Макаңның қамшының сабындай қысқа өмірі

Тартылған теңіздің басты айлағы саналатын Арал қаласы бірнеше белгілі адамдар үшін кең дүниенің есігі болған: ұлы жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісов, еліміздің тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қараманов, Ресей әскерінің генерал-лейтенанты Лев Рохлин… Алайда, көпшілік білмейтін тарихи кейіпкерлеріміздің бірі де әлгі қалада дүниеге келді. Ұзекең мен Қазақ КСР Балық шаруашылығының бұрынғы министрі – аралдық Құдайберген Саржановтың құрдасы, олармен бірге Т.Г. Шевченко атындағы №13 орта мектепте оқыған Малқаждар Тілеужанұлы Ізбасаровтың (1937-1971) жөні бөлек. Бойшаң, тепсе темір үзетін жігіт Теміртау қаласындағы қазақстандық Магнитка – Қарметкомбинаттың тұңғыш құрылысшыларының бірі. Ол – саясаткер Дариға Назарбаеваның биологиялық әкесі болып табылады.

Арал қаласындағы Малқаждар Ізбасаровтың үйі.

Туған-туыстары, достары Малқаждарды “Мака” деп атайтын. Осы көгілдір үйде Макаңның балалық, бозбала шағы өтті. Генсек Леонид Брежнев пен боксшы Майк Тайсон тәріздес, ол да қолға үйретілген құстарға қызығушылық танытып, көгершін өсірді. Жастайынан тентек боп жүрген кейіпкеріміздің руы – Құрманай, даңқты Жанқожа батырдың тұқымы. Жасыратыны жоқ, ол нашар оқып, 1956 жылы он тоғыз жасында мектепті әрең дегенде бітірді. Оның нөмірі 172418 кәмелеттік аттестатында бірде-бір “бестік” баға жоқ. “Алгебра”, “Астрономия” мен “Қазақ әдебиеті” пәндерінен ғана “төрттік” бағаны алып, қалған пәндер үшін М.Т. Ізбасаровқа “үштік” баға берілген. Премьер-министр Виктор Черномырдин мен әкім Серік Үмбетов те дәл сондай ортанқол бағалармен мектепті бітірген. Оған қоса, оның қылықтары да тәртіпсіздік санатына жататын. 2020 жылдың 4 маусымында, бұрынғы аралдық милиционер Болат Кімбаев маған мынадай ақпарат берді: “Малқаждардың бұзақылығы бойынша қылмыстық іс қозғалған-мыс”.

Көпбалалы отбасының түлегі Макаң (оның алты туған ағайынды-қарындастары болған) мектепті бітіріп, бірден Теміртау қаласына аттанды. Дәл сол 1956 жылы, оның ағасы Маулетдин де И.В. Сталин атындағы Мәскеулік теміржол инженерлерінің институтын тәмамдап, жас маман ретінде Теміртауға келді.  Осы уақытта, Орталық Қазақстандағы бұл елді мекенде аса маңызды Қарағанды металлургиялық комбинатының құрылысы басталды. Ағайынды Ізбасаровтар алғыр, пысық жігіттер болып-ты. Мәселен, 1959 жылы Маулетдин Алматы қаласының Сталин ауданы (қазіргі Алмалы ауданы) әкімі Рақымжан Қилыбаевтың қызы, сәулетші Маянға үйленді. Өз кезегінде, алпысыншы жылдардың басында Малқаждар қарағандылық саудагерлердің ерке қызы, буфет перісі Сара Қонақаеваға үйленді.

Статья "Огненных дел мастера", газета "Темиртауский рабочий" от 6 ноября 1962 года.

