Ерге жарамайтын “достық”

Қазақта не көп – боксшы көп. Көшедегі сотқарлардан бастап, әлемдік додаларда атой салатын былғары қолғап шеберлеріне дейін ер адамдарымыздың дені “бокс” десе, ішкен асын жерге қоятын. Сондықтан, осы спорт түрлерінің біріне қойылатын назарымыз – ерекше. Алайда, соңғы уақытта намысты қолдан бермейтін боксшыларымыздың арасында мігіт “қасиеттері”-мен оқшауланатын пенделер байқалуда.  2002 жылдың басында, ақтөбелік содыр Қайрат Ізбасардан таяқ жеген олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов биылғы жылдың басында бейбіт, әлсіз жандардан әлгі төбелестің есесін қайтарғандай парақор билікке қарсы өткен саяси шеруді зорлық-зомбылық тоқтатуға үлес қосты. Енді, Қара Орданың арандатушысына (“титушка”) айналған қоянжырық Ерекеңнің баяғы ер-намысы мен батырлығы құрдымға кетті.

Бейнелеп айтқанда, спорт ағасының жолын қуатын інілері де жоқ емес. “Інісі бардың, тынысы бар” демекші, төртпақ қарақалпақ-ақтаулық Ердос Жаңабергенов томпаңдап, жамбылдық ізашардың ізбасарына айналмақшы. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен биылғы Азия біріншілігінде оғаштау оқиға орын алды. Өзбекстан үшін өнер көрсететін сарт Баходыр Жалолов пен қарақалпақ Елнұр Әбдірайымов есімді боксшыларды қазақ төлқұжаты бар Ердос мейлінше тауықпен тамақтандырды. Демек, отандық былғары қолғап шеберлерінің қас қарсыластарына қолдау көрсетті Жаңабергенов мырза.

Қарақалпақ-ақтаулық спортшының өмірбаянында осыған ұқсас сүреңсіз қылықтар бұрын да орын алған. Мысалы, Қытайда өткен 2005 жылғы әлем біріншілігінде көбінесе дарынды ұйымдастырушы Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың арқасында ол жеңіске жетті. Бірақ, керемет жетістікке қуанып, Ердос “Қазақстан!” емес – “Адай! Адай!” айқайлағанын жөн санады. Осындай жікшіл әрекеттерден рушылдықтың кесірі тамыр жаяды. Бұндай жиіркенішті оқиға туралы 2005 жылдың соңында маған журналис Асқар Омаров мәлімдеме жасаған. Қазір, ол “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігі” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып табылады.

Бәлкім, қарақалпақ Жаңабергеновтың қазақтарға қарай жасырылған реніші бар. Алайда, өз басым Ердосты оңбай сабаған шешен көкжал арланы Артур Бетербиевті пәлен қазақ тамақтандырғанын көрмедім. Өзге қазақстандық боксшы ірі жеңіске жеткенде, қазақ мемлекетінің атауы орнына пәлен рудың атын айқайлағанынан хабардар емеспін. Ердос-Портостың күмәнді жүріс-тұрысын үлгі ететін қазақстандық боксшылар да жоқ емес. Мысалы, 2008 жылдың желтоқсанында “Қазақтелеком”-ның қолдауымен бір топ қазақстандық былғары қолғап шеберлері АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізді. Олардың арасында семейлік боксшы Семён Упоров болды. Әлгі Секең жергілікті қыздармен сөйлескенде, “мен Ресейден келдім” айтатын. Упоров мырзаның сатқындау сөздері бар бейнежазбасын маған онымен бірге Америкаға барып қайтқан  боксшымыз Қанат Алтаев көрсетті.

Share Button
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
26 views

Leave a Reply