Тоқаевтың әкесі кім?

Елде не көп, гу-гу әңгіме көп. Кейде, күтпеген жерден қызық ақпарат түседі. 2018 жылдың желтоқсаны. Мәскеудің Сокольники ауданы. Көпұлтты Дағыстанның өкілі Забит Эмирхановпен әңгіме-дүкен құрдық. Бірте-бірте саяси тақырыптарға ауыстық. “Білесіз бе, неге ірі саудагер Тельман Исмаиловтың жолы болмады?” – таулы өңірдің тумасы сұрады менен. Мен жауап қатпаған соң, Забит бауырымыз өз ойын жалғасты: “Өйткені, Тельман Марданұлы президент Путиннің зайыбы Людмиламен көңілдес болып, Владимирдің қаһарына ұшырады. Қызғанған президент әлгінің сауда империясының тас-талқанын шығарды”. Рас па, өтірік пе? Қайдан білейін… Бірақ, оқиғалардың тізбегін ой елегімізден өткізсек, қызық тұжырымдар пайда болуы мүмкін. Қапқаздық алыпсатардың ең құнды мүлігі – Мәскеудегі Черкизов базарының жұмысы 2009 жылдың 29 маусымында тоқтатылған. 2013 жылдың 6 маусымында, Путиндердің ажырасуы туралы  Владимирдің өзі жариялады. 2015 жылдың желтоқсанында, Исмаилов мырза ресейлік қазы-билердің шешімі бойынша банкрот боп танылған. Көп ұзамай, қызба қанды саудагер шетелге қашты.

Бір жылдан кейін, 2019 жылдың қараша айында, Кремль жанындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының ғимаратында Қырғызстан президентігіне бұрынғы үміткер, медициналық ғылымдардың докторы Кубанычбек (Қуанышпек) Апаспен таныстым. Оның әкесі де социалисттік Қырғызстанда үлкен лауазымның иесі болған. Демек, Қабекең баяғыдан бері саяси өмірдің мән-жайына қанық жандардың бірі. Қазақ саясатына да қызыгушылығын білдірген Апас дәрігер менен сұрамай ма: “Дәке, жаңа президенттеріңіз Қасым-Жомарт Тоқаев танымал дипломат Евгений Примаковтың бел баласы екендігі шындық па?” Өзім де аң-таң болып қалдым. Шынтуайтқа келгенде, бұндай жағдай үш ұйықтасам түсіме кірмейтін еді. Алайда, осы мәселеге ой жүгіртіп, әбден толғандыратын жәйттерге тап болдым. Ең алдымен, олардың бет-әлпетінің ұқсастығы бар: Қасекеңнің жемсауы Евгений Максимовичтің салбыраған иегінен айнымайды.

Тоқаев мырзаның мансабы да ерекше болғандығы жасырын емес. Кеңес заманның өзінде, Қасекең Қытайдағы КСРО елшілігінде жоғары лауазымды иемдеді. Сол кезде, ұлты қазақ дипломаттарды көбінесе африкандық мемлекеттер немесе Монголия секілді осалдау азиялық елдерге жіберетін ұлтшылдау КСРО сыртқы министрлігі. Ал 1975 жылы, жиырма екі жасар Қасекеңнің қасқа жолы әлем қаржы мен сауда орталықтарының бірі Сингапурдағы КСРО елшілігінде басталады. Ресми деректерге сүйенсек, Қасекеңнің әкесі – қатардағы жазушы, шешесі – кәдімгі педагог болып табылады. Сонда, болашақтағы ірі дипломат Тоқаевты кім іс жүзінде қолдады? “Завтра” апталығының пікірінше, тәжірибелі тыңшы Примаковтың нақты әкесі – танымал әдебиеттанушы Ираклий Андроников. Ресми әкесі жоқ, Тбилиси қаласында дәрігер шешесінің қолында өскен әлжуаздау балақайдың тәкаппар Мәскеудегі қарқынды мансабында сыры неде? Женяны кім іс жүзінде қолдады? Олай болса, Қасекеңнің шежіресі тіпті мақтанарлық дүниеге айналмақ! Өйткені, оның атасы – аса білгір зерттеуші, Гүржістанның Андроникашвили ақсүйектердің тұқымы Ираклий Луарсабович болыпты-мыс!

“Ер кезегі үшке дейін” демекші, тағы бір қызықты әңгімені айтайын. 2015 жылдың қоңыр күзі. Алматы қаласының кітап дүкендерінің бірі. Заң ғылымдарының пәлен қызметкерімен сырласып, мынадай хабарды естідім. Жетпісінші жылдардың екінші бөлігінде, халық шаруашылық институтында нашар оқитын студент болыпты-мыс. Оның аты-жөні – Болат Өтемұратов. Оның бағалары құлдырай бастаған соң, институттан аласталады. Енді, сол уақыттың қатаң талаптары бойынша, Өтемұратов жолдас әскерге шақырылады. Бірақ, оның ағасы Алматы қаласының сол кездегі Бақыров деген әскери комиссарымен  уәделесіп, нәзік інісін әскердің қыспағынан құтқарады. Социалисттік кезеңде де іскерлігін танытқан Өтемұратовтар әскери комиссарды тақырға отырғызып, ешбір “рақметін” айтпады.  Иә, ақша жасаудың күрделі ғылымы әркімнің қолынан келмейтін нәрсе!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Leave a Reply