Алайда, 1962 жылдың басында монтажник Макаң қауіпсіздік шараларын сақтамай, құрылыс алаңындағы биіктіктен құлап қалды. Салынып жатқан ғимараттың тас, темір бөлшектеріне соғылып, Сары Арқаның мұзды төсіне түсті аралдық құрылысшы! Көп ұзамай, қарағандылық ару онымен ажырасып, комсомол белсендісі Нұрсұлтан Назарбаевқа тиді. Олардың тойы 1962 жылдың 25 тамызында өтті. Ал, 1962 жылдың 6 қарашасында, “Темиртауский рабочий” газетінің мерекелік санында жарияланған “Огненных дел мастера” мақаласында журналис В. Жаров Нұрекең туралы былай жазды: “… ему помогает жена, Сара Кунакбаева, дежурный техник подстанции”. Ресми құжаттар бойынша, Дариға Назарбаева 1963 жылдың 7 мамырында дүниеге келді. Демек, оның биологиялық әкесі, Сараның тұңғыш күйеуін жасыру үшін 1962 жылы өмір есігін ашқан Дариғаның туған жылы өзгертілген. Айтпақшы, ресми түрде 1963 жылы дүниеге келген қылмыскер палуан Дәулет Тұрлықанов та ертерек туған. Малқаждар мен Сараның неке куәлігі түгіл, байғұс аралдық құрылысшының туу және өлу куәліктері жойылған немесе жасырылған! Өз басым, қаншама электрондық пен қағаз мұрағат материалдарын зерттесем де, Макаңның мектеп құжаттарын ғана тауып алдым.

2020 жылдың 5 маусымында оның руласы, аралдық зақымдалған мұғалім Ораз Мырзағұлов маған ашықтан-ашық айтты: “Дариға Малқаждардың қызы екендігін қалай дәлелдейсің? Бүкіл құжаттар жойылған”. Өз кезегімде, халайық, сіздерден сұрайтыным: Макаң құжаттарын жойылуы немесе жасырылуының себебі не де жатыр? Ал, 2019 жылдың 9 қарашасында Мәскеудің қақ ортасында, яғни Кремль мен Ресей мемлекеттік кітапханасының маңында, медицина ғылымдарының докторы, Қырғызстан президентігіне бұрынғы үміткері Кубанычбек Апасқа жолықтым. Бұл кісі маған дәрігер ретінде ескерту жасады: “Құжат бойынша, Назарбаевтың үлкен қызы деп саналатын Дариғаның биологиялық әкесін сөз етсең, онда ең алдымен генетикалық сараптаманы өткізілгені жөн”. Өз кезегімде, айтатыным: Назарбаев пен Дариға арасындағы туысқандықты дәлелдейтін генетикалық сараптама да жоқ, болмайды да ол!

2016 жылдың 4 тамызында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдинмен кездесуге сәті түсті. Әңгімеміздің барысында, Дариғаның биологиялық әкесі кім екендігі сұрамаймын ба? Саяси ардагер мырс етіп, жауап қайтарды: “Білмеймін. Ол туралы, бәлкім, Кәрішал Асан Атаның кітабында жазылған”.

Расында, кейінірек Кәрекеңнің Мәскеуде жарық көрген “Призрак независимости”, 1997, кітабының 44 бетінде мынадай жолдарға тап болдым: “два знатока биографии сего “президента из президентов” Е.Доцук, И.Сичка (22.2.1992) опубликовали в “Комсомольской правде” материал “19 неизвестных фактов жизни Н.Назарбаева” под завлекательным названием: “Когда он играет на домбре, вокруг все поют”. Хотя первый муж жены президента по имени Малгаждар пел, как подтверждают очевидцы, гораздо лучше. Он пел даже с эстрадной сцены и был к тому времени, по словам тех же очевидцев, кумиром тогдашней темиртауской молодежи — шестидесятников. Уход из жизни этого талантливого человека по имени Малгаждар произошел при загадочных обстоятельствах…” Шын мәнінде, Макаңның өнер қабілеттерін әжептеуір дамыған болған. 2020 жылдың 30 маусымында, оның жеңгесі Маян Ізбасар телефон арқылы маған былай деді: “Ол тіпті “Қазақконцерт” ұйымының шеңберінде Мәскеудің өзінде ән салды”. Кейбір аралдықтардың айтуынша, “Пәлен арияның орындаушысы – Малқаждар Ізбасаров” атты дыбыс жазбасы болыпты-мыс.

