Қос тілдік саясатының баяғы жартасы

Орыс халқының демографиялық жағдайы Ресейдің жанашырларын көптен бері алаңдатуда.  Жалпы алғанда, осы ұлыстың саны азайып барады. Сондықтан, олар ескі әдеті бойынша көршілес елдерді құжынаған жасақтарымен қаптатып, отаршыл мақсаттарына жете алмас. Өйткені, ірі соғыс үшін орасан зор әскерін қайдан алмақ кеміп кететін Мәскеу? Соның өзінде, бүгінгі орыс армиясы оңай шағылатын жаңғақ емес екендігі айдан анық. Бірақ, Кремльдің империялық күнтізбесін озбыр генералдардың қара күші ғана түгендей алмайды. Сайып келгенде, оның тіл саясатының да отаршыл қару-жараққа айналғаның сыры осында. Украинадағы орыс тілі мәртебесін сылтау етіп, осы шығыс еуропалық мемлекетті қыспаққа алды қатыгез Ресей.

Қазақстандық үрейшіл үкімет іргелес агрессордың көңілінен шығуы үшін, қолынан келгенше еліміздегі орыс тілі мәртебесін асқақтата жіберді. Күн сайын Қазақстандағы орыстардың саны азайып кетсе де,  Ресейдің мемлекет тілі киргиз-кайсактардың басты тілі ретінде қала береді. Төл теңгеміздің бетінен Абай мен Шоқанды аластатып, орыс жазбаларын қойғыздық ұлттық валютамызға. Телеарналарымыздың ең тиімді уақытында бөтен елдің тілінде сайрайды киргиз-кайсак жүргізушілері. Ішкі рейстерге қатысты хабарландырулар орыс тілінде де айтылады әуежайларымызда. Ондай тәртібі сонау Кеңес Одағының дәуірінен келе жатып мызғымай орындалуда.  Демек, еліміздің тіл саясаты Ресейдің қос тілді Башкирия мен Татария губернияларындағы жағдайдан айнымайды.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
10 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.