ФСБ жандайшаптарының қазақи көзбояушылығы

2022 жылғы қаңтардың қайғылы оқиғасы Қазақстан жетекшілері арасындағы шетел агенттерінің басымдылығын  қайтадан тайға таңба басқандай анық көрсеткен болатын. Тоқаевтың орысшыл-қытайшыл үкіметінің шақыруымен Қазақстанға баса-көктеп кірген бөтен әскерілері жергілікті билігінің сатқындығын тағы да дәлелдеп шықты. Осы жазбамда мен орыс арнайы қызметтерінің “қазақи” қайраткерлеріне жасаған ықпалының бірнеше мысалдарын келтіремін.

Глава СВР РФ Михаил Фрадков, слева, и председатель КНБ РК Амангельды Шабдарбаев.

КСРО мен Ресей арнайы қызметтерінің ардагері Амангелді Шабдарбаев Қазақстандағы ресейлік саясаттың құдіретті қолдаушыларының бірі. “Менің таңдауым” (“Выбор, который сделал я“), 2011, естеліктерінде жасырын жандарал-миллиардер мәскеулік бастықтары мен ұстаздарына ілтипат етті. Салыстырмалы түрде, қазақ арнайы қызметтерінің жандаралы Рахат Әлиев өзінің “Крёстный тесть”, 2009, шыншыл кітабында ресейлік әріптестерін пысқырмай, көбінесе қазақ пен батыс барлаушыларын сөз етеді.

Амангелді Шабдарбаев, сол жақта, және ФСБ төрағасы Александр Бортников.

Амекеңнің оның бастығы — қазіргі ФСБ төрағасы Александр Бортниковпен бірге түскен фотосуреттерінің маңыздылығы ерекше. Себебі, дәл осы Алекең орыс тыңшылары мекемесін жаңадан басқаруға кіріскен кезеңде қазақ атом саласын Ресейдің қарамағына табыстауы басталды. 2009 жылдың 21-22 мамырында РФ премьер-министрі Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары өтті. Оның барысында, яғни 21 мамырында, Амекеңнің жендеттері “Қазатомөнеркәсіп” басшысы Мұхтар Жәкішевті ұстап алды. Сондай кесірлі қазақтың тұтқындалуы Мәскеудің аман келген аса құрметті қонағы үшін неткен бағалы сыйлық болған еді! Әрине, Шабдарбаев жолдастың оның жетекшілері алдындағы адал қызметіне күмән келтіруге болмас. Бірақ, жергілікті тұрғындардың талап-арыздарына ысты батырсымағы әдетте немқұрайлықпен қарайды. Мысалы, әйгілі әншіміз Мақпал Жүнісованың күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың өлтірілуіне кінәлі қылмыскерлерді әшкерелеуге енжарлық танытты Амекең. Әншінің айтуынша:

“Амангелді Шабдарбаев ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаннан кейін бір жылдай өте алдына бардым. Ол мені жылышыраймен қарсы алды. Мен оған “ақшаны маған қайтарып беріпті-міс” деген қауесет тарап кеткенін айтып, сол ақшаның қайда екенін сұрадым. Ол маған: “Істі кім жүргізгенін қазір білейін” деді де, сол сәтте телефон арқылы біреумен сөйлесіп: “Курбатов екен. Ақша қайтарылды деп жүрген сол екен” деді. Ал керек болса, дедім, ақшаны ол маған қалай қайтарады? Қашан қайтарыпты, қандай куәсі, құжаты бар екен дедім…

Оның сөзіне қарағанда, Амангелді Шабдарбаев тағы да біреуге телефон шалып, Мақпалға: “Курбатовтың қашып жүргенін білесіз. Ол 500 мың долларды қалтасына басып Израильге кетіп қалды” деген.