Ал, Кәрекеңнің әлгі кітабының 475 бетінде мынадай ақпарат келтірілген: “… образ бывшего мужа Сары Алпысовны, Малгаждара, с его трагедией: он, кстати, был убит другим отрицательным персонажем при неизвестных обстоятельствах…” 2020 жылдың 20 наурызында, Сыр өңірі прокуратурасының ардагері, атақты кәсіпкер Болат Өтемұратовтың туысы Шырын Исаева маған келесі ақпарат берді: “Нұрекең Макаңды терезеден итеріп, құртып жіберді. Сосын, қайғыға батқан Сараны жұбатып, айтты: “Қайтесің оны? Ешнәрсе етпес, бізді жарқын болашақ күтіп тұр!” Нұрекең жоғары билікке келген соң, Макаң туыстарынан осы қылмыс жайында жария қылмау туралы тілхат алғызды”. Дәл сол күні, Қызылорда қаласының қазы-билерінің бірі, Шалқар Қожантаевпен кездестім. Онымен сөйлескенде де, Малқаждар туралы сұрақ қойдым: “Оның аты-жөнін білесің бе? Білмесең, бұл жөнінде таныстарыңнан сұрастыра аласың ба?” Шакеңнің жауабы: “Білмеймін, сұрастырайын. Бірақ, бұл қауіпті мәселе”. Егер дербес құқықтылығы бар қазы-би бұндай сұрағыма қауіптене қараса, сонда оның түбінде қандай жан түршігерлік құпия жатыр?! Айтпақшы, биылғы маусымның басында Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Мәди Жасекенов та менімен сұмдық ақпаратпен бөлісті: “Макаң Нұрекеңге талай рет қол ұшын берді. Ал, рақметі жоқ Назарбаев оны құртып жіберді!”

Осы жағдайға байланысты тағы бір өзгеше кездесу есіме түседі. 2015 жылдың қазан айының ортасында, Алматы қаласындағы “MaZaiKa” букинист дүкенінде заң ғылымдарының докторы Қабдулсамих Айтқожинмен таныстым. Бұл ғалым сыр шертті: “Сара Алпысқызы әдемі қыз болды. Көптеген жігіттер оған ғашық болды. Назарбаев Сараны қызғанып, оның тұңғыш күйеуінің өлтіруіне ат салысты. Саясаткер Заманбек Нұрқаділов осы оқиға бойынша қозғалған қылмыстық істің көшірмесін тауып алды да, Назарбаевты бопсалай бастады. Сондықтан, президент бұрынғы әкімді жойып жіберуге бұйрық берді”. Бірақ, 2020 жылдың 10 маусымында менімен дидарласқан Малқаждар Тілеужанұлының досы әрі көршісі, Данияр Қосмамбетов, әлгі қылмысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, 1962 жылы аралдық құрылысшы өндірістік апаттың құрбаны болып, екі жыл бойы Мәскеуде емделді (өз кезегімде, айта кетейін: оның ағасы Маулетдин мәскеулік аспирант болған соң, інісінің емделуіне қамқорлық жасады-мыс – Д.Н.). Елге қайтқан соң, шамамен 1964 жылы Макаң Теміртауда дүниеден озды. Айтпақшы, Данияр Қосмамбетов ақсақалымыз Дариға ханымды Арал қаласына шақырады: “Оның әкесін танитын тірі қалған аз адамдардың бірімін. Дариға ханымға Макаңның өмірі жайлы айтамын, оған қатысты үй-орындарды көрсетемін”. Сонымен қатар, Дакең Макаңның жақсы төбелескендігін де тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының жалған тұстары туралы тағы бір куәгер маған мәлімдеді. 2016 жылдың 10 тамызында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген металлургы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы иегері Ағыбай Бектасовтың қонағы болдым. Ақсақал Нұрекеңмен бірге Теміртауда жұмыс істеді. Оның айтқаны: “Ант етемін: Дариға – Нұрсұлтанның қызы емес! Теміртау металлургтерінің мәдениет үйінде ән айтатын жігіт болды. Ол – Дариғаның биологиялық әкесі болып табылады”. Оған қоса, қара металлургияның ардагері сол кездегі Қазақстан президенті жөнінде біраз сыншыл сөздерін айтты: “Нұрсұлтан – металлург емес. Ол комсомол, партия белсендісі ретінде көбінесе жиналыс, фестиваль, митингтерге қатысатын. Ал, біз дәл сол уақытта Қарметкомбинатта тер төктік”. Бірақ, ақсақал: “Ұмыттым!” деп Мақаңның аты-жөнін айтпады.

