Қазақтың кішіпейіл батылдығы

Жаңа 2019 жылдың тойлауының үстінде, Қарағанды қаласындағы армян лаңкестері Рақымжан Жансейіт атты қазақ баласын пышақтап өлтірді. Көп жағдайларда, ызақор әрі кекшіл қапқаздықтар қазекеңдерден таяқ жеп, осындай қылмыс жолымен есесін қайтарады. Естеріңізде шығар, 1992 жылдың қазан айында Өскеменнің түбінде шешен содырлары қазақ жігіттерінен жеңілгеніне ашуланып, әлгі төрт сабаздарымызды ұйқы үстінде бауыздап жіберді. Әрине, осалдау қазекеңдер де жоқ емес. Қорқақ қандастарымыз да баршылық. Алайда, армян ұлтшылдардай біз метро вагондарында жарылыс жасамаймыз, біз соғысқанда шешен бұзақыларындай  тұтқынға алынған екіқабат әйелдердің артында тығылмаймыз.

Қазақтар орыс патшасымен арпалысқанда, “жанымнан – малым садақа” дегендей әскери шебіміздің алдында ірі қараны жіберетін. Мүлдем басқа мысалды келтірсек, бокстан халықаралық жарыстарда анда-санда мынадай құбылысқа куә боламыз: соққылары жойқын қарсыласынан сескеніп, пәлен боксшы жекпе-жектен бас тартады. Жарақатын сылтау етіп, шаршы алаңға мүлдем шықпайды. Қазақ былғары қолғап шеберлерінің арасында бұндай сужүректікті мен көрген жоқпын да, естіген жоқпын да. Ал, жиырмасыншы ғасырдың тарихына үңілсек, мынадай ғажайып дерекке тап боламыз. Екінші әлем соғысының барысында, “Кеңес Одағы батыры” жоғарғы әскери атағын иемдеген әйлдер негізінен славян мен ебрей ұрғашылары болған еді. Бүкіл Қапқаз бен Кіндік Азия халықтарының арасында тек қана қос батыл аруларымыз – Әлия мен Мәншүк – бұндай батырлық марапатына қол жеткізді. Желтоқсан көтерілісі кезінде де талай қыздарымыз хас ерлікпен ерекшеленіп, тарихта қалды.

Мынадай жетістігімізге қызғанғандай, былтырғы сәуір айында дағыстандық қандықол мігіт Томирис Байсафа бойжеткенімізді мәскеулік институттың төртінші қабатындағы терезесінен итеріп, өлтірді. Жемқор орыс қазы-билері әлгі қылмыскердің бай туыстарының парасын жеп, қарақшыны босатып жіберді. Ресейдегі осалдау елшіміз Тасмағамбетов алыпсатар күйеубаласының қамын ойлап, марқұм қарындасымыздың ісін қадағаламады. Абырой болғанда, әлгі армян содырлары қамауға алынған. Әрине, қарағандылық бауырларымыз ереуілге шықпаса, астаналық-сатаналықтардың үрейін алмаса армяндар да жауапкершіліктен аман-сау құтылар еді. Бірақ, қазақ пен армян езбе әкімсымақтары бірауыздан қақсап тұр: “Бұл жанжалдың ұлтаралық сипаты жоқ”. Бәрекелді! Онда, “Таулы Қарабақтағы әзірбайжан-армян қантөгісінің де ұлтаралық сипаты жоқ” айтпайсыздар ма?

Қазақтың батылдығы даңғаза емес қой. Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев әлемге әйгілі тұлғалардың қатарына жатпайтын батырларымыз. Алайда, жеме-жемге келгенде ұлтымыздың қайсарлығы үстем шығады. Негізінен қарусыз болса да, 2019 жылдың 6 қаңтарында қар басқан Қарағандыдағы қарабайыр қазақ жігіттері тіпті ғимараттың төбесінде тұрған мергендерден сескенбеді: “Қазір тауып аламыз!”

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
11 views

Leave a Reply