пе? Оны да аяйсын бір шетінен. Бірақ, бұл қылмыстық оқиғаға қатысты қисынды сұрақ пайда болады: қарыз беруі үшін 240 000 долларды қайдан тапты кәдімгі прокуратура қызметкері? Демек, оның жалпы байлығы кемінде бірнеше миллион доллар болған шығар. Жә, ол аудандық деңгейдегі қарабайыр прокурор ғана. Ал, жоғары сатылардағы «заң» қадағалаушыларының байлығы сонда қандай екен? Ысқырығы жер жаратын жемқорлықпен күресінің науқаны қай себептен осындай парақорларды құрықтамай жатыр?

Лажсыз, өзіміз әлгі камераны қисайттық, жерге қарай оны тұқыртып. Енді, осы фирма камерасын сәл жылжытып, оны қайтадан орнатты. Баяғы жартас – сол жартас: бізге келіп-кететін кісілер жаңадан бақылауға алынған.

Мүмкін, кісі өміріне килігетін фирмалардың осындай заңсыз әрекеттері «Қауіпсіз қаладағы» қауіпті құбылыс» мақаламызға берілген ебедейсіз жауабы болып табылады. Еліміз шарықтаған жұмыссыздық пен құлдыраған теңгенің құнсыздануы сияқты апатты жағдайына душар болуда. Халық шаруашылықтың аса маңызды салалары – азаматтық авиация мен қаржы сектор – көбінесе шетелдіктердің қадағалауында. Міне, осындай кесірлі құбылыстар жоюының орнына, қазақстандықтардың икемсіз билігі қатардағы адамдардың жеке өмірін тәулік бойы бақылауға әрекеттенеді. Мектеп оқушыларына берілетін тегін азық-түлік күрт қысқартылды. Алайда, бейнебақылау сияқты концлагерь құрал-жабдықтарына қазақтың байлығын аямай жұмсайды құтырып кеткен билік.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Leave a Reply