Төбесін көрсетпеген елші

Кеше, 2018 жылдың 18 мамырында Украинаның астанасы Киев қаласында Қырым татарлары депортациясының еске алу күніне орай маңызды жиын өтті. Кәрі шаһардың қақ ортасында, Богдан Хмельницкий ескерткішінің жанында ел президенті Петр Порошенко басшылық еткен қаралы шара ұйымдастырылды. Украинаның жетекшісі өз баяндамасында бауырлас халқымыздың мүшкіл халін тілге тиек етіп, қайтадан орыс басқыншыларын жазғырды. Аталған жиынға бірнеше шетелдік дипломаттар қатысты.

Президент сөзінен кейін Украинадағы АҚШ елшісі Мари Йованович ханыммен тілдесуге сәті түсті. Мұхиттің ар жағынан келген бикеш Қазақстан үшін де бөтен тұлға емес. Себебі, ол 2005-2008 жылдардың аралығында Американың Қырғыз Республикасындағы елшісі ретінде қызмет етті. Қырғыз тілін де біршама меңгерген М. Йованович. Демек, бауырлас елде ірі мемлекеттің өкілі болған соң, әлгі бикеш қазақтарды да әжептеуір түсінуі мүмкін. Әйтеуір, американдықтар жарап тұр! Украинаның аймақтық тұтастығын, Қырым татарларының мәдени мен рухани дербестігін қолдап отыр.

Алайда, АҚШ-пен салыстыранда, Қырым татарларына әлдеқайда жақын Қазақстанның ресми өкілдері қаралы шараға қатысуынан бас тартты. Украинадағы ҚР елшісі Самат Ордабаев төбесін көрсетпеді. Әрине, бұл қателік. Қазақстанның да жағдайы оңып тұрған жоқ. Солтүстік аймақтарымызға төнген қауіпті естен шығармауымызға тиіспіз. Озбыр, соғысқұмар Ресеймен шекарамыздың бекітуінің орнына, бауырлас әрі бейбіт Өзбекстанмен шекарамызды тікенек сыммен құлыптадық. Әлбетте, өзекеңдердің де қыңыр тұстарын ұмытпауымыз керек. Бірақ, Тәшкен әміршілері Украина мен Сириядағы соғыстарды жүргізбейді, Мәскеуге ұқсап радиациялық пен химиялық терактілерді өткізбейді.

Сонымен, еліміздің тәуелді жағдайына тағы да куә болдық. Бостандық қол жетпес армандай сағымдайды көзіміздің алдында.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
9 views

Leave a Reply