– Ал мен: “Енді не болады – ақша сол күйі қайтпай ма? Енді мен не істеймін?” дедім. Сонымен бірге Зәкеңнің өлімі жөнінде де мәселе көтердім. “Адам өзін-өзі үш рет атуы мүмкін емес” дедім. Оның үстіне әуелі бір жерде, кейін басқа жерде жатқанын өз көзіммен көрдім ғой. “Қасақана өлтірілгені анық. Кім тапсырыс берді, қалай тапсырыс берді – білмеймін, бірақ сіз мұны ашып, халыққа көрсетуіңіз керек” дедім. Шабдарбаев маған: “Ой, Мәке, Зәкеңнің өзін-өзі үш рет атуы мүмкін емес екенін бәріміз де білеміз. Біз бұл істі қайта қараймыз. Сен алаңдамай әніңді салып, қызыңды тәрбиелеп жүре бер. Барлығы ашылады, ақша да келеді, басқа да келеді” деп жік-жіпар болды…

Алайда “ақша да жоқ”, Заманбектің өлімі де ашылмастан қалды, сөйтіп жүргенде бұл мәселелерді шешуге уәде берген Амангелді Шабдарбаевтың өзі ҰҚК төрағасы қызметінен алынып қалды.

– Оны кей шараларда алыстан көріп қаламын. Жақындаудың өзі ыңғайсыз…”

Қырымбек Көшербаев, сол жақта, Александр Бортников пен Амангелді Шабдарбаев Каспий теңізінде.

Айтпақшы, 2011 жылғы Жаңаөзен қайғылы оқиғасына дейін әлгі Александр Бортников өзінің нөкері Шабдарбаев жолдасымен бірге Маңғыстауға сапар шекті. Амекеңнің досы — әкім Қырымбек Көшербаев қос тыңшыларды құшақ жая қарсы алды. Әрине, әлгі қылмыскерлер жәй қыдыруға келген жоқ. Олардың жымысқы есептері баршылық. Гу-гу әңгімелерге қарағанда, олигарх Тимур Құлыбаев президент болуға ниеттеніп, премьер-министр лауазымын Қырымбек Көшербаевқа берер еді. Алайда, әккі ҚР президент әкімшілігінің бастығы Аслан Мұсин олардың жоспарынының Жаңаөзен қайғылы оқиғасы арқылы быт-шытын шығарды. Демек, Асекеңнің қитұрқы әрекеттерінің салдарынан Бортников пен Шабдарбаевтардың да жолы болмады.

“Я шагаю по Москве” көркем фильмінен үлгі алып, Амекең екеш Амекең де орыс бас қаласын мадақтайтын қысқа метражды деректі фильміне түсті. Демек, Шабдарбаев жолдас өнер саласында да Ресейге қызмет көрсетуге барынша тырысады.

Нұртай Әбіқаев, Ержан Өтембаев пен Алексей Кекшаев патриарх Алексий Екіншінің алдында бас иеді.

“Қазақ” арнайы қызметтері жетекшілерінің арасында Амекеңнен де басқа орысшыл қайраткерлер баршылық. Мысалы, 2004 жылдың 2 шілдесінде орыс православ шіркеуінің басшысы Алексий Екінші Мәскеудегі Чистый переулоктағы резиденциясында шоқынды қырғыз Нұртай Әбіқаев пен оның кәпір нөкерлерін қабылдады. Айыр қалпақты Нұрекең сол уақытта қазақ сенатын басқарды. Ал, үш-төрт жылдан кейін қырғыз бауырымыз Мәскеудегі қазақ елшісін міндетін атқарғанда, дәлірек айтқанда 2008 жылдың 15 қаңтарында, алаяқ досы Андрей Иванович Коржовтың докторлық диссертациясын қорғауға ресми оппонент ретінде ат салысты. Сонымен, “қазақ” мемлекет қайраткері Нұртай Әбіқаевтың басты мақсаттары айқын көрініп тұр: орыс шіркеуі мен алаяқтарына барынша қолғабыс беру.

Ғалымжан Қойшыбаев пен Рәпіл Жошыбаев патриарх Алексий Екіншінің алдында тағзым етеді.

Айтпақшы, шоқыншақ делегациясының құрамасында ҚР РФ-сында елшілігінің кеңесші-уәкілі Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев пен ҚР президенті хаттамасының бас инспекторы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев та болған екен. Демек, қазақ бюджетінің арқасында бір топ қазақстандық шоқыншақтар православдық сапар шекті. Сайып келгенде, Қырғыз мемлекеттік университетінің түлегі, Қазақстанның Қырғызстандағы қазіргі елшісі Р.С. Жошыбаев баяғыдан бері қырғыз Н.Ә. Әбіқаев пен қалмақ А.С. Кекшаевтың қамқорлығын пайдалануда. Сонымен, Р.С. Жошыбаев қазақ елінен гөрі орыс православ шіркеуі, Қырғызстан мен Қалмақстанның мүдделерін қорғауға ниеттес. Айтпақшы, Мақпал әншіміз Закеңнің қайғылы оқиғасы туралы қырғыз жандаралы Әбіқаевқа да тергеу амалдарын тездетуін жайында өтініш білдіруге ұмтылды. Алайда, бұл жағдайда да бұлбұл қарындасымыздың  жолы болмады.