Ал, 2016 жылдың 24 қыркүйегінде “Жалын” журналының Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлығының иегері Гүлсім Оразалықызымен кездестім. Бұл кісі “Орталық Қазақстан” газетінде жұмыс істеді. Демек, ол Қарағанды мен Теміртаудың мән-жайынан хабардар адам. Сонымен қатар, журналис Гүлсім атақты қызылордалық геолог Шахмардан Есенов туралы кітап жазған. Демек, ол Сыр өңірінің жағдайын да жақсы біледі. Малқаждар туралы маған айтылған әңгімесі: “Сарамен ажырасқан соң, ол ішімдікке салынды. Сол себептен қайтыс болған, шығар”. Мәскеуде жарық көрген және де авторы белгісіз (мүмкін, оны қарағандылық саудагер Сыздық Әбішев жазған) “Исповедь государя”, 1998, кітабының 13 бетінде Сара туралы былай жазылған: “… бросив больного мужа в Кызыл-Орде, она также рванулась в романтические места”. Айтпақшы, бұрынғы әкім Виктор Храпунов Дариғаның ішімдікке қарай әуестігін сөз етті. Мүмкін, осындай жаман әдет те ән салу қабілетімен бірге әкесінен дарыды бұлбұл бикешімізге.

Қалай десек те, диктатор отбасы мен Арал қаласы арасындағы байланыс білініп тұр. Тоқсаныншы жылдардың басында, Сара Алпысқызы екінші күйеуімен бірге Арал қаласына сапар шекті. Жергілікті ақсақалдардың тобы президент жұбайымен кездесуге ұмтылып, ағынан жарылды: “Келініміз қайда?” Әрине, тұңғыш күйеуін ұмытпай, Сара ханым бұрынғы ата-енесіне қолынан келгенше қамқорлық жасайды. Аралдың қызы Дариға да төркінінің қамын жейді. Мысалы, Маулетдин Ізбасаров және оның бала-немерелерінің экономика ғылымындағы сәтті мансабына да келіні мен қарындасының септігі тиді. Сыр өңірі Дариғаны қанына тартып тұр ғой. Оның тұңғыш күйеуі – Рахат Әлиевтың ата-бабалары қызылордалық Төменарық ауылынан шықты. Кезінде, Дариға мен Рахаттың ең сенімді әріптестерінің бірі – миллиардер Болат Өтемұратов – аралдық жігіт Өтемұраттың немересі болып табылады.

Еліміздің басқа аймақтарын саяси тұрғыдан  алып қарағанда, Сыр өңірі біршама тыныштау екен. Себебі, көптеген қызылордалықтар Дариға ханымға үміт артатын: “Қызымыз президент болса, тіпті Арал теңізінің қалпына келуі әбден мүмкін. Себебі, орыс басшыларымен достас Дариғамыз артық суы көп Ресейдің солтүстік өзендерін тартылған көлімізге қарай бұрғызбақ”. Ақмоланың айтағындағы қуыршақ-сайқымазақ болса да, қазақ пен орыс тілдерінде сайрап тұрған аралдық ысылған саясаткер Әміржан Қосановтан үрейленіп өмір тәжірибесі банкет пен жиналыстармен шектелген орыстілді Қасым-Жомарт Тоқаев президентікке үміткерлердің арасында бетпе-бет пікірталастан бас тартты. Енді, президенттікке жетелейтін жол Дариға үшін де кесілген. Сайлаудың мәреге жеткен кезінде ынжық боп шыққан Әміржан Қосановтың абыройы да айрандай төгілді. Демек, момын қызылордалықтар екеш қызылордалықтар да дүрлігіп кетуі мүмкін: “Неге Ақмола біздің үміткерлердің жолын кеседі?!”

