1984-1989 жылдардың аралығында жарық көрген екі томдық сөздіктің электрондық көшірмесін тұңғыш рет ғаламторда жариялап отырмын. Бұл еңбекті келесі сілтемелерден тегін жүктеп аласыздар: бірінші және екінші томдары. ЖАҢАРТУ 01.ХІ.2024 Осы сөздіктің 1969 жылғы біртомдық тұңғыш басылымын бұл сілтеме арқылы жүктеп аласыздар.
“Арабша-қазақша түсіндірме сөздік“-тің құрастырушысы – еліміздің атақты саясаткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904-1989). Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы мен Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы секілді аса жауапты лауазымдардың иесі Нұрекең, зейнеткерлікке шыққан соң тіл біліміне өз үлесін қосуға тырысты. Әрине, оның лексикографиялық ізденістері отандық ғылым үшін біршама пайдалы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, соның өзінде атамыздың кітаптарында әттеген-айлар да жоқ емес.
Ең алдымен, ақсақал араб зат есімдері, етістіктері мен тағы басқа сөздерін келтіріп, олардың қазақ аудармаларын ұсынды. Бәрекелді! Алайда, Нұрекең соған қанағат тұтып, жәй араб сөздерінің тізімін келтірді. Араб классикалық пен қазіргі әдебиетінің ешқандай мысалдары келтірілмеген. Бұндай шектеулі көзқарас осы кітаптың ғылыми құндылығын едәуір төмендетеді. Сонымен қатар, қазақ мысалдарының да кемшіліктері баршылық. Пәлен үзіндінің кім жазғаны көрсетілген, бірақ осы мысал қай шығармадан алынғанын келтірілмеген. Қаламгер Дмитрий Снегин немесе “Правда” газеті үзінділерінің қазақ аудармалары осы кітаптың құрамында кездестіріледі. Бірақ, кез келген сөздікте мысал ретінде аударылған үзінділерді келтіруге болмайды. Тек қана, түпнұсқа тілінде жазылған шығармаларды пайдалануға болады. Осы сөздіктің редакторы және Нұрекеңнің досы, профессор Әбдуәли Қайдаров (1924-2019) дер кезінде осындай олқылықтарды байқамай, құрметті ғылыми атағына лайықты еместігін көрсетті.
Мен Нұрекеңмен етене жақын болған адамдармен араластым, олардың естеліктерін ұқыпты түрде тыңдадым. Ақсақалымыз шошқа етін тамсана жеген екен, аралас некеде туған балалары ана тілін мүлдем білмеген. Оңтүстіктің тумасы Оңдасынов орекеңдердің алдында өзінше бәйек қақты. Өз кезегінде, орекеңдер де Нұрекеңді көбінесе жақтады. Мысалы, оның немересі Валентина (1951- ) атақты киноактриса Людмила Хитяеваның (1930- ) келіні болған екен. Нұртас Дәндібайұлымен танысқанда, әлгі казачка бикеш, қылымсып, ақсақалымыз жайында елдің көзінше айтпай ма: “Бұл кісі күні бүгінгі дейін кет әрі емес екен“.
Әлбетте, бүгінгі таңда да қазекеңдер арасында бұндай кемшіліктер орын алуда. Мәселен, журналис Қабдрахман Наурызбаев пен заңгер Толқынай Мақашеваның будан немерелері Алматы қаласының тұрғындары болса да, қазақ тілінен шорқақ. Сондықтан, ақсақалды жазғырудың дұрыс санамаймын.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.