"Вяземград" қонақ үйі және РФ ФСБ-ның Голицын шекара институты.

Жә, ірі жандаралдарды қайтеміз? Мәскеулік қазақтардың серкесі, құрылысшы Ғавдылрахым (Геннадий) Теміржанұлы Әлібековке біраз назар аударайық. Сонау 1980-ші жылдардың соңында бизнеске кіріскен браток-десантшы әлгі сатқын жандаралдардың сайқымазағы іспеттес. Ресей астанасының түбінде “Вяземград” (ГУЛаг-тың маңызды бөлігі “Вяземлаг”-ты еске алғандай) қонақ үйін салып, браток Гена осы отельдің РФ ФСБ-ның Голицын шекара институтының жанында орналасқанын мақтаныш етеді. Айтпақшы, омбылық братоктың жерлесі, полицай жандаралы Осман-Рүстембек Бижигітов те іскерлік танытып, мол табысқа кенелді. Өйткені, әкім Шалбай Құлмахановтың бәйбішесі омбылық ару болған еді. Осы бикештің арқасында, Осман-Рүстембек Бижигітов Шалбай-Шайбайлардың қасында жүріп, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе аймағы мен Алматы қаласының полицайлерін басқарды. Ол ол ма, жандаралдың баласы 1996 жылы қаза таппаса, Шалбайдың қызына үйленер еді.

Президент Путиннің құрылысшы Ғавдылрахым Әлібековке сыйға тартқан сағат жөніндегі жалған марапаттау қағазы.

Сатқын жандаралдардың сайқымазағы демекші, браток Гена жалған мақтау құжаттарын шығарудан да тайынбайды. Мысалы, оның үйінде 2007 жылы 23 ақпанында шығарылған президент Путиннің құрылысшы Ғавдылрахым Әлібековке сыйға тартқан сағат жөніндегі жалған марапаттау қағазы сақталуда. Браток Генаның педофил Путиннің алдындағы жағымпаздауы соншама, омбылық десантшы менің көзімше тіпті пролетариат көсемі Владимир Ильич Лениннің аты-жөнін “Владимир Владимирович Ленин” деп бұрмалады. Лубянка қылмыскерлері алдында құрдай жорғалайтын “қазақ” мәңгүрттеріне құлаққағыс: Ресейдегі қамауға алынған осетин қылмыскері Аслан Гагиевтің Заманбек Нұрқаділов пен Рахат Әлиевтің қазасына қатысы болуы әбден мүмкін. Мен осы мәселе жөнінде ресейлік құқық қорғау орындарына сұрақ қойдым. Бірақ, жалғыздың үні шықпас.

Ресей Тергеу комитетінің әділет полковнигі Руслан Тлисовтың жауабы.

Әрине, қазақстандық билік өзіне керек жағдайда Мәскеуге де ықпал ете алады. Мәселен, “президент Назарбаевты қорладың” сылтауымен 1992 жылдың 29 шілдесінде Ресейдің астанасында қазақ диссиденті Арон Нутушевті (Атабек) назарбаевшылдар тұтқынға ала жаздады. Бірақ, нағыз қанішер Аслан Гагиевке қарсы қазіргі тоқаевшылдар түкте істей алмайды. Өйткені, әлгі осетиннің қылмыс әрекеттері назарбаевшыл-тоқаевшылдардың көңілінен шығады. Айтпақшы, грузин саясаткері Евгений Примаковтың олжа баласы деп есептелетін Қасым-Жомарттың тегі — Тоқаев — осетин фамилиясы. Сонымен, исламшыл-христианшыл Назарбаевтың тұсында қамауға алынған тәңіршіл Арон Атабек ағамыз грузиншіл-қытайшыл Тоқаевтың кезеңінде беймезгіл көз жұмды. Міне, диктаторлардың сабақтастығын осындай деректерден пайымдауға болады!

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
31 views

Leave a Reply