Тағы бір айта кетерлік жайт, осыдан жиырма жыл бұрын аты аңызға айналған әншіміз Роза Бағланованың ізбасары, қазалылық бұлбұл Мәдина Ерәлиева туған топырағында жол апатына түсіп, қаза тапты. Онымен қатар тағы біраз адамдар мерт болды. Тек қана, оның күйеуі – Нұрсұлтанның аналас інісі Болат Назарбаев – аман-сау қалды. Қазалы, Арал жұрты зар қақты: “Әншімізге қастандық жасалған!” Әрине, парақор құқық “қорғау” орындарының “тергеуі”-нен тұшымды нәтиже шықпады. Демек, жұмбақты жол апаты әлі күнге дейін қарама-қайшы пікірлерді тудырады. Енді, басты тақырыбымызға оралсақ,  “В ритмах вальса и квикстепа. Невесты юности Нурсултана Назарбаева” мақаласында оғаштау дерек келтірілген: “В то время за Сарой Кунакаевой ухаживали несколько молодых металлургов. И они отнюдь не обрадовались новому конкуренту. По воспоминаниям Нурсултана Назарбаева, один из них даже пригрозил столкнуть его в доменную печь, если он не прекратит ухаживать за девушкой”.

Ұрлықтың сұлтаны Назарбай жемқорлыққа қарсы неткен шешендік сөздер қолданады! Сары орысқа атом қару-жарағымызды сыйлаған, қара қытайға қасиетті жерімізді тапсырған Нұр-Шайтан отансүйгіштік пен қайсарлық туралы шабытты баяндамаларды жасайды! Ендеше, оның: “Сарадан қол үзбесем, мені домна пешіне итеруден тайынбайтын қарсыласым болды” сөздерін басқаша түсіну керек. Әрқашан, Назарбаев көздеген мақсатына жету үшін айла-амалдарын талғамайды. Бұл жолы да, сүйікті қызын жаулап алу үшін барын салды Нұрсұлтан! Кремльге керегі сол. Әрдайым, мәскеуліктер “шаш ал десе, бас алатын” жандайшаптарын таңдауда. Және де, компромат бақылауы үшін оларға өмірбаянында масқара жағдайлары бар кейіпкерлер ұнайды. Мысалы, бопсалаушы Отари Квантришвили, әкім Амалбек Тшанов немесе алыпсатар Әлішер Ұсманов қыз-келіншектерді жәбірлегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Міне, Кремль осындай ешнәрседен тайынбайтын кейіпкерлерді әлпештейді!

Үлкен бастықтар мен қоғамдық қайраткерлердің жеке өмірі қатардағы азаматтардың тұрмыс-тіршілігінен бөлек. Бай, ықпалды адамдардың өмірбаяны бұқара халық үшін мейлінше ашық болуы қажет. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның шын фамилиясы – Блайт. Болашақтағы американдық елбасының дүниеге келуіне бірнеше ай қалғанда, оның әкесі жол апатында қаза тапты. Ал, төрт жылдан кейін оның шешесі Роджер Клинтонға тиді. Міне, бұл деректер көпшілікке мәлім. Ал, Қазақстанда үлкен бастықтардың жеке өмірі көптеген жағдайларда жасырылады. Мысалы, министр Зағипа Бәлиеваның алты балаларының екеуі – оның туған балалары емес. Өйткені, Бәлиева ханымның туған інісі өлтірілді. Сондықтан, Зағипа сұлуымыз арманда кеткен марқұмның қос балаларын асырап алды.

Сайып келгенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты келе жатқан 80-жылдығымен шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық тілеймін! Өйткені, бұл кісі әлі қоғамымыздың мазасын алатын көптеген сұрақтарға жауап бермеді. Сондықтан, әділ тергеу мақсатында бізге тірі, мықты Назарбаев керек! Алайда, еліміздің билік тізгінін ұстаған мәсімов-құлыбаев-қасымовтар жоңғар ақсақалымызды тірідей жерлеуге даяр! Жалған пандемияны сылтау етіп, бүкілхалықтық деңгейдегі Нұрекеңнің мерейтойын атап өтуге тыйым салды әлгі кесірлі “үштік”. Кең көлемдегі мерекелік шаралардың орнына, ас беруге ұқсайтын қайғылы жиындар өткізілуде. Мысалы, Ақмола қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында қабірдің басына қойылатын көктасқа ұқсайтын Назарбаевтың ескерткіші орнатылған. Демек, Нұрекең хал үстінде жатыр әлде аталған “үштік” елбасыны іс жүзінде тақтан тайдырып кетті.

Share Button
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
984 views

Leave